0 дауыс
1.3k көрілді
Қазақша жақсы ән керек. 8 наурызда айтатын. Қандай әндер бар.

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

  

    Ақынның қолына қалам алғызып, шабыт беретін ару қыздарымыздың сұлулығы, еркелігі мен наздығы екені рас. Ал сол әдемі шумақтарға композиторлар кереметтей әуендер жазып, орындаушылар қазақ қыздарының сұлулығын жұрт арасында насихаттап жүр. Бүгінде қыздарға арналған әндер аз емес. 8 наурыз қарсаңында сол әндердің бірегейін жинақтадық.

Ақылбек Жеменей – Миллион қыз

Күлсе шуақ шашатұғын
Бізді әнге қосатұғын
Миллион қыз бар әлемде
Бір-бірінен асатұғын.
Ерке мінез дара туған
Дидарыңда дала тұнған
Бір жігіттің бір сұлуы бар
Бақытына жаратылған.

Қайырмасы:
Миллион (6 рет) қыздар бар
Бір-бірінен өткен сұлу,
Бірі – шекер, бірі – бал.
Миллион (6 рет) қыздар бар
Миллионның ішіндегі ең сұлуын таңдап ал.

Жүректерге шабыт берген
Сезімге сыр алып келген.
Жігіттердің өміріне
Қылығымен жарық берген.
Жүректерден тілек құрап
Жігіт қызды сүйеді құлап.
Миллион қыз болғанменен
Әттең, жалғыз жүрек, бірақ.

Қайырмасы.

«Алашұлы» тобы – Ару қыздар

Хэй, ару, ару қыздар, ару қыздар, елдің бағысыздар
Шіркін, қазақтың қыздары қымбатты, сымбатты
Ердің ерке жанысыздар.

Қылығы қандай, бұрымы қандай - беліне дейін төгілген
Көз тоймас көрік, сертіне берік, қазақи мінез көрінген.
Оятып әнді, баурайды жанды қарақат мөлдір көздерің
Тамыры ұлттың, жарығы жұрттың болашақ ана – өздерің.

Хэй, ару, ару қыздар, ару қыздар, елдің бағысыздар
Шіркін, қазақтың қыздары қымбатты, сымбатты
Ердің ерке жанысыздар.

Сыңғырлап жатқан, сырғасын таққан қазақ қызымен мақтанам
Қазақ қыздарым, ғажап қыздарым, ажары айдай қазақ қыздарым.
Қадірлі қыздар, тәлімді қыздар тап-таза арын сақтаған.
Тербетіп бесік, перзенті өсіп, үмітін елдің ақтаған.

Хэй, ару, ару қыздар, ару қыздар, елдің бағысыздар
Шіркін, қазақтың қыздары қымбатты, сымбатты
Ердің ерке жанысыздар.

Бейбіт Қорған – Шоқ қыздар

Жанары оттай жанып, жүрегімді шоқтай қарып
Сұлуларды көргенімде жаным тағат таппай қалып
На-на-ней, жүректің әсем әніндей.
Еліткен бірден мені, гүл майысып жүргендері
Қоңыраудай сылдыр қағып, еркелікпен күлгендері
На-на-ней, ал бикештер оттай болып,
Қол тигізбес шоқтай болып жанады-ей.

Қайырмасы:
Байланам көздеріне оның,
Жарқылдаған жазым, жаным-ай,
Алатаудың аппақ қарындай, ай-ай-ай.
Айналдым ақ жүзіңнен оның,
Жадыратқан жастық шағымдай,
Ақ жайықтың атқан таңындай, ай-ай-ай.

Сырларын білгізбеген, біз құлпырған гүлміз деген
Жігіттерге арман болып, қол жеткізбей жүрміз деген
На-на-ней, жарасқан жанның сәніндей.
Көңілдің ырғақты әні, қандай тәтті тіл қатқаны
Тылсым сыры бұл өмірдің, шешілмеген жұмбақтары
На-на-ней, ал бикештер оттай болып,
Қол тигізбес шоқтай болып жанады-ей.

Қайырмасы:
Байланам көздеріне оның,
Жарқылдаған жазым, жаным-ай,
Алатаудың аппақ қарындай, ай-ай-ай.
Айналдым ақ жүзіңнен оның,
Жадыратқан жастық шағымдай,
Ақ жайықтың атқан таңындай, ай-ай-ай.

Ал бикештер оттай болып
Қол тигізбес шоқтай болып жанады-ей.

Қайырмасы:
Байланам көздеріне оның,
Жарқылдаған жазым, жаным-ай,
Алатаудың аппақ қарындай, ай-ай-ай.
Айналдым ақ жүзіңнен оның,
Жадыратқан жастық шағымдай,
Ақ жайықтың атқан таңындай, ай-ай-ай.

Ғалымжан Жолдасбай - Көк жөтел

Өлең айтпай дауысым ашылмайды-ай, 
Жерге жұпар қалампыр шашылмайды-ай, 
Ыхы е ыхы е ыхы е ыхы ыхы ееееее 
Әнім солай қыздар-ай. 
Жерге жұпар қалампыр шашылса да, 
Күнде былай басымыз қосылмайды-ай, 
Ыхы е ыхы е ыхы е ыхы ыхы ееееее 
Әнім солай қыздар-ай.

