0 дауыс
22.8k көрілді
Дүние тарихынан ежелгі грекия туралы реферат 6 сынып

3 жауап

+1 дауыс

Ежелгі Грекия жайлы мұнда, ал ежелгі Грекия жайлы толық мәлімет мына сілтемеде.

Ежелгі Грекия

 

Гре́кия (гр. Ελλάδα), ресми аты Грекия Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία) — Еуропа оңтүстігінде, Балкан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған.

Полис -қала-мемлекеті.

Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Мемлекеттік аппараты халық жиналысынан, кеңестен және сайланып қойылатын түрлі қызмет адамдарынан (магистраттардан) тұрды. Халық жиналысы билеушінің мемлекетті басқару құқын қамтамасыз етіп отырды. Полистер олигарх. (мыс., Спарта) немесе демократиялық (мыс., Афины) түрінде болды. Спарта егіншілік Полиске, Коринф сауда-қолөнері Полисіне жатты. П. Грекияда б.з.б. 4 ғасырдың басында, Римде б.з.б. 3 — 1 ғасырларда дағдарысқа ұшырап, жойылды.

Ежелгі Спарта.

Спа́рта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta) немесе Лакедемон (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) – ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б.з.б. 6 – 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Гомердің “Илиада” шығармасына қарағанда, Спарта Лакониканың ахейялық 12 қауымының бірі. Б.з.б. 12 ғасыр шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта қоныстарын қиратты. Археологиялыұ мәліметтер бойынша жаңа дорий қонысы Спарта деген атпен б.з.б. 10 – 9 ғасырларда басқа жерде – Эврот өзеннің жағасында пайда болған. Б.з.б. 8 – 6 ғасырларда Спарта көрші аймақтар: батыста Мессанияны, шығыста Клаурияны жаулап алды. Спартаның барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Бұл жерлер Спартаның толық құқылы азаматтары – спарталықтарға мұра ретінде пайдалануға берілді. Жерді басыбайлы құлдар – илоттар өң- деді.

Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы – периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.

Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла) жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті.

Экономикаалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б.з.б. 431 – 404) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін әлсіретті. Ол б.з.б. 371 – 362 жылы болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей жеңілді. Б.з.б. 338 жылы Спарта Македонияға, ал 146 жылы Римге бағынып, мемлекет ретінде жойылып кетті.

Тарихы

XI ғасыр б.з.б — Спарта қала-мемлекет құрылуы.
X ғасыр б.з.б — Дорийліктер Лакония территориясын жаулады. Жарты тұрғын-ахэйліктерді периэктерге айналдырды(Политикада күші жоқ, бірақ тәуелсіз азамат), ал қалғандарын илоттарға айналдырды(мемлекеттік құл); дорийліктер билеуші спартиаттар болды.
IX ғасыр б.з.б — Ликург басқару заңдары Спартаны әскери күшті мемлекетке айналдырды.
743 — 724 жылдар б.з.б — Бірінші Мессения соғысы. Спарта Мессенаның бір бөлігін жаулады.
685 — 668 жылдар б.з.б — Екінші Мессения соғысы. Спарта Мессенанны түгелдей жаулады.
500 — 449 жылдар б.з.б — Грек-парсы соғыстары.
480 жыл б.з.б. — Фермопиль шайқасы. 300 спарталықтар ерлігі.
479 жыл б.з.б. — Платея түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңісі.
479 — 464 жылдар б.з.б — Тегеатидамен соғыс, Спартаның жеңуімен аяқталады.
464 — 455 жылдар б.з.б. — Үшінші Мессения соғысы(Мессениядағы илоттар көтерілісі).
460 — 445 жылдар б.з.б — Пелопоннесс соғысы. Афина мен Спартаның 30 жылға соғыс тоқтату келісімі.
457 жыл б.з.б — Танагр түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңісі.
431 — 404 жылдар б.з.б — Пелопоннесс соғысы. Спарталықтар афиндықтарды жеңіп Грекиядағы доминантты мемлекет болды.
427 жыл б.з.б — Спарталықтардың Платейді жаулап, тұрғындардың көп бөлігін жойды.
425 жыл б.з.б — Пилос түбіндегі спарталықтардың жеңілісі.
422 жыл б.з.б — Амфиполе түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңісі.
418 жыл б.з.б — Мантинея түбіндегі шайқас. Спарталықтар жеңісі.
395 — 387 жылдар б.з.б — Коринф соғысы. Спарта мен Парсы жеңісі.
371 жыл б.з.б — Левктрах түбіндегі шайқас. Спарта Фивамен шайқаста күшін жоғалтады.
362 жыл б.з.б — Мантинея түбіндегі шайқас. Спарталықтар жеңісі.
331 жыл б.з.б — Спарта и Македония соғысы.
331 жыл б.з.б — Мегалополе түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңілісі.
245 — 241 жылдар б.з.б — Агис реформасы сәтсіз аяқталды.
235 — 221 жылдар б.з.б — Клеомен реформасы сәтті орындалғанымен макендон патшасы Антигон III Спартадан Селласия түбіндегі шайқаста жеңілгеннен кейін реформаны алып тастады.
229 — 222 жылдар б.з.б — Клеомен соғысы. Спартаның Ахэй одағы мен Македонияға гегемония үшін Пелопоннесстегі қарсы соғысы.
222 жыл б.з.б — Селласия түбіндегі шайқаста Спарта ауыр жеңіліске ұшырайды. Спартаны Эллиндық одаққа кұшпен кіргізеді.
220 — 217 жылдар б.з.б — Одақтастар соғысы. Спарта Этолия одағымен бірге Эллиндық одаққа қарсы соғысы.
215 — 205 жылдар б.з.б — Бірінші Македония соғысы.
207 жыл б.з.б — Мантинея түбіндегі шайқас. Спарталықтардың ауыр жеңілісімен және патша Маханида өлімімен аяқталды.
204 жыл б.з.б — спарталықтар жаулауға тырысты Мегалополь.
201 жыл б.з.б — спарталықтар Мессенияға шабуылдайды, бірақ Тегейден жеңіліске ұшырайды.
195 жыл б.з.б — Лакония соғысы, Спарта жеңілісі және Ахей одағына қосылуы.
147 жыл б.з.б — Спарта Ахей одағынан шығып Римнен қолдау алып отырады. Ахей соғысы басталды..
146 жыл б.з.б — бүкіл Грекия Рим империясының астында қалып Ахей провинциясына айналды. Кезіндегі атақтары үшін Спарта мен Афина өздерінің территориясы аумағында өз өзін билеу құқығын алады.

