0 дауыс
1.9k көрілді
Мәди, Мұхит есімді сал-серілер бар ма? Олар жайлы не білесіздер?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы (1841 —1918 жж.) - қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы. Ауқатты отбасынан шыққан. Мұхиттың туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер шетінен өнерпаз (әнші, күйші әрі скрипка да тартқан) адамдар болған. Өмірін өнер жолына арнаған тек Мұхит болды. Ол ел ішіндегі той-жиындарда, ұлан-асыр жәрмеңкелерде, қан базарларда домбыра тартып, ән салды. Орынбор, Қостанай, Жаманқала, Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау облыстарын аралап, әнші даңқы шықты: "Әнші Мұхит", "сал Мұхит" атанды. Мұхит уақыт, қоғам, өмір туралы "Дүние-ай", "Зәуреш" әндерін толғады. "Паң көйлек", "Қыпшақ", "Дөң асқан", "Кербез" әндері Мұхиттың әншілік өнерінің сан-қырлы, жаратылысын, табиғатын ашады. Ойлы да қуатты, асқақ, бірде даланың жібек самалы боп желпіген нәзік, сырлы, мөлдір лиризмге тұнған әндерін асқан шеберлікпен орындай жүріп, өзінің әншілік дәстүрін жасады. Мұхит сұлу ат мініп, сәнді киінді; қасына ойыншы, саятшы, палуан, зергер, жыршы, күйшілерді ертіп жүрді; шәкірттері көп болды. Мұхит тек әнші, ақын ғана емес, күйшілік өнерімен де танылды. Ол Боғда, Есбай, Тазбала, Сәулебай, Абыл күйлерін өте әсерлі орындап, өзі де күй шығарды. Мұхиттың бір күйін Затаевич нотаға түсірген. Мұхиттың әншілік, ақындық, күйшілік мұрасын біздің заманға балалары — Шоң мен Нөу; немерелері — Шайқы, Лұқпан, Ғұбайдолла жеткізді. Мұхит әндерін орындаушылық дәстүрін ілгері дамытып, халықарасына насихаттаушы — Ғ.Құрманғалиев, Т.Ибрагимова, Н.Әбілова, т.б. Мұхит әндері жеке жинақ болып басылып, оның шығармашылығы туралы зерттеулер де жазылды. Қазақстан композиторлары Мұхиттың туындыларын өздерінің шығармашылығында кеңінен пайдаланды. Мұхиттың "Алуаш" әнін Е.Г.Брусиловский "Жалбыр", "Үлкен Оразын", "Қыз Жібек", "Дүние-ай" әнін "Ер Тарғын" операларында пайдаланды. Б.Г.Ерзакович "Айнамкөз" әнін өзінің ішекті аспаптар квартетіне ал "Зәуреш" әнін Л.М.Шаргородский мен С.И.Шабельский "Симфоньеттасына" тақырып етіп алды. 1918 жылы туған жерінде көз жұмды.

Мәди Бапиұлы (1880-1921) - композитор, ақын. Балалық шағынан өзінің әнімен және домбырадағы ойынымен даңқы шыққан. Ол Ақан сері, Біржан-сал сияқты әнші ақындармен кездесе жүріп, ол бұл халықтық өнерді жете меңгереді, олардан оқиды. Мәди жалған айыптау бойынша сотталады. Ол түрмеде туған жеріне деген сағыныштан “Қаракесек” әнін дүниеге әкеледі, онда тағдырының ауырлығын, әлемдегі әділетсіздік туралы жырлайды. Мәдидің шығармашылық мұрасы толық жиналмаған. Оның халық жадында сақталған әндері әлі күнге сыр - сымбатын жоғалтқан жоқ. Биік пафосы, еркін, жан-дүниені баурайтын оның сұлу әндері қазіргі кезде сахна мен радиодан жиі естіледі. Оның әндері Е. Г. Брусиловскийдің “Қаракесек”, “Ер Тарғын”, “Шіркін-ай”, “Мәди”, “Қыз Жібек” операларында қолданылды. Мәдидің өмірі мен шығармашылығына А. Жұбановтың, А. Бектасовтың зерттеулері, Ә. Әбішевтің “Найзағай” романдары арналған.

...