Бұйра шашың келмейді-ай қайыруға-ай, 
Не демейді қас дұшпан айыруға-ай?! 
Ыхы е ыхы е ыхы е ыхы ыхы ееееее 
Әнім солай қыздар-ай. 
Тисе десін қас дұшпан айыруға-ай, 
Балапандай шығайық шайығуға-ай, 
Ыхы е ыхы е ыхы е ыхы ыхы ееееее 
Әнім солай қыздар-ай.

Отқа сандық таз жеткен қыз дегенің, 
Қыз еді ғой менің де іздегенім, 
Ыхы е ыхы е ыхы е ыхы ыхы ееееее 
Әнім солай қыздар-ай.

Осы жөтел кетсе егер тамағымнан, 
Ауылыңа әлі де жүз келемін, 
Ыхы е ыхы е ыхы е ыхы ыхы ееееее 
Әнім солай қыздар-ай. 
Ооооооооооооооооооооо 
Әнім солай қыздар-ай.

Қайрат Баекенов және Маржан Арапбаева - Қыздар мен жігіттер

Қыздар-ай, қыздар-ай
Оу, шіркін, қандайсыңдар
Жарысып ерлермен, қалмайсыңдар!
Неге, неге олай?
Өзгерді қыздар бұлай, оу!

Айтайық, ер жігіт, ендеше сырымызды
Жүрсіңдер кінәлап бекерге бізді.
Жалған шығар мүмкін,
Ойланшы, жігітім!

Қайтейін, қыздар-ай, бәрің де балдайсыңдар,
Әйтеуір қуланып алдайсыңдар!
Сыр мен сымбат сай ма?
Қос бұрым сол қайда?!

Ойланшы, жігітім, осынау бір тұста
Шашы ұзын қыздардың ақылы дер қысқа Заман!
Жауабың қалаған!

Жарасып, ай-ай-ай-ай-ай
Құрбы десіп, ай-ай-ай-ай-ай 
Күлімдесіп, ай-ай-ай-ай-ай 
Ғұмыр кешіп, аааааааааа.

Жанымды әзілмен, ой сәулем, жадыратшы
Байқасам қыздардың бәрі жақсы
Жаман әйел, айнам, 
Шығады екен қайдан? Оу!

Жақсы ер жан-жарын аялап, күтеді
Жаман ер асыл жарын күң етеді.
Солай болар бәлкім
Қайдан білсін әркім?

Қайтейін, қыздар-ай, бәрің де балдайсыңдар,
Әйтеуір қуланып алдайсыңдар!
Сыр мен сымбат сай ма?
Қос бұрым сол қайда!

Ойланшы, жігітім, осынау бір тұста
Шашы ұзын қыздардың ақылы дер қысқа Заман!
Жауабың қалаған!

Жарасып, ай-ай-ай-ай-ай
Құрбы десіп, ай-ай-ай-ай-ай 
Күлімдесіп, ай-ай-ай-ай-ай 
Ғұмыр кешіп, аааааааааа

Қайтейін, қыздар-ай, бәрің де балдайсыңдар,
Әйтеуір қуланып, алдайсыңдар!
Сыр мен сымбат сай ма?
Қос бұрым сол қайда?!

Ойланшы, жігітім, осынау бір тұста
Шашы ұзын қыздардың ақылы дер қысқа Заман!
Жауабың қалаған!

Жарасып, ай-ай-ай-ай-ай
Құрбы десіп, ай-ай-ай-ай-ай 
Күлімдесіп, ай-ай-ай-ай-ай 
Ғұмыр кешіп, аааааааааа

Қайрат Нұртас – Қыздар-ай

Ару қыздар, ән қыздар, сұлу қыздар
Күн нұрынан нәр алған жылу қыздар
Әдемісің бәрің де, сұлусыңдар
Бірің көктем, бірің жаз, бірің ызғар.

Қайырмасы:
Қыздар-ай, қыздар-ай,
Жібектей құлпырып, алаулаған.
Қыздар-ай, қыздар-ай
Жүрекке жыр тұнып ән арнаған.

Ару қыздар, ән қылып айтарым бар
Құлпырып қызғалдақтай жайқалыңдар
Жайқалыңдар самалмен, жайқалыңдар
Махаббаттың төрінен жай табыңдар.

Қайырмасы.

 

http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/8-nauryz-2014/17282/

0 дауыс
"Қыз сыны" деген 8 наурызға жақсы келеді
0 дауыс
Kazsound.ru kazhit.com xmusic.me newmusic.kz kazamuza.net musicmir.kz осы сайттардан іздесен болады.
0 дауыс
8 наурыз аналар мерекесі болғандықтан ана туралы ән айтқан дұрыс.
0 дауыс
Ия,Біріншіден Аналар туралы айтқан дұрыс немесе Мереке болғандықтан Мереке туралы әндер айтсаңыз дұрыс ойлаймын. Нақтырақ айтсам, Меломен тобының Ана сен бақыттысың ані Мақатаев атамыздікі. Сосын Сәкен Майғазиев - Ана , Гулнур Оразымбетова-Мереке, Жигиттер-Мереке тағы сол сияқты әндер...
0 дауыс
қиын ән бірақ әдемі ән сәкен майгазиев асыл ана әні
...