Қыз есімі. Қазіргі заманға сай қыздың есімі керек?
Мына аттардан бөлек бар болса.
Айнұр - ақ айдай нұрлы келеді,
Айгүл - үнемі гүлдей береді.
Айжан - о, жаны сұлу, тартымды,
Айман - мәңгіге сезім себеді.
Айсулу - жүрегі жарық - арайлы,
Айдана - қиылып, әй-әй қарайды.
Әйгерім - пах, қандай өзі әдемі?
Айсара - адалдық, сенім қалайды.
Әсел - тәп-тәтті балдай тамады,
Әсем - әрқашан, әсем қалады.
Асыл - эх, аңсаған арман ғой,
Сауле - жаныңды жаулап алады.
Қарлығаш - қанатты, қайсар қыз дейді,
Сандуғаш - мә, сұлу.. Қайтсын біздейді?
Фарида - табылмас - жылы жүрегі,
Жазира - мінезі қатты, мұз дейді.
Ажар - ажармен - бәрін таң қылды,
Шынар - о, уау! Көзбен талдырды..
Анар - шекердей, ерні қып-қызыл,
Жанар - жанары - мұңға малдырды.
Айтолқын - сөзімен ойды баурайды,
Дариға - еркелеп, көңіл аулайды.
Динара - мінезі ай-хай, баршылық!
Айбөпе - есімі, бәрін ;) жаулайды.
Үміт - оу, шіркін! Сондай... Сөз жетпес,
Талшын - арман-ай.. Ия, ия қол жетпес.
Анель - нәп-нәзік, ғажап, әдепті,
Ардақ - көңілден, естен - еш кетпес..
Қарақат - кірпікке кірпік жалғапты),
Гүлбану - жайдарлы, ашық, салмақты.
Меруерт - күлкісі... Тфай-тфай, дәл күндей,
Арайлым - ақылды, пысық, жан-жақты..
Маржан - бриллиант, жарық күлгені,
Аида - ұнайды жеңіл жүргені.
Толқын - теңіздің соққан - жүрегі,
Жұлдыз - бағалы, жұлдыз - түндегі.
Мадина - арқашан таңдай - жайнаған,
Айсәуле - еліктей тауда ойнаған.
Гүлдана - ерекше, міне