Жалпы сұрақ | 239k қаралды
239k қаралды
Дүние есігін жаңа ашқан сәби үшін дұрыс есім қою өте маңызды. Исламда есім қоюға үлкен мән беріледі, өйткені адамның азан шақырылып қойған есімі оның тағдырына тікелей байланысты
Мағынасы жақсы мұсылман есімдері балаға жақсы әсер етіп, оны жамандықтан қорғап жүреді. Хадисте: Ахирет күні сендер өздеріңнің және әкелеріңнің есімдерімен бірге аталып, шақырыласыңдар. Сондықтан балаға жақсы есім беру керек» деген.

Ислам аттары 8-9 ғасырда пайда болды. Олардың басым бөлігі – араб тілінен шыққан.

Ер есімдері

Ұл балаға Жаратқанның 99 есімін беруге болмайды.   Ұлға періште, пайғамбар, әулие, имам, елшілерінің есімдерін қойған абзал.  Ұлға берілетін  есімнің атақты, сәнді  деп таңдамаған дұрыс. Ұлдың есімін әкесіне ұқсатып қою қажет емес. Ол өзінің ерекшелігін жоғалтып алады.  Сондай ақ тарихтағы қанішерлердің есімдерімен де атамаған абзал.

Егер сізге өзіңіздің есіміңіз ұнамаса сіз кез келген уақытта мешіттің имамына барып жолығып, өз атыңызды ислам дініне сәйкес етіп таңдауыңызға болады.

Әли – жоғары, асқақ, биік

Әлім – оқымысты, білімді

Әлихан – ұлы хан

Әмин – адал, берік

Әмір – басқарушы

Аңсар – көмекші, жақтас

Арслан ( Асад) - арыстан

Артур – мықты

Аслан –  ержүрек

Ахмад (Ахмед) – мақтауға тұрарлық адам

Дамир – ар, ақыл

Даниэль (Даниял) – Құдіреттің сыйы

Данияр – ақылды, оқымысты

Қыз бала есімдері

Қыз балаға әдемі,   мінезін сипаттайтын жақсы есім беріледі.    

Азиза - бағалы, қымбатты, сұлу

Айла (Айлы) – сұлу, ай сияқты жарық

Әмина – адал, берік, өнегелі

Әмира - ханшайым, басқарушы

Әниса – жақын дос

Зарема – от жағушы

Ләзиза  – тәтті, дәмді

Лейла (Ляйле) – түн, қара шашты ару

Нәйлә – сый, сыйлық, өз дегеніне жететін

Нәримә – сыйлы, көрікті, сымбатты

Керек дерек

Бүгінгі таңда Қазақстанда жиі кездесетін есімдер тізімімен танысайық.

Ұл нәрестелердің арасында ең көп тараған есімдер:

Ерасыл –Диас –Нұрасыл -Әлихан –Мирас – Бейбарыс – Санжар –Нұрислам  –Ислам Нұрдәулет –Дамир – Руслан – Әмір – Әділет – Бекзат- Ернұр- Алдияр -Бекарыс

Қыздар арасында: Аружан –Кәусар – Аяулым –Диана – Алина –  Әмина – Мәдина – Нұрай –Айша- Айзере – Жанерке - Назерке – Іңкәр – Аяжан – Айым –Арайлым – Мерей – Анель - Айдана – Ақерке  

75 жауап

Ең жақсы әдемі керемет ұлдың есімі- Серікболсын! Ал қыздың есімі -Әсем))
КЕремет)
Адамның өмірде абыройлы, бойында адамгершілік, жомарттық және т.б. қасиеттері болса сол адамның есімі керемет болып табылады! Әркім өз атына сай болу керек ғой. Меніңше ұлдардан Абай, қыздардан Айгерім, Ардақ, Гүлдана. Осылар ұнамды басқалары да ұнамды болады. Бірақ сол атына сай болса!
оооо.......
Айдын деген бар сосын, кей кезде ұнап кетеді де, кей кезде ұнамай кетеді.
Ұл балаға:  САҒЫНЖАНЫМ,
Қыз балаға: САҒЫНҒАНЫМ - деген есімдер қалай болар екен.
Ұл балаға :Әлібек, Қыз балаға:Мерейлім
Қыздарға: Асылзат, Инабат, Зере, Ділдә, Айша
Ұлдарға: Әділет, Дәулет, Мәрт(Дениздегі емес, менің сыныптасым бар Мәрт деген, мәрттік, жомарттық дегенді білдіреді)
ұлжан мен айгеримди де косып жиберсең күшті болат
Улдын аты. ДИАС
Кыздын аты.ДИНАРА.
Оте адеми есим деп ойлаймын!
Сагыныш, Жансерик есимдериде оте адеми!
Диас ұнайды...
Ұлдыкі Алишер, ал қыздықі Динара. Меніңше өте әдемі есімдер
қыз балаға: Толқын, Жайна, Құралай, Жанерке, Гүлсезім, Ақнұр, Мархабат, Асыл   т.б. ал қазіргі заманға сәйкестендіріп: Алина, Даяна, Лаура, Аяна:o
Ұл балаға: Жарқын, Сұлтан, Нұрперзент, Аян,  Дамир, Расул, Арман, Дидар, Мейіржан деген аттарды қойса әдемі естіледі, және де осыған байланысты,,  яки адамның есіміне қарап та тағдыры сай болуы әбден мүмкін!!!(hi)
ең әдемі есім болып бөлінбейді әркімнің өз есімі өзіне әдемі. қыздардан: Ақтолқын,Кәусар, Айтбибі, Жұлдыз, Инга дегендер ұнайды өз басыма.
Әййй кілең таныс адамдарыңның есімін айттыңғооо
Қыздың есімдерінен Қаракөзайым,Гауһар,Бибумуариб (арабша)
Ұлдардың есімдерінен
Диас,Ернат т.б
Гауһар деген әдемі есім...
Байқасам, заманға сай есім іздеген сияқтысыз, мен айтып көрейін ұнағаныңыз болса аларсыз....:)
Қыз есімі: Назмина, Ақназия, Айзере, Айгүлім, Аймаджида.
Ұл есімі:   Бекарыс, Қайсар, Шерхан, Мансур, Муслим.
маған Диас,Айдын,Райымбек,Кәусар,Перизат,Аққу,Сезім есімдеріұнайды..................
Қыздарға: Асылзат, Инабат, Зере, Ділдә, Айша
Ұлдарға: Әділет, Дәулет, Мәрт(Дениздегі емес, менің сыныптасым бар Мәрт деген, мәрттік, жомарттық дегенді білдіреді)
ен керемет есим ол деген болмайды ен бастысы атына заты сай болса болды
Назерке деген ат ешкімге ұнамайма.Менімше әр адамның аты өзінің затына сай болуы керек деп санаймын. Маған ұлдың атынан: Рифхат,Кайсар, Дінасыл, Дархан деген ұнайды. Қыздың атынан: Қаламқас, Диана, Айым, Рысгул, Дария ұнайды
Менің есімім ұнамайды ма не ешкімге?:o
Өте әдемі есім сияқты...
Нұртаза ғой деймін сіздің есіміңіз білсем ия?)))))))))
Ең жақсы ұл есім- Мұхаммед. Ал қыз есімі-Айсезім
Шамалы қазақы аттар ұсынсаң....

Мұхаммед арабтың есімі...
Араб есімдері неге ұнамайды?! Мұхаммед-Аллах елшісінің есімі. Ешқандай әбестігі жоқ. Абай атамыздың есімі де Ибрахим ғой. Неге араб дегенге қашқақтайсыз.
118,186 сұрақ
304,793 жауап
153,296 пікір
67,040 қолданушы