0 дауыс
75.9k көрілді
Арақты қоюдың қандай жолдары бар? Ішімдіктен емделу

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Араққа үйір адамдардың Ғазиз жанында белгілі бір тәртіп бағдарламасы бар. Бұны «маскүнемдік бағдарламасы» дейді. Ол тұқыммен беріледі немесе тіршілік кешу барысында рухани соққы алудың әсерінен қалыптасады. Маскүнемдікті емдеу үшін осы бағдарламаны тауып, оны залалсыздандырып, салауатты өмір сүру тәртібінің жаңа бағдарламасын құру керек. Басқаша айтқанда, ескі әдеттен арылып, жаңа әдетті қалыптастыру қажет.

Қазіргі  медицина қолданып жүрген (ампула тігу, ине шаншу, дәрілер, шәй, құлыптау-кодирование) тек қана ауруды Ғазиз жанның тұңғиығына онан әрмен батырып, уақытша жеңілдік әкеледі. Психиканы бұлай зорлау, мінез-құбылысының өзгеруіне әкеп соғады (ашушаңдық, жанжал шығаруға бейімділік, түсініксіз қылықтар, сары уайымға салыну, еркектік бел күшінің жоғалуы, немқұрайлық, жараланып аяқ-қолын сындыру т.б.).

Дәрі  мен құлыптау, шырғалаңдарды біраз уақытқа шегергенмен де, аурудың нақ себебін жоя алмайды. Нақ себеп – адамның Ғазиз жанында.
Сондықтан арақты адамның өзі қоюға әрекет етуі керек. Біздің көршіміз бір жыл емделсе де, алайда тағы да ішіп кетті..
0 дауыс
Тобасына таянатын жағдай болмағанша қоя алмайды...
0 дауыс
Сіздің міндетіңіз – ауру адамды маскүнемдіктен міндетті түрде емделу керек екендігіне сендіру. Көптеген адамдар өзімнің қолымнан келеді, ішуді өзім-ақ қоямын деп емделуден бас тартады. Алайда, бұл тәжірибе жүзінде іске аспайды. Алкогольге тәуелділік – бұл ішкен адамға ғана емес, сонымен қатар күнделікті күйзелісте жүретін оның туыстарына да, ауыр әсер ететін сөзсіз қиын ауру. Бірақ алкогольге тәуелділікті жазылмайтын ауруға жатқызуға болмайды. Алкогольге тәуелділікті емдеуге мұқият ойланып кірісу қажет. Оны емдеудегі әрбір ойланбай жасалған қадам қайта айналып келмейтін зардаптарға, ауру ағзасының қайта орнына келместей өзгеруіне, тіпті өмірімен қош айтысуына да әкеліп соғуы мүмкін. Кәсіби көмек алу үшін сіз тұрғылықты жеріңіздегі емханаға, арнайы емдеу-сауықтыру орталықтарына, жеке медициналық мекемелерге, ғылыми-диагностикалық орталықтарға баруыңызға болады.

Әдетте емдеу курсы үш сатыдан тұрады:

1) спирттік сусындардан абсолютті бас тарту, алынған токсиндерден ағзаны тазарту және белсенді алкогольге қарсы емделуге психологиялық дайындық;

2) жиілікті емдеу үдерісі;

3) ұзақ көмекші терапия.

Ең бастысы ауру адамды өз қайғысымен жападан-жалғыз тастауға болмайды. Бұл үлкен шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Мұндай құрбандықсыз сіз үшін қымбат адамды алкогольге тәуелділіктен айыру қиын болады, ал көп жағдайда тіпті мүмкін емес. Ішетін адамға қалай көңіл бөлу керек? Әрбір отбасының өзіндік бағыт-бағдары, құндылықтары, әдет-ғұрыптары бар. Сондықтан да туындаған әрбір проблеманы дербес шешуге тура келеді. Дұрыс шешімінің нәтижесі табыстың 90%-ы екенін естен шығармаңыз. Сенің керек екеніңді, сені бәрі жақсы көретінін түсіну – бұл күресуге деген үлкен ынта.

