Қалқанша безі ауруына шалдығудың басты факторлары: ағзада йодтың жетіспеушілігі, қоршаған орта, яғни экологияның ластануы мен радиация әсерінен және гормондардың өзгеріске ұшырайтын жүктілік пен менопауза кезеңдерін атап өтуге болады. Сондай-ақ бұл ауру түрі тұқым қуалайды. Адам қатты депрессия кезінде сабырлылық сақтап, өз-өзін қолға алмаса, түрлі аурулар осыдан басталады.
Аурудың алдын алу үшін күнделікті пайдаланып жүрген қарапайым тұзға мән беріңіз. Оның йодталған түрін пайдаланыңыз. Сонымен қатар дастарқан мәзіріне теңіз өнімдерін, әсіресе теңіз қырыққабатын енгізіңіз. Себебі қырыққабаттың бұл түрінде йод мөлшері көп. Ал қажет болған жағдайда арнайы дәрі-дәрмек қолдануыңызға болады.
Халықтық медицина
Сондай-ақ бұл ауру түрін халықтық медицина жолымен емдеуге де болады. Жемсау ауруының алғашқы сатысындаемен қабығы(кора дуба) шипа. Ол үшін 2 ас қасық емен қабығына 1 стакан қайнаған су құйып, 0,5-1 сағаттай тұндырып қояды. Содан соң тұнбаға бет орамалды сулап, тамақтың астына байлап тастайды. Бұл компресті түнімен қою керек. Осы емдік процедураны 2-3 апта бойына жасаса, науқас тәуірленіп қалады.
Сондай-ақ жас еменнің қабығымен мойын, қалқанша без маңын күнделікті сүртіп отырған пайдалы. Емен қабығын жіпке тізіп, бездің көлемі кішірейгенше мойынға тағып жүру керек.
Егер қалқанша безі ұлғайған болса, үккіштен өткізілгенлимон мен қантнемесе қантқа қабығымен қоса үгітілгенапельсиндіқосып, күніне 3 рет 1 шай қасықтан қабылдап отырса, ем болады.
Маман кеңесі
Дәрігерлердің кеңесіне құлақ түрсек, көктем мезгілінде цитрусты жемістерді жеген пайдалы дейді. Әсіресе лимонға көбірек мән беріңіз. Оның құрамындағы цитрин мен С дәруменінің қосындысы қан тамырлары түтікшелерінің беріктігін нығайтады. Цитрин сондай-ақ ағзадағы зат алмасу процесін жақсарта түседі.
Лимон жемісі – органикалық қышқылдарға, азоттық және минералдық заттарға, сондай-ақ А, В1, В2, Р, С дәрумендеріне бай болса, ал шырыны керемет зарарсыздандырғыш (антисептик) болып табылады. Соның көмегімен тұмаудың алдын алуға, тіпті жөтелден айығуға болады. Жылы лимон шырынымен тамақты шайса, баспаның (ангина) тез жазылуына септігі тиеді.