Азаматтық цот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері - азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен корғалатын мүдделерін қорғау, зандылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық, бұзушылыктың алдын алу. Азаматтык сот ісін жүргізудің негізгі принциптеріне зандылық, сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы, адамнын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта корғау, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, меншікке қол сұғылмаушылық, судьялардың тәуелсіздігі, барлық адамдардың заң мен сот алдындағы тендігі, сот ісін жүргізу тілі, тараптардың айтысуы мен тең кұқықтылығы, дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау, куә болып жауап беру міндетінен босату, білікті заң көмегін алуға құқықты қамтамасыз ету, сотта істі қараудың жариялылығы, сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сот актілерінің міндеттілігі, іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы жатады.