0 дауыс
764 көрілді
Күйзеліске түскенде адамға қандай тағамдар көмектеседі ?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тәтті тағамдар, әсіресе, шоколад)
0 дауыс
Нақты тағамды білмедім. Бірақ "глицин" деген дәрі жақсы көмектеседі бағасы да қымбат емес
+1 дауыс
Күйзеліске түскенде көмектесетін тағамдар

Сіздің көңіл-күйіңіз күнделікті жеп жүрген тағамыңызға байланысты. Егер сіз күйзеліске ұшырасаңыз, онда сізге дұрыс тамақтану қажет. Күйзеліс кезінде ешқашан тәтті, ащы және қуырылған тағамдарға жоламаңыз. Сонымен қатар алкогольді сусындардан да аулақ болыңыз. Күйзеліске ұшырағанда ішетін тамағыңыз баланстандырылған болуы тиіс. Ендеше біз сіздердің назарларыңызға күйзеліске төтеп беретін тағамдарды ұсынамыз.

1. Банан.

Банан керемет антистрестік жеміс. Депрессияға көп түсетін адамдарға пайдалы. Өйткені оның құрамында В тобындағы дәрумендер өте көп.

2. Цитрустік жемістер.

Цитрустік жемістердің құрамында С дәрумені көп. Ал С дәрумені көңіліңіздің көтеріңкі жүруіне әсер етеді. Мысалы: балмұрын, қарақат, қаражидек, киви.  

3. Миндаль.

Миндальдың құрамындағы мырыш, Е дәрумені күйзеліс нәтижесінде пайда болатын бос радикалдармен күреседі. Ал В2 витанмині мен магний серотонин синтезі кезінде қатысады.

4. Сүтті тағамдар.

Дәрігерлердің айтуынша, сүтті тағамдардың құрамында табиғи тынышталдыратын кальцийлер көптеп кездеседі екен.

5. Ащы шоколад.

Ащы шоколад тынышталдыратын қасиетке ие.

6. Қара шай.

Қара шайдың құрамына кіретін тианин аминқышқылы иммунды жүйеңізді жақсартады. Сабырлы болуға көмектесіп, көңіл-күйіңізді көтереді.

7. Балық және теңіз өнімдері.

Бұлардың құрамында уайым-қайғыдан құтқаратын В6 және В12 дәрумені бар. Сонымен қатар теңіз өнімдері селен мен мырыштың қайнар көзі болып табылады.

8. Астық өнімдері.

Астық өнімдері күйзеліске қарсы белсенді жұмыс істейді.

9. Сиыр еті.

Сиыр еті В тобындағы дәрумендерге және темір мен мырышқа бай.

10. Қызанақ.

Қызанақ тек қана көңіл-күйіңізді көтеріп қоймай, қуатыңызды арттырады.
+1 дауыс
шоколад стресстен құтылуға жақсы көмектеседі
0 дауыс
Ең бастысы ол балық. Себебі құрамында өте көп пайдалы дәрумендер бар. Басқасын білмедім.
...