Жанжал – бұл жұбанышты басқа жақтан іздеуге түрткі болады, күмән туғызатын «достардың» өмір сүру мәні – тек «ішуді» іздеу ғана. Мұндай орталарда тұлғаны азғыру көз алдыңда өтеді.

Алкогольге тәуелді адам салынып ішкен кезінде немесе ішкісі келген кезінде оны ұзаққа жібермеуге тырысыңыз. Мұны жәй сөзбен қинамай айту керек.

Маскүнемдікпен ауыратын адамға отбасы қалай көмек бере алады:

- Үйде алкогольді қабылдамайтындай жағдай туғызыңыз, үйдегі ешбір зат ауру адамға ішуді еске салмауы қажет немесе қайта бастап ішіп кетуге итермелемеу керек. Бірінші рөмкені алып қойған екен, барлығы да құрдымға кетеді. Сондықтан мүмкіндігінше, көз алдынан спирттік ішімдіктерді ғана емес, сонымен қатар, үйдегі сәйкес атрибуттарды да (рюмка, бос шөлмек, штопор және т.б.) алып тастаңыз.

- Сіздің үйіңіздегі отбасылық отырыстар ішімдіксіз өтуі керек. Егер сіздің қонақтарыңыз  немесе сіздерді қонаққа шақырған үйдің қожайыны мұны түсінгісі де келмесе – онымен бірге отырыста болудан қашу керек.

- Сіздің туысыңыз көп уақытын сізбен өткізгісі келетіндей жағдай жасаңыз – сол кезде ол адамда «достармен жиналайық» деген қашып құтыла алмайтын, азғыруға еріп кетуден құтылу мүмкіндігі болады.

Ішуді қойған адамға науқас адам сияқты емес, үлкен күрес жүргізген және де сыйлауға лайық адам ретінде қараңыз.
0 дауыс
Арақ қойдыратын Атыраулық бір адамды білемін. Тән мен жанды емдеп, сүрелермен кодтайды. Бірақ көріпкел емес. Туыстарымның біразы барған результат бар, Аллаға шүкір. Телефоны 87759003159
0 дауыс
Адамнын санасына бермеген сон,барибир тук шыкпаит
0 дауыс
Адамның санасы қалай қалыптасса солай кетет. Сондықтан маскүнем адамның санасына əсер ететін қайғылы оқиға не қуанышты жағдай болса қоюы мүмкін. Жастайынан санасына дұрыс тəлім-тəрбие құю керек.
0 дауыс
Қалай арақты қойдыруға болады

әкем ішеді анаммен ажырасып кетуіде мүмкің сол үшің көмектесіңіздерші
0 дауыс
Менин акем коптен бери ишеди.  Бир рет ишимдиктен айыктыратын адамга апарип 6 айдай жаксы боп ишпей журди. Сосын тагы бастады.  Казир куниге кунде ишип келеди акша таппасада арагына тауып ишеди кейде акшаларын жогалтып кайда тусирип алганында билмейт ес тусин билмейт ишсе озинен ози сойлеп кейде коркамын санасы ишимдиктен бузилган Бир денке боп калмайма деп, есин билмейди озине кол жумсаудан да тайынбайды ози авганста болып кан корген диктен озине кол жумсау тук емес сыякты коринет Казир жасы 50 ге келди ишип жургенине 10 жылдан асты. Мамам да шаршады ишип келген адамнын жагдайын куниге корип.. маган кенес бериниздерши
0 дауыс
Арнайы дәрі бар аптекада эспираль, инструкциясы бойынша қабылдау керек.
0 дауыс
Аракты немесе нашаны коюга жэне де маскунем немесе нашакор адамнын туыстарына комектесетин 12 кадамды программа бар. Казакстанда ар улкен калада 12 кадам топтарына косылуга болады (ешкандай акша толенбейди, тек шын ниет керек) : aaorg.kz
...