0 дауыс
3.4k көрілді

Ең кішкентай тышқанның салмағы бар-жоғы бірнеше грамм ғана. Ол ін қазады және кішкене ғана ұя құрастырып, оны астық тұқымдастар мен басқа өсімдіктердің сабағына іліп қояды. Сонда кіп-кішкентай тышқанға екі үй не үшін керек? 

3 жауап

0 дауыс
Мүмкін жауынан қорғану үшін шығар. Және тышқанның екі үйі болатынын тапқан адам кім екенін білесің бе?
0 дауыс
Кейбіреулерінің іні екіге емес бес немесе оданда көп бөлікке бөлінеді...

Екі бөліктің біреуін қойма ретінде , екіншісін дем алатын орын ретінде пайдаланады.
0 дауыс

Бұл тышқандар ыстыққа сезімтал келеді, биік шөптердің арасында өмір сүреді. Бұл тышқандарда жер астында іні және жердің бетінде ұясы болады).

Ұясын диаметрі 6-13 см етіп, домалақ пішімде салады, биіктігі 40-100 см болатын биік шөптердің сабағына бекітеді. Ол ұясы екі кабаттан тұрады. Сыртқы қабатын сол бекітіліп тұрған шөптен жасап, ішкі қабатын жұмсақ шөптерден жасайды. 

Ұяны бала өсіру үшін жазда пайдаланады. Ұяға кірер тесік болмайды, аналығы ұяға кірер кезде жаңадан тесік жасап кіріп, шығар кезде тесікті бітеп кетеді.

 

...