Афины мемлекеті.

Афина қаласы ежелгі өркениет орталықтарының бірі, Грекияның астанасы. Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі төбелі жазықта орналасқан. Ол өзімен іргелес жатқан ең ірі теңіз порты — Пиреймен қосылып, үлкен Афинаны құрайды (аум. 433,28 км2). Афина — Жерорта теңізінің жағалауындағы ең ірі қалалардың бірі. Тұрғыны 3,4 млн. адам (1994). Климаты жерортатеңіздік (жазы — ыстық, қуаң, қысы — жылы, жаңбырлы), қаңтар айының орташа температурасы 90С, шілде айының орташа температурасы 270С. Ежелгі Грекия тарихында Спартамен қатар жетекші рөл атқарған қала-мемлекет. Қала әйел құдай Афина Палладаның (Зевстің қызы) есімімен аталған. Қала-мемлекеттің қалыптасу тарихын баяндайтын негізгі еңбек — Аристотельдің “Афина политиясы”. Афиналықтар шежіресі бойынша, қала Афина акрополінің төңірегінде (бұл жерде микен дәуірінің кезінде-ақ бекініс тәрізді елді мекендер мен б.з.б. 16 — 13 ғасырларда салынған сарайлар болған) таңдаулы рулық қауымдарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған. Б.з.б. 5 ғасырдың 2-жартысында бұған дейін бірнеше әлеуметтік-саяси реформаларды басынан өткерген Афина мәдени гүлденудің (“Периклдің алтын ғасыры” деп аталатын) ең биік деңгейіне жетті. Афинада көрнекті ғалымдар, суретшілер мен ақындар: тарихшы Геродот, философ Анаксагор, мүсінші Фидий, ақындар Эсхил, Софокл, Еврипид, комедияшы Аристофан өмір сүрді. Афиналық жазушылардың тілі — аттика диалектикасы бүкіл эллиннің әдеби тіліне айналды. Әсем үйлер салынды. Гипподам жобасы бойынша салынған тұтас бекіністің Акрополь ансамблін құрайтын негізгі ғимараттары — әлемдік сәулет өнерінің озық үлгілерінің бірі Парфенон храмы (б.з.б. 438 — 447 жылдары салынған), Фидийдің мүсіндері, т.б. бейнелеу өнерінің туындылары кейінгі ғасырлар суретшілері үшін шеберлік мектебі іспеттес болды. Алайда, “алтын ғасыр” ұзаққа созылған жоқ.

Адамзат өркениеті ошағының бірі болған Афина ішкі жанжалдардың, алауыздықтың салдарынан, 176 жылы Римнің қол астына өтті. Рим үстемдігіне қарсы бас көтерген Афинаны Корнелий Сулланың әскерлері жаулап, қалаларын қиратты. Б.з. 3 ғасырында сыртқы жаулардың шапқыншылығынан Афина біржола дербестігін жоғалтты. Қазіргі Афинада ежелгі грек, рим заманы мен орта ғасырлардың сәулет ескерткіштері жақсы сақталған.

Зевстің алтың мүсіні.

Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады. салем

Ежелгі грек театры.

Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры — жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндерінде диалог элементтері мен сахналық қимыл- әрекет басым жатты. Эллинистік дәуірге дейін хор грек драмасындағы басты элемент болып келді. Феспид бірінші болып б.з.д. 534 жылдың көктемінде Ұлы Дионис мерекесінде, өзінің трагедиясын көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Сондықтан да б.з.д. 534 жыл әлем театрының туған жылы деп саналады. Ақын Феспид хордан ерекше орындаушыны — актерді бөліп шығарды. Сөйтіп, дүниеге бірінші актер — протагонист келді. Хор басшысы — корифей бастаған хор 12, кейіннен 15 адамнан құралды. Грек драмасы өзінің даму процесінде діни әдет-ғұрыптардан бірте-бірте алшақтай берді. Сонымен бірге драма грек мифтеріндегі материалды молынан пайдаланды.

