0 дауыс
3.1k көрілді
Әр заманда әр хан билегені мәлім. Және әр ханның өз осал тұстары болған. Сол сияқты Тәуке ханның қандай осал жерлері болған(ел билеу жөнінде)?Сүйексіз балық болмайды деген секілді мен Тәуке ханның кемшіліктерін білгім келеді.

3 жауап

0 дауыс
Ол ел билеуге келгеде жақсы басқарады. Бірақ бір осал тұсы бар. Ол қазақтарды үш жүзге бөлді. Оған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерді басшы етіп қойды. Сонда қазақтар 3-ке бөлінді.
Иа ол дұрыс!Бірақ айтады ғой  үш жүздің басың қосқан Абылай дейді. Не басқа осал тұсы болмады ма?
0 дауыс
Осал тұсы Қазақтарды жүздерге болуы.Негiзi бұлай iстемеу керек едi.
+1 дауыс

Әз Тәуке

Ең басты кемшілігі деп басым көпшілігі қазақ халқын үш жүзге бөлуі депті. Егер солай етпесе, қазақ халқы мүлде құрып кетер еді. Жүздер халықтың амандығын сақтау үшін керек болды. Ғаламтордан жүздердің қалай пайда болғанын іздеп, оқып, түсіне алсаңыздар, Тәуке ханның не себепті Қазақстанды үш жүзге бөлгенін түсінер едіңіздер.

Меніңше оның басты кемшілігі - өзінен жоғары орган сайлауында. "Ханда қырық кісінің ақылы бар", дегенмен «Билер кеңесі» хандық билікті шектеу құқығына ие болған. Билер шешіміне хан қарсылық көрсетпеді, яғни мемлекеттік биліктің басым бөлігі халықтың қолында болды. Егер хан мен билер арасында алауыздық туса, өзге мемлекеттер мұны қолдап, ішкі талас-тартысты пайдаланып кетсе, Тәуке хан, кім білген, саяси ойында жеңіліп кетуі мүмкін болар еді.

Екінші кемшілігі деп тарихта да, ғаламторда да жазылмаған мәліметті келтірейін. Тәуке хан қазақтың жыраулары мен шешендерінің және шежірешілерінің басын қосып, қазақтың мақал-мәтел, шежіре, аңыз-жырларын жинаған. Ол кеде жыраулар халық мұңын айтушылар болғандықтан, ханның өзіне келіп, халықтың көкейіндегі мұңын жыр-толғауымен жеткізетін дәрежеде болған. Ал бірақ осы Тәукенің кезінде ханға жақпаған жыраулар өлтірілген. Олардың саны белгісіз, бірақ өлер жылы Тәукенің билеген шағымен тұспа-тұс келген жыраулардың көпшілігін шындықты бетке басып, көпшілік алдында жария еткені үшін өлтірілген.

Үшінші кемшілігін айтар болсам,  "Жеті жарғысы" заңдар жинағын шығарғанымен, соттық билікті де "Билер кеңесіне" бергені. Заңның не керегі бар, егер оны кеңеске кірген билердің кез-келген біреуі ханның келісімінсіз өз қалағанынша өзгерте алатын болса?

Төртінші, әрі соңғы кемшілігі - "Менің өмірім өзгенікі, өлімім өзімдікі" деген Әйтеке бидің ұранын ұстанып, өзге елден қыз алғаны. Мөде қаған тұсында кемерінен тасып бара жатқан ғұн елін қытайлар Мөдеге қызын беріп басқан. Ханша қыздар қанша сұлу болғанымен, екі елдің арасындағы соғысты тыйып, бейбітшілікке жол ашқанымен, төркіндерінің тілін алып, ел ішіне іріткі салса немесе өзге елдерге пайдалы әрекеттер істеп, хандыққа зиян келтірсе не болар еді?

Әрбір кемшіліктің де өз пайдасы болды. Бұларды істеуден басқа амалы болмаған болар мүмкін, кім білсін? Қазақтың тарихы - толық зерттелмеген тарих. Оны тек енді ғана қолға алып жатыр.

Ұқсас сұрақтар

...