0 дауыс
467 көрілді
2015 жылдың Ең үздік фильмі қай фильм болды ?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Америкалық Киноакадемия "Оскар 2015" жүлдесінің "Үздік фильм" аталымының иегерін анықтады. Бұл атаққа "Бердмен" фильмі лайық деп шешілді.

"Бердмен" фильмімен "Снайпер", "Балдәурен", ""Гранд Будапешт" қонақүйі", "Имитация ойыны", "Сельма", "Стивен Хокинг әлемі" туындылары бәсекелес болды.

Фильм Америкалық Киноакадемиясының 9 аталымына үміткер болған еді. Солардың ішінен ол 4 аталымды иеленді: "үздік сценарий", "үздік оператор", "үздік режиссер" және "үздік фильм". Бұған дейін "Бердмен" картинасының "Алтын Глобус 2015" жүлдесінің иегері болғанын хабарлаған едік.

Фильмнің актерлік құрамында Эмма Стоун, Наоми Уоттс, Зак Галифианакис, Эдвард Нортон, Майкл Китон, Андреа Райзборо, Эми Райан, Билл Кэмп, Джон Дуглас Рейни, Шейд Руп секілді актерлер бар.

Жүлдені марапаттау рәсімі Лос-Анджелес қаласында орналасқан Dolby Theatre киноорталығында өтті.
0 дауыс
Сұрдың 50 реңі фильмі
0 дауыс

11 қаңтар күні Лос-Анджелесте "Алтын глобус" жүлдесінің 72-ші марапатталу рәсімі өтті. Бұл жүлденің үміткерлері өткен жылдың 11 желтоқсан күні белгілі болған еді.

«Алтын глобус» – үздік фильмдер мен актерлерді марапаттайтын америкалық жүлде. Бұл сыйлық 1944 жылдан бері беріліп келеді.

Бұл жылы "Сесиль Б. Де Милль" атындағы құрмет жүлдесі актер, продюсер, режиссер әрі сценарист Джордж Клуниге бұйырды.

0 дауыс
2015 жыл әлі біткен жоқ. Сондықтан өтірік сұрақ қоя берме.
+1 дауыс
2015-жыл енді басталды емес пе?

Оданда 2014 жылдың ең үздік фильмі қандай болды деп қойсаңыз дұрыс және ақылға қонымды болар еді.Мен өзім әлі 2015-жылғы шыққан фильмдерді көргенім жоқ)
...