Қазір біз қолданатын "трагедия" және "комедия" сөздері Ежелгі Грекияда өткен мерекелерден шыққан. "Трагедия" сөзі гректің екі сөзінен алынған: "трагос" — теке және "одэ" — өлең, ән, яғни "текелер әні" деген ұғымды береді. Бұл ат бізді Дионистің серіктері — сатирлерге әкеледі. Сатирлер адам мен текенің қосындысынан тұрады: денесі адамдікі болғанымен, текенің мүйізі, сақалы, тұяқтары, құйрығы, жүні, т.б. белгілерін жапсырып алған.

Комедия

"Комедия" сөзі "комос" — Диониске арналған мейрамдағы көшеде қыдырып жүрген қызу әрі көңілді халық және "одэ" — өлең, ән деген ұғымдардан шығып, қыдырып жүрген халықтың әні деп аударылады. Гректің ақындары —Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофанның шығармалары грек халқының қоғамдық-саяси және рухани өмірін жан-жакты көрсетті. Театр ойындары ашық далада өткізілді. Театр ғимараты орхестрен (дөңгелек алаң), театрыннан (көрермендер орны) және скенадан (алғашқы актерлердің киініп, сахнаға шығуына прпалған жай палатка) кұралды. Ежелгі Грекия театрларына көп көрермен сыятын.

Мысалы, Дионистің Афиныдағы театры 17 мың пдамға арналса, Эпидаврдағы театрға 10 мыңдай адам бара алатын. Көрермендерге — бүкіл Афины азаматтарына театр ойын-сауықтарына бару үшін мерекелік ақша берілетін, ал олар сол ақшаға отыратын орындары көрсетілген арнаулы темір жетондарды сатып алатын. Қойылымдар таңертең басталып үш күнге созылатындықтан, көрермендер тамағы мен сусындарын өздерімен арқалап әкелетін.

Спектакль.

Спектакльдер көрсетілген кезде барлық, жұмыстар тоқтатылып, соттар жабылып, түрмедегі адамдар босатылатын. Театрға ерлер, әйелдер, балалар, тіпті үй құлдарына дейін — бәрі баратын. Театралогия немесе жеке драма жазған драматург мейрамды ұйымдастырушы архонттан хор сұрайды. Архонт оны бай азаматтардан таңдалып алынған мемлекеттік міндет ретінде хор жинау, оны үйрету, мейрамнан кейінгі асты ұйымдастыру жүктелген хорегке тапсырады. 10 антикалық филдерден қазылар алқасы құрылады. Үш күндік байқаудан кейін жеребе бойынша таңдалып алынған 5 қазы соңғы шешімді шығарады. Үш жеңімпаз ақшалай марапатталған, бірақ шырмауық ағашының жапырақтарынан тоқылған тәжді тек бас жүлдеге ие болған драматургке кигізген. Бұл театр байқауында үшінші орын алу жеңілумен тең болды. Байқауға тек жаңа шығармалар қатысатын, ал егер де біреу бұрын қойылған ескі шығармасын ұсынса, ол байқаудан тыс көрсетілген. Актер-протагонист үлкен кұрметке ие болып, тіпті мемлекеттік тапсырмаларды да орындаған. Екінші және үшінші актерлер тікелей бірінші актерге міндетті болып, одан акы алып тұрған. Ақындар, хорегтер ,және басты рөл ойнаған актер- протагонистердің есімі арнайы актілерге жазылып, мемлекеттік архивте сақталған.

Б.з.д. IV ғасырдан бастап же4ім- паз-драматургтердің есімі дидаскалийлерге — мәрмәр тақталарға жазыла бастады. Театрларда әйел рөлдерін ерлер орындады. Актерлердің бәрі де маска, әдемі костюмдер, бойларын ұзын қылып көрсететін табаны биік аяқ киім — котурныларды (20—ЗОсм) және биік бас киім киіп ойнады. Үлкен театрда маскалар көрермендердің актерлерді алыстан көруі њшін ыңғайлы болды және актерлер де маскаларды ауыстыру арқылы екі-үш рөлдерді бір-ақ орындады. Маскалар ағаштан не кенептен жасалды (кенеп каркасқа тартылып, гипспен жабылып, боялған). Маска тек бетті ғана емес, бүкіл басты жапқан, сондықтан парикті гректер тікелей маскаға орнықтырған. Грек актерлері би, қимыл-қозғалыс өнерін шебер меңгеруі керек болды. Маска киіп мимикадан айырылғандықтан қимыл-қозғалысқа, пантомимаға үлкен көңіл бөлінді. Көрініс кезінде Құдайлар пайда болу үшін сахнада көтерме машиналар қолданылды. Сонымен қатар спектакльде найзағайдың, күнніћ күркіреген дыбыстарын шығаратын және көрермендерге көрсету эффектісін тудыратын көптеген машиналар болды.

0 дауыс
Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.

Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.

Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады[1][2][3]. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде[4], батыс философияның[5], архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші[6], Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.
0 дауыс
Ежелгі Грекияның орналасқан жері мен табиғаты. Ежелгі Грекия Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жері — таулы жартасты. Онда жүзім мен зәйтүн ағаштары жақсы өскен.

Балқан түбегін айнала теңіздер қоршап жатыр. Олар: Эгей, Иония және Жерорта теңіздері. Теңіз шығанақтары құрлыққа терең еніп жатқандықтан кеме тоқтауға колайлы еді.

