+3 дауыс
6.1k көрілді
Шығыс Қазақстан туралы не білесіңдер?

6 жауап

+3 дауыс
Шығыс Қазақстан дегенде ,еске Алтай таулары, Зайсан көлі, орыстанып кеткен қазақтар түседі.
орыстанып кеткен қазақтар деп көпке топырақ шашпаңыз алдымен өзіңіздің john деген атыңызға қарағаныңыз дұрыс болады
+2 дауыс

Толық мәлімет деп айта алмаймын. Бірақ қолда қазір бар деректер осы. Мүмкін болашақта толықтырылар.

+2 дауыс
Әрине, әр өңірдің өзіне тән табиғи ерекшеліктері болады ғой. Шығыс Қазақстан Алтай тауларымен, Зайсан көлімен, ақырған азяды, буырқанған боранды қысымен атағы шыққан. Бұрынғы Семей және Шығыс Қазақстан облыстары біріктіріліп, қазір еліміздің шығыс бөлігі толығымен бір облыс болып отыр. Бұл еліміздің тарихында өзіндік орны бар, қазақ халқы үшін ерекше  (тарихи тұрғыда, әйтпсе барлық қалалрдың өз орны бар ғой) қалалардың бірі Семей қаласының облыс орталығы мәртебесінен айырылып, экономикалық жағынан біраз қиындықтарға алып келгені жасырын емес. Ал облыс орталығы Өскемен еліміздің өнеркәсібі дамыған, үлкен қалаларының бірі. Сонымен қатар, Алтайдың маралдары мен алтай балы да елімізге танымал. Әрі қарай айта беруге болады...
+3 дауыс
Орыстану ШҚО ға ғана келген жоқ,бүкіл Қазақстан орыстанып кете жаздадық.Теледидардан қарап отырамыз,Шымкенттіктер өнерде жүргендер,көбі орысша сөйлейді.Шығыс Қазақстанды айтқанда ,Алтай тауы еске түседі,бүкіл түркі жұрты осы біздің Алтайдан шықты емес пе!Нұр Зайсан,ару Ертіс,Бұқтырма,яғни балығы тайдай тулаған өлке!Ақ қыраулы Алтай,Кенді Алтай,яғни кенге бай өлке,Алтайдың асты да алтын,үсті де алтын ,беткейі малға ,маралға толы.Кен қазба байлықтарының інжу маржаны және біз сияқты алтын адамдар негізінен  найман және керейлер елі.Сақылдаған сары аязы бар,қаңтар бойы 41-48 градусқа,кей жерлерде 57 градусқа жетті.Ертең 50 градус аяз болады дейді!!!!!Бірақ Алтайдың ақиық қырандары шыңдалған ғой.Қалың орман да бізде, өндіріс дамыған,көлік керек болса,көліктің неше атасын шығарады,егін де егеміз.Екі империя Қытай мен Ресей құдайы көршілеріміз.

Айбатты Алтай тауы бұлттан асқан,

Басың қар-қысы,жазы қырау басқан.

Айдынды Азияның қарауылы-

Шудалы Ақбас бура көбік шашқан.

)Сәкен Сейфуллин)
+1 дауыс
таулары биік, көлдрі тұнық, жері де, еліде  жайсаң, шығыстай шырайлы мекен барма өзі
+2 дауыс
Бұл сұрақты не себептен қойып отырсыз? Көкше жақсы жауап берді ғой деймін. Қоса кететінім, бұл жақта әдеби нормаға сәйкес сөйлейді. Жергілікті диалектілер жоқ десе де болады. Қазақи ауылдар көп.
...