+2 дауыс
2.5k көрілді
Жолдасым екеуміз бір-біірімізді сүйіп қосылғанбыз. Арамызда екі баламыз бар. Екеуміз қазыр Астанада жұмыс жасап, пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Ботақандарымыз ауылда әжелерінің қолында. Көп қазақ жастарының отбасында кездесетін жағдай.
Менің айтайын дегенім, екеуміз былайша жақсы тұрамыз, бірақ ренжісіп ұрсысатын болсақ ол мені бірден ұра жөнеледі. Бүгін міне, жұмысқа қолым көгеріп, ернім кішкене жырылып келдім. ешкімге байқатпауға тырысып отырмын. Ал қолым көтертпейді, басым стенаға соғылып еді, айналып отырған сияқты. Отбасындағы ұрсысты неге көпшілікке ұсынады деп сөгетіндер де болатын шығар, бірақ кейде ішіңдегіні айтып, шер тарқатып, ақыл-көмек сұрағың келеді екен. Мүмкін мен сияқты таяқ жесе де сүйген адамың болған соң ажырасуды ойласаңда жолдасыңды қия алмайтын қыз-келіншектер бар шығар. Кейде өзім де кінәлі болғанымды түсінемін, ал кейде тіпті жөнсіз кінә тағып ұрғанда өлгім кеп кетеді. Балаларымды ойлаймын да ақылға жеңемін. Біздің ауылда екі жас отбасы сондай ұрсыс кезінде қатты кеткендіктері соншалықты бір-бірін өлтіріп балалары жетім қалған жағдайда болған. Сондай болып қалама деп қорқамын. Мен жұмыс жасап ақша тапсамда, көзіне көрінбейді, ешқашан ақшамды өзім барып алмаймын, екеуміз бірге жүріп банкоматтан аламыз, оған мен тіпті ешқандай қарсы да емеспін, бір отбасы болған соң соның қалауы болсыншы деп. Бір жақсысы ақшаны ұқыпты ұстайды және жинап тек бала-шағасын ғана ойлайды. Бірақ жұмыс істеген соң, ақша жинайсың, өмірде неше түрлі жағдай болады ғой. Жазда ауылға барып анасының 70-жылдық тойын жасап бердік, қартайғанда бір қуансыншы, оның үстіне біздің балаларымызды қарап отыр ғой, ол кісіге қандай жақсылық жасасақ та ана алдындағы қарызымыз ешқашан өтелмейді. Мен өзім үйдің үлкенінің бірімін, жақында сіңілімізді ұзатпақшы едік, соған біраз ақша беруге тіптен соны айтуға қорқамын, өйткені өмір бойы "сенің туыстарыңды асырау үшін жүрген жоқпын" деген сөздері жаныма ауыр тиеді. Ақшаның түбіне кім жеткен, ақша табылар, туыс табылмайды ғой, ертең олардан да қайтар, соны түсінбейді.
Қыз бала тұрмысқа шыққан соң төркінін көп ойламай, күйеуін ғана ойлау керек дейді ғой. Бірақ екі жаққа бірдей қарағанда дұрыс қой. Ақшасын беріп, көмектесіп жүріп айтса бір сәрі, алмаса оларға беріп көрген жоқ, ал мен болсам оның ұрғанынан қорқып соның ауыр сөздеріне жауап қайтарып, немесе дұрыстап түсіндіре алмаймын. аузыңды ашсаң бас-көз демей ұра жөнеледі, оның айтуынша мен өз туыстарымды мүлде ұмытып, тек қана бала-шаға, қайын-жұртты ғана ойлауым қажет сияқты. Мен жетім өскен болсам бір сәрі, қалай жоқ деп сызып тастауға болады. Менің басымдағы жағдайым басқа біреуде кездесеме екен.
Бұны не үшін жазып отырмын, білмеймін, басым ауырып, жұмыста ешкімге айта алмаған соң, жазып отырған шығармын, мені түсінетін ойын білдіретін қыздар табылатын шығар.
Сiз отбасы құрмаған жан едiңiз ғой...

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Отбасын құру үшін сүю жеткілікті. Ал оны сақтап қалу үшін шыдам мен кешірім керек.

Оқыған адам жағдайыңызды бірден түсінетіндей жақсы жазыпсыз. Әлі тұрмысқа шықпасам да сіздің не айтқыңыз келгенін түсінген сияқтымын. Ешкімге айтқыңыз келмесе осында жазыңыз, қағазға хат ретінде жазыңыз. Қатты қиналсаңыз психологтан кеңес сұрап көріңіз. Денеңіздегі жара жазылғанмен, бұл ұзаққа созыла берсе, жүректегі сезіміңізге, жарыңызға деген сеніміңізге сызат түсуі мүмкін. Алдымен қолыңыздан келгенше күйеуіңіздің жағымсыз "әдетін" тоқтатуға тырысып көріңіз. 

Мына әлеуметтік видеоны қараңызшы... Кішкентай ұл балаларға жүргізілген психологиялық тәжірибе.Оларға бір қыз баланы таныстырып, "Оған қамқор бол" десе жай ғана сыйпайды, "Күлдір" десе де айтқанын істейді. "Ал енді оны ұр" десе, ұл балалардың бәрінің қызға қол көтергісі келмейді. "Неге?" деп сұрағанда, ішіндегі бір бала "Себебі мен еркекпін!" деп жауап берді. Балалардан ересектердің үйренері көп сияқты.

+1 дауыс
Мен ұл баламын.Бірақ жауап берейін. Сіздің жағдайыңызды түсінемін. Ер адамның өйтіп қол көтергені дұрыс емес. Егер осылай жиі жалғаса берсе, ол еркекпен тұрып қайтесің дейтіндер де бар. Бірақ байыппен сөйлесіп, мән-жәйді ұғыңыз. Екі балаңыз бар екен, сүйіп қосылыпсыздар. Қазір көбі ажырасып жатады, ол дұрыс емес. Күйеуіңізбенен сөйлесіңіз, психологқа барыңыз. Құрбыларыңызбен сөйлесіңіз. Мен үйленгенде әйеліме, ешқашан қол көтермеймін. Бақыт тілеймін сізге!!! Мұңаймаңыз.
0 дауыс
Оте адеми жазыпсыз.Магыналы создер.Сиздин ойыныз оте дурыс.Озинизди балаларынызды ойлап токтатады екенсиз.Сиз оган карсы келмениз.Байыппен акылды сойлесиниз.Ман жайды акылмен тусиндируге тырысыныз.Сойлескенде адеми сойлесиниз.Урыссаныздар айкайламаныз.Соз суйектен отеди дейди гой.Оны ойландыратын катты жане жумсак создер айтыныз.(редко но метко)
0 дауыс
Күйеуіңіздің көңілі жай кезде неге өйтетінің сұрасаңыз айтып қалар.Кейде болады күйеуі жұмыстан үйге шаршап келеді, сонда әйелінің қабағы қатулы болады да, бұл ұрыс шығаруға бірден-бір себепші.
–1 дауыс
Шыдам керек амал жоқ көнесіз бәріне өзіңіз таңдаған жол ғой.Балапандарыңыз өссе тыйылар.Сүйіп қосылғасын қимайсыз олда сизден ешқайда кетпейді.Мінезін біліп тұрып тидіңіз ғой.
0 дауыс
Айелге кол котеру ол харам болып есептеледи шаригатта. Куйеуи кыздын торкиндеринде акеси, агалары, болмаса тайт деп айтар адам болмаса кей еркек осылай басынды. Озине карсы келер ешким жок екенин биледи да, сол ушин ундемей журе бермей буны оз туыстарыныз бен онын туыстарын жинап айту керек деп ойлаймын. Солар тайт демесе адет боп кетеди. Солай истегендерди коргем.
...