Табиғат жағдайына байланысты Грекия үш бөлікке — оңтүстік, орта және солтүстікке бөлінеді. Оңтүстік Грекияны — Пелопонес, ал орта Грекияны — Аттика аймағы деп атайды. Теңіздерде аралдар көп. Олардың ең үлкені — Крит аралы.

Крит-Ахей мемлекеттері және олардың күйреуі. Грекияда Крит-Ахей өркениеті б. з. б. 2000 жылдары қалыптасты.

Криттегі ең ірі қалалар Кносс пен Фест болды. Археологтар Кносс қаласынан көп қабатты үлкен сарай қалдығын тапқан. Бұл сарайда Криттің ең атақты патшасы Минос тұрған. Сарайдың жүздеген болмелері, баспалдақтары мен дәліздері болған. Сән-салтанат өткізетін залдарының қабырғалары фрескалармен (фреска — әшекейленген сурет, сылақ кеппей тұрып, қабырғаға салынған) өрнектелген. Сарай қабырғаларында суретшілер салған әр түрлі суреттер бар. Соның бірінде Критте киелі деп саналған бұқамен шайқас ойыны бейнеленген. Криттен табылған заттай мәдени бұйымдар б. з. б. II мыңжылдықта бұл жерде әр түрлі қолөнер кәсібі болғанын дәлелдейді. Қазба жұмыстары кезінде бетінде жазуы бар жүздеген қыш тақталар табылған. Демек, олардың өз жазуы болған.

Археологиялық зерттеулер б. з. б. XV ғасырда Крит аралының солтүстік жағалауындағы Фера аралында орасан зор вулкан атқылағанын анықтады. Соның салдарынан Крит патшалығы күйреген.

Ахей мемлекеті оңтүстік Грекиядағы Пелопоннес аймағында орналасқан. Осы аймақта Крит мемлекетінен сәл кейін бірнеше ахейлік қала-мемлекеттер пайда болған. Олар Микены, Пилос, Тиринф және тағы басқалар. Микены ахейлік мемлекеттер ішіндегі ең ірі, әрі қуаттысы саналды.

Микеныдағы қазба жұмыстарын белгілі археолог Генрих Шлиман басқарған. Шлиман қазба жұмыстары кезінде зәулім дуалдардың қалдықтары мен «П» әрпі тәрізді етіп салынған «Арыстандар кақпасын» көрген.

Тікесінен қатар қойылған екі тас үстіне екі арыстанның бейнесі қондырылған. Арыстандар алдыңғы аяқтарымен бағандарға сүйеніп, артқы аяқтарымен тікесінен тұр.

Микены қаласы төбеде орналасқан. Қаланың төңірегін биік тастармен қоршаған. Бұл коршау қаланың халқын сыртқы жаулардан қорғап отырған. Қаланың ішіне тек «Арыстандар қақпасы» арқылы кіруге болатын.

Археологиялык зерттеулерге қарағанда, Микены қаласының патшасы мен оның туыстары камалдың ішінде, басқа тұрғындардан оқшау тұрған. Демек бұл камалды Микенының ақсүйек тұрғындарына арнап салған.

Микены бейіттерінде үйге кажетті әр түрлі бұйымдар да табылған. Олардың ішінде мыстан, күмістен, алтыннан жасалған кұмыра өзінің әдемілігі мен әшекейлілігі жағынан ерекше көрінген. Құмыраның екі тұтқасы бар, екі тұтқасында екі кептер бейнеленген. Оны құс және балық суреттерімен әшекейлеген.

Грекиялык мемлекеттер бірбірімен жиі соғысып отырған. Ал кей жағдайда олар бірлесіп, басқа елдерге де баскыншылык соғыстар жүргізген. Б. з. б. 1200 жылы Микенының Ағажемнон деген көсемі гректердің біріккен өскерін баскарып, Кіші Азия жеріндегі Троя қаласын басып алады. (Троя Кіші Азияның солтүстік батысындағы ңала). Гомердің «Илиада», «Одиссея» поэмалары гректердің Троя жорығына арналған. Б. з. б. XII ғасырда Балқан түбегіне үлкен қауіп төнгенді. Бұл қауіп солтүстіктен оңтүстік түбекке гректердің жаңа тайпасы  дорийліктер шапқыншылығы салдарынан туған еді. Шапқыншылықтың нәтижесінде алғашқы ірге көтерген шағын мемлекеттер талқандалды.

Б. з. б. XI — IX ғасырлардағы Грекия. Б. з. б. XI -IX ғасырларда ежелгі Грекия жерінде бірте-бірте алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, құлиеленушілік құрылыстың белгілері пайда болды. Руластар арасында теңдік жойылды. Ру мүшелерінің кейбірі байып, ал кейбіреулері кедейленді. Соның ішінде ру мен тайпа косемдері байи түсті. Оларды шонжарлар деп атады. Ал кедейленген руластар шонжарлардың жерін жыртып, малын бақты, кейбіреуі құлға айналды.

Б. з. б. ХІ-ІХ ғасырларда гректердің негізгі кәсіптері мал және егін шаруашылығы болды. Аттиканың егіншілері арпа екті. Арпа құрғақшылыққа төзімді әрі тез пісетін еді. Одан күлше мен ботқа пісірді. Грекияның орта және оңтүстік аймактарында жүзім мен зәйтүн ағашын егу кең өріс алған. Зәйтүн ағаштарын өсіру кисапсыз еңбекті талап етті. Зәулім ағаш жемісін колмен жинап отырған.

