Instagram — фотосуреттер және видео бөлісуге арналған әлеуметтік желілік онлайн қызмет. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға фильтр қолдануға, сонымен қатар оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар[1]. Instagram фотосуреттерді Kodak Instamatic және Polaroid камералары сияқты шаршы пішінінде жасайды. Мобильді фотоқолдаңғылардың көбісі қабырғаларының 3:2 қатынасын қолданады.
Қолдаңғы iPhone, iPad және iPod Touch құрылғыларымен iOS 4.3 пен, сонымен қатар OpenGL ES 2 қолдауымен Android 2.2 және жоғарырақ телефондарымен үйлесімді. Ол сәйкесінше App Store мен Google Play арқылы көпшілікке жайылады[2].
Тіл(дер)і: ағылшын, қытай, француз, неміс, итальяндық, жапон, корей, португал, испан, орыс тілі
Авторы: Кевин Систром, Майк Кригер (Burbn, Inc.)
Ашылған уақыты: 2010 жылдың 6 қазан
Instagram желісіне әр секунд сайын 58 жаңа фото жүктеліп отырады.
Дерек көз - http://kk.wikipedia.org/wiki/Instagram