0 дауыс
2.1k көрілді
Массагет сайты туралы ақпарат?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

 Массагет сайты (massaget.kz)  Бұл – сайт менiң түсiнуiмше, кiлең жастарды, студенттердi ұйыстырып отырған бiрден-бiр орта. Ондағы жазылған әр материал қазiргi заманға сай әрi жаңашыл. Сайтта тың ойлар мен соны тақырыптар қозғалады. Бозбала мен бойжеткендердiң бiр-бiрiне деген көзқарасынан, махаббатынан бастап, әдеби-мәдени мәлiмет, психология, философия, спорт бәрi-бәрi қамтылған. Жас ақын-жазушылардың танылуына, шығармаларының талдануына үлес қосып отырған бiрден-бiр сайт. Және студенттер мен оқушылар жүргiзiп отыратын арнайы блогтары да бар. Онда жастар өздерiнiң әртүрлi ойларымен бөлiседi. Пiкiрлерiн айтады.


 

0 дауыс
)))) Видео қойылмай жатыр, қалай қоюға болады? рахмет
+1 дауыс

Массагет

Massaget.kz  – танымдық, ойын-сауық порталы қазақтілді интернетсүйер қауымның дүниетаным шеңберін кеңейтуге септігін тигізу мақсатымен және қазақ, орыс тілін меңгерген не қазақ тілін үйреніп жүрген қолданушылар үшін жұмыс істейді. Портал 2012 жылдың 16 желтоқсанында ашылды. 

Біздің порталдан көптеген қызықты материалдарды қазақ тілінде таба аласыздар.

Біздің басты мақсатымыз – қазақстандық қолданушылардың таным көкжиегін Интернет арқылы кеңейту және қазақ тілін Интернеттің көмегімен дамыту.

Порталда интернеттің басқа көздерінен табыла қоймайтын эксклюзивті материалдар қазақ, орыс тілдерінде жарияланатын болады.

Форумда және блогтарда өзіңіз қалаған тілде қарым-қатынас жасаңыз!

Әрбір тіркелген қолданушыларымыз пікір білдіріп, өз жазбасын бізге жіберіп, порталымызда жариялай алады.

Қызықты ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден бізге жіберіп, өзгелерді де құлағдар етіңіз! Егер материал расымен қызықты болса, біз оны міндетті түрде жариялаймыз.

Массагетім менің!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
–1 дауыс
0 жауап
Белгісіз 23.01.2016 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...