Зәйтүн жемісінің дәні ерекше майлы болып келеді. Оның майының ең жаксы түрлері тамакка, дәрідәрмекке, ал нашар түрі шырақ жағуға пайдаланылды. Шыракты былай жасаған. Майды қыштан, қоладан жасалған білтелі, жіңішке шамдарға құйды. Соның нәтижесінде үйлеріне жарық сәуле түсіп тұрды.

Грекияның тебе беткейлерінде жүзім егілді. Жүзім шырындарынан шарап жасаған.

Грекияда б. з. б. XI ғасырдан бастап темір өңдей бастаған. Темірді өңдеумен бірге, әр түрлі темір кұралдарын жасады. Темір құралдарын пайдалану нәтижесінде жер оңдеу ісі жеңілдеді. Астық егетін егіс кәлемі ұлғайды.

Ежелгі гректер ағаштан кемелер жасаған. Олар үлкен қайықтарға ұксаған. Гректер бұл кемелермен алыс сапарларға тек тынық күндері ғана, күндіз шығатын. Олар теңізден балық аулаған.

Полис - қала-мемлекет. Дорийліктердің шапқыншылығынан кейін Грекия жерінде қайта өрлеу басталды. Жергілікті халық жаңа калалар салды.

Грекияда қалалардың өркендеуі, қолөнердің дамуымен қатар сауда да дамыды. Теңіз жағасындағы Грекия қалалары тез гүлденіп, әсем қалаларға айналды. Грекияның кейбір аймақтарында өз алдына бөлек шағын қаламемлекеттер бой көтерді.

Кала-мемлекеттерді полистер деп атаған. Б. з. б. VIII-VI ғасырларда жүзден астам полистер пайда болған. Өр полистің кұрамына қала мен оның айналасындағы елді мекендер, бай егіншілердің үйжайы, егін алқаптары, жайылым-шабындықтары, зәйтүн бақтары мен жүзімдіктері енді. Қала-мемлекеттердің өз өкіметі, әскері мен қазынасы және өз ақшасы да болған. Оларды шонжарлар басқарды.

Қала-мемлекеттердің ішінде Афины мен Спартаның күш-қуаты мол болды. Коринф бай қала-мемлекет болып есептелінді. Ал Милет ең әдемі және ең әсем қала деп саналды.

Афины мемлекеті. Афины мемлекеті Аттикада орналасқан. Аттиканың батыс бөлігінде кең-байтақ жазық дала бар, жазықта күз жартасты төбелер кездеседі. Осы жазықта б. з. б. II мыңжылдықта Афины қаласы пайда болған. Төбенің биік басына берік тас қорғандары бар қамал салынған. Оны акрополь деп атаған. (Акрополь — грек сөзі, «үстіңгі қала» — қаланың орталық бөлігі). Оның айналасында афинылықтардың үйлері орналасқан. Афинының халқы жау шабуыл жасағанда берік қорған акропольге келіп паналаған. Аттиканың барлық тұрғындарын оның басты қаласының атына орай афинылықтар деп атаған.

Афиныдағы билік ақсүйектердің қолында болды. Олар ақсүйектер кеңесін құрды. Ақсүйектер кеңесі тоғыз адамнан тұрды. Олар Аттика тұрғындарына үкім жүргізді. Бұл үкімдер ақсүйектердің мүддесіне лайықты етіп жасалынды. Сондықтан ақсүйектердің озбырлығына қарсы Афинының қарапайым тұрғындары наразы болып отырған. Қаланың орталығындағы трапеция нобайлас келіп, айналасы қоғамдық үйлермен, жабық галереялармен, ғибадатханалармен қоршалған ішкі бөлігі агора деп аталды. (Агора – грек сөзі, базар, алаң).

Агораның маңындағы бос жерлерге қолөнершілер қоныстанған. Осы жерде әр түрлі шеберханалар болған. Шеберханаларда қыш бұйымдарын жасайтын, жіп иіріп, тоқыма тоқитын және тері илейтін.

Ежелгі Спарта. Спарта мемлекеті Балкан түбегінің оңтүстік бөлігіндегі Пелопоннес аймағында орналасқан. Б. з. б. XII ғасырда Оңтүстік Грекия жеріне дорийліктер басып кірген. Олар Лакониканы жаулап алып, Спарта мемлекетінің негізін қалаған. Спарталыктар бірте-бірте осы аймакты жаулай бастаған. Б. з. б. VII ғасырдың ортасыңда Мессения алкабын да басып алды.

Лаконика мен Мессенияның барлық жері спарталықтарға теңдей бөлініп берілді. Олар бағындырған халқының көбін илоттарға айналдырды. Спартада басыбайлы бағыныштыларды илоттар деп атаған. Әр спарталыктың жер үлестері болған. Бұл жерлерді илоттарға өңдеткен.

Спартадағы жоғарғы ұйым аксакалдар кеңесі болды. Аксакалдар кеңесінің мүшелері халык жиналысында сайланған. Оның кұрамы 30 адамнан тұрды. Олардың екеуі патша, ал 28-і аукатты ақсүйектер еді. Халық жиналысы айына бір рет жиналып, мәжіліс құрған. Онда соғыс, бейбітшілік және аса маңызды мемлекеттік мәселелер қаралып, шешіліп отырған. Сонымен бірге заңды бұзған тәртіпсіздерді жазаға тартып соттаған.

Спартада өкімет билігі патшаның қолында болды. Ол өскербасы болып есептелінді. Сондықтан соғыс кезінде спарталықтар патшаға мүлтіксіз бағынды. Спарталықтар ақсақалдардың ақылы мен өмірлік төжірибесін құрметтеді. Спарта мемлекетін ауқатты шонжарлардан тұрған азғана адамдар басқарған. Оны олигархия деп атайды. (Олигархия – грек сөзі, аз адамдардың билеуі).

Спартада жастарды тәрбиелеуге ерекше мән берген. Оларды, Спарта мемлекетінің келешегі — жастарды төзімді, мықты етіп тәрбиелеген. Спарталар қарапайым, қысқа, түсінікті сөйлеген. Олар көп уақытын дене шынықтыруға жұмсайтын. Сондықтан жастайынан тозімді болуға үйренген.

[1374138477] Грекиялық мерекелер мен ойындар. Ежелгі грекиялықтардың мерекелері мен ойындары бүкілхалықтық сипат алды. Бұл мерекелер грекиялықтардың негізгі кәсібі мен әдет-ғұрыптарына байланысты болған. Олар Дионис, Деметра, Зевс құдайларының құрметіне және ынтымақ пен бірлікке арналды.

Афиныдағы басты мереке болып ынтымак мерекесі саналды. Ол ежелгі грек жыл санауы бойынша жаңа жылдың алғашқы айында өткізілген. Бұл мереке шілде айының аяғы мен тамыздың басында тойланды. Мереке қатарынан алты күнге созылды. Ол жыл сайын салтанатты түрде өткізілді. Бұл мереке халықты бірігуге, бір орталыкка бағынуға, бірлесіп кәсіп жасауға, ынтымақты өмір сүруге шакырды. Мереке түн ішінде колға шамшырак ұстап, салтанатты түрде жүгіруден басталған. Таң-ертең жұрт жаппай мерекелік шеру жасады. Мереке күндері ақындардың, әншілер мен музыканттардың енер сайысы да өткізілген. Сонымен бірге әр түрлі спорт жарыстары да ұйымдастырылды.

Дионис кұдайдың құрметіне жасалған мерекенің маңызы зор болды. Бұл егіншілердің мерекесі деп саналады. Ол б. з. б. VII ғасырдан бастап барлық қала-мемлекеттеріне тараған. Мереке күндері аукатты отбасылар құрбандыққа мал шалған.

Дионис мейрамында егіншілер ауыл мен кала көшелерінде салтанатты шеру тартқан. Олар хормен Дионис туралы мифті әнге қоскан. Егіншілер сыбызғылар мен сылдырмак үніне қосылып би билеген.

Олимпиялық ойындар. Олимпиялық ойындар Пелопоннестің әдемі жеріне орналасқан Олимпия қаласында өткізілген. Гректер үшін Олимп касиетті жер. Оның ортасында Зевс құдайына арналған храм бар. Ойын Зевс құдайының құрметіне төрт жылда бір рет өткізіліп отырған. Ол бес күнге созылды. Ойын кезінде Грекия қалаларының өзара соғысына тыйым салынған.

Олимпиялық ойындар өтетін жылы жаршылар Грекияның барлық калаларын аралап, қуанышты хабарды таратты. Жаршылар: «Бөрің Олимпияға келіңдер! Қасиетті татулық орнады. Күштілер жеңіске жете берсін!»деп ұрандайтын.

Олимпия ойынында ең мықты деген атлеттер: жүгіруден, секіруден, күресуден, диск пен найза лақтырудан өздерінің ептіліктерін, мықтылықтарын сынға салды.

Тұңғыш Олимпия ойындары б. з. б. 776 жылы өтті. Ойын үнемі жаз айларында болып тұрған. Гректер өздерінің жыл есептеуін Олимпиялық ойынның ашылған күнінен бастайды.

Олимпия ойынының алғашқы күні сайысқа катысушылар, төрешілер құрбандық шалып, адал сайысу үшін ант берген. Ал қалған күндері сайыскерлер орталық алаңда (стадионда) жарыстар өткізді.

Олимпиялық ойындарда барлық ерікті гректер жарысқа түсетін. Оған жазушылар мен ақындар да келген. Олар өз шыгармаларын жан-жақтан жиналған көрермендерге оқып берген.

Ойынның ең соңгы бесінші күні Зевс храмының алдында жеңімпаздарды марапаттаған. Жаршы жеңімпаз сайыскерлердің есімі мен туған қалаларын айтып тұрған. Сарапшылар жеңімпаздарға зәйтүн ағашының бұтағынан өрілген гүлалқа сыйлаған. Зәйтүн гүлалқасы ең жоғары және құрметті марапат болған. Керермендер салтанатты қуанышпен: «Жеңімпаздардың даңқы арта берсін!» деп айғайлаган.

Жеңімпаздар үйлеріне қайтқанда қала жұрты түгел алдынан шығып қарсы алган. Туған каласының атын шығарғаны үшін, оның құрметіне мүсін орнатылған.

Сонау ежелгі дүниеде Грекия жерінен басталган олимпиялық ойындар қазіргі уақытта да ез жалғасын тапты. Бұл спорт ойындары терт жылда бір рет, белгіленген мемлекеттердің калаларында болып тұрады. Сейтіп, қазір бүкіл дүниежүзілік спорт мерекесіне айналды.

Ежелгі грек театры. Театр (театр — грек сөзі, ойын көрсететін орын) Грекияда б. з. б. V-IV» гасырларда салына бастаған. Ол кездегі театр қазіргі театрға мүлде ұқсамайтын. Грекия театрлары ашық аспан астындағы төбелердің беткейіне орналасқан. Оның пайда болуы Дионис құдайдың құрметіне арналған ойын-сауықпен байланысты шыққан. Дионис мерекесінде гректер ешкі терісін жамылып, әр түрлі маскалар киіп, комедиялық көріністерді бейнелеген. Алғашқы кезде көрермендерге қолайлы болу үшін ойын төбелердің етегінде өткізілген. Бірте-бірте осы сауық орындарынан театрлар салынды. Грек театрлары амфитеатр түрінде сақталған. Яғни керермен жарты шеңбер жасай отыратын. Грек театрларының көлемі үлкен болған, оған көп халық сыятын. Мысалы, Афиныдағы акропольдің етегіне салынған театрға 17 мың көрермен сыйған. Кейіннен 50, 100 мың адам сыятын театрлар да салынған. Театр Грекияның барлық қалаларында бой кетерді.

Театр ғимараты үш бөліктен тұрған: бірінші бәлігі көрерменге арналған орын, екіншісі орхестра — ойын көрсететін алаң. Мұнда театр актерлары ойын көрсетіп, хормен ән шырқаған, би билеген және әр түрлі спектакльден үзінділер қоятын болған. Ойын керсетуге тек ер адамдар ғана қатынасатын. Олар әр түрлі маскалар киіп, ер және әйел адам бейнелерін ойнайтын. Театрдың ең басты үшінші бәлігі «скене» деп аталады. Бұл орхестрамен жалғасып жатады.

Скене актерлар киім ауыстыратын шағын шатыр түрінде пайда болып, кейін сахнаға айналған. Скененің қабырғалары түрлі түсті суреттермен безендірілген. Ежелгі Грекияда балет театры көріністері де болған екен. Гректер театрды өте жақсы көрген.

Театрларда комедиялық және трагедиялық шығармалар қойылып отырған.

Грекияда трагедияның (трагедия – грек сөзі, текелер өлеңі) аса көрнекті авторы афинылық жазушы Эсхил болған. Эсхил 70-тен астам трагедиялық шығармалар жазған. Оның трагедияларының ішіндегі ірі шығармаларының бірі — «Бұғауланған Прометей».

Б. з. б. V ғасырда өмір сүрген ұлы грек жазушысы Софоклдың трагедиялары да театрларда көрсетілді. Оның шығармаларының ішінде көрермендерге ерекше өсер калдырған «Антигона» драмасы болды.

Комедия (комедия  грексөзі, көңілді шаруалар әні) көңілді оқиға желісіне құрылады. Ежелгі Грекия көрермендері комедиялық спектакльдерді құмарта кызықтап, тамашалайтын болған. Грекия театрларында Аристофанның комедиялары жиі қойылатын. Оның шығармаларының басты ерекшелігі әзіл-сықақтың басым болуы. Аристофанның «Бұлт», «Сона» және «Құстар» атты комедиялык шығармалары көрерменді ерекше сезімге беледі.

[0_8273c_a4da9008_L] Гректердің діни нанымдары мен мифтері. Гректерде діни нанымдар б. з. б. ХІ-ІХ ғасырларда пайда болған. Олар жаңбыр мен куаңшылықты, теңіздегі дауылдарды, жыл мезгілдерінің ауысуын, егіннің жөнді шықпауын, адамдардың әр түрлі қиын жағдайларға ұшырауын кұдайлардың әрекетімен болады деп есептеді. Гректер құдайларды ақкәңіл, ақжарқын, кешірімді әрі қатыгез де мейірімсіз болады деп ойлады. Сондықтан құдайлар өздері орнатқан тәртіпті бұзғандарды жазалайды деп, оларға жалынып-жалбарынған. Ежелгі гректер 40-ка Жуық құдайларға сиынған. Оларды көбінесе аң, құс ретінде бейнелеген.

Гректер басты құдайлар ездерінің отбасыларымен бірге Олимп тауының басында, салтанатты сарайда тұрады деген нанымда болды. Ағайынды үш құдай: Зевс, Посейдон, Аид күллі әлемді өзара бөлісіп билік жүргізеді. Зевс — кәкті, Посейдон — теңізді, ал Аид өлілер патшалығын билейді.

Құдайлардың әкесі Зевс басты кұдай деп саналды. Оның кұрметіне Олимпиадалық ойындар өткізіліп тұрды. Дионис жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісінің құдайы еді. Оның құрметіне Дионис мерекесі ұйымдастырылды. Афина даналық пен жеңістің кұдайы, Афродита сұлулық пен махаббаттың құдайы деп саналды.

Гректер кұдайларға құрбандық шалған, олардың құрметіне храмдар тұрғызып, олар жайында аңыздар шығарды.

Табигаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, окиғалар туралы аңыз әңгімелерді мифтер деп атайды. Грек мифтері түрлі ғажайып құбылыстарды, батырлардың қаһармандық ерліктері мен бастан кешкен окиғаларын баяндайды. Ежелгі мифтерді жыршы ақындар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.

Аргоновтар туралы мифте гректердің өте ерте заманда Қара теңіз жағалауына жасаған саяхаты әңгіме болады. Саяхатшылар Кавказ жерінде алтын жүнді қой терісі ілулі тұрған жерді іздеп шыгады. Аргоновтар «Арго» кемесіне мініп, алтын жүнді ғажайып теріні іздеп табу үшін Колхидаға келеді. Бұл саяхатты батыр әрі көсем Ясон баскарған. Мифте саяхатшылардың басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Сәулет өнері. Грекияда б. з. б. V гасырда сәулет өнері жоғары қарқынмен дамыды. Өсіресе Афины ерекше керіктеніп, өсем қалаға айналған. Сондықтан афинылықтар өздерінің қаласын мақтаныш еткен. Олар Афиныға барып, оның сәулеті мен әсемдігіне таңгалмаған адамды ең төмен адам деп санаған.

Афинының ең көрікті және әсем жері акрополъ мен агора болған. Бұл жерде храмдар, театрлар, әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, шонжарақ-сүйектердің мәрмәр портикті үйлері орналаскан.

Гректер сәулет өнерінің үш стилін қалдырған. Олар коринфтік, дориилік және иониилік стильдер. Дориилік стиль қарапайым плиталармен кемкерілген сәнді бағаналар. Ал иониилік және коринфтік стиль — сымбатты, әдемі өрнекпен әшекейленген сәнді баганалар (колонналар). Олар қоғамдық ғимараттар, храмдар және театрлар салғанда сәнді бағаналар мен портиктерді пайдаланған.

Грекиядағы ең үлкен діни кұрылыс храм болды. Храмдарды баска ғимараттардан ерекше көрсету үшін, оны биік жерлерге салған. Оларға Парфенон, Эрехтейон және Ника храмдары жатады.

Парфенон храмы әйел құдай Афинаның құрметіне тұрғызылған. Бұл храм түгелдей мәрмәр тас-тардан салынған. Бұл грек сәулетшілерінің ең таңғажайып өнер туындысы. Храм кабырғаларында қаһармандық ертегілер мен аңыздар бейнеленген. Ол 46 дориилік сәнді бағаналармен көмкерілген. Храм ішінде әйел құдай Афинаның мүсіні болды.

Афиныдағы агора мен акрополь қала жұртының мақтаныш тұтатын орындары болған. Ежелгі афинылықтар өз қаласын әлемде теңдесі жоқ әсем қала деп санаған.

[250px-Homeros_Caetani_Louvre_Ma440_n2] Грек мүсіндері. Ежелгі Грекияда сәулет өнерімен қатар мүсін енері де жоғары дамыған. Мүсін өнерін дамытуда грек мүсіншілері Фидий мен Миронның еңбектері жоғары болды. Грек мүсін өнері б. з. б. V ғасырда ерекше дамыды. Фидий мүсіндері дүниежүзілік тарихқа енген.

Мүсіндер храмдарда, қала кәшелерінде, алаңдарда орнатылған. Гректер мүсінді ағаштан, мәрмәрдан, алтыннан және қоладан жасаған.

Мүсіншілер адамдарды қимыл-әрекет үстінде бейнелеген. Бұл бейнелерде жүгіріп бара жатқан, диск, найза лақтырып тұрған адамдардың тұлғаларын жасаған. Олар адам тұлғаларының сұлулығын, оның бойындағы жігер мен батылдығын көрсете білген.

Гректер қаланың неғұрлым көрнекті жерлеріне әз отанына атағы жайылған азаматтардың, қолбасшылардың, ақындардың, сайыс жеңімпаздарының мүсіндерін орнатқан.

Ежелгі Грекиядағы ең ғажайып мүсіндер Зевс және Парфенон храмдарында шоғырланған.

«Әлемнің жеті кереметінің» бірі (өз кезінде әлемде теңдесі жоқ жеті туынды «жеті керемет» деп аталған) саналатын Зевс мусіні Олимпия қаласындағы Зевс храмында орналаскан. Бұл мүсінді атақты мүсінші Фидий жасаған. Мүсіннің биіктігі 14 метр.

Грек мектептері. Ежелгі грек мектептері үш басқышты болған. Оларда көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған.

Бірінші басқыш мектеп жасына дейінгі тәлім-тәрбие (3-7 жасар) беретін орын деп аталган, екінші басқышта 7-12 жасар балалар оқыган, ал үшінші басқыш гимнасия деп аталды.

Ауқатты гректердің ұл балалары үш жасынан бастап үйде тәрбиеленді. Олар арнайы үй тәрбиешілерінен тәлім-тәрбие алып отырган. Тәлім-тәрбие беретіндер педагог-мұғалімдер. Тәрбиеленушілер сурет салуды, балшықтан әр түрлі ойыншықтар жасауды, үй тұрғызуды үйренген. Олар осы жасқа лайықты әр түрлі спорт ойындарымен де айналысты.

Ежелгі гректер балаларына жас кезінен бастап әдепті болуды, қатты сөйлемеуді, қатты күлмеуді, еш нәрсені рұқсатсыз алмауды үйретті. Сонымен бірге қарт адамды үнемі сыйлап жүруді, олармен сыпайы қарым-қатынас жасауды естеріне салып отырды. Мектептің екінші басқышында балалар жазу жазуды, оқуды, санауды және сурет салуды үйренді. Олар жазуды балауыз жағылған тақтