0 дауыс
Біз қазір Ұлы Отан соғыс ардагерлерін жоғары мәртебеде сыйлап құрметтейміз. Әрине олар біздің жерді жаудан сақтап қалды, иа оған мың алғыс. Ал Ауғанстан соғысына Қазақстан жіберген адамдар осы Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен тең дәрежеде ме? Тең дәрежеде болуға  арнай заң қабылданды ма?
20.02.2015 986 қаралым
Сұраққа толық жауап табылды деген ойдамын. Не болмаса сұрақты жабыңыз, не болмаса ЖЖ белгілейтін кез келді.

1 жауап

0 дауыс
Жоқ, оларға арнайы заң шығарылмаған. ҰОС ардагерлерімен тең дәрежеде емес.
21.02.2015
Ал сіздің ойынызша тең дәрежеде болу керек пе?
Мүмкін талай қылмысқа барған болар, ҰОС кезіндегідей қиындық көрмеген болар, бірақ сол кездегі саясат үшін соғысқа барды ғой, өз өмірлерін қауіпке тікті. Оларды құрметтеуге тұрарлық. Тең дәрежеде болғаны жөн. Меніңше.
Әрине құрметке лайықты жандар. Алайда Ауған соғысы ардагерлері біздің елімізді қорғады ма? Біздің ел үшін арпалысқа түсті ме?. Соңы да ескергнен жөн деп ойлаймын(әрине бұл өз ойым)
Біздің елімізді қорғағысы келмесе олар әскерге бармас та еді. КСРО-ның идеологиясы сол: біртұтас ел. Қаншама халық, қаншама ұлт өкілдерін біріктіріп, бәрін "орыс" ету.
Олар соғысқа бармаймыз деп айта алмады, бірақ борышын өтеуге барды, бірақ кикілжің басталып кетіп, қан майданға кіріп кетті. Бұл олардың кінәсі емес шығар?
Әрине. Әрине, олардың кінәсі деп айтпадым. КСРО-ның алдап апарғаның да ескеріп отырмын.Олар құрметке лайық. Бірақ ұоа теңестіру дегеніміз ақшаға әкеп тіреледі
Ардагерлерге тірісінде құрмет көрсете алмасақ онда біздің егемендігімізден не пайда?
Миллиардтап шашылып жатқан бюджеттің 35 мыңын қимағанымыз болар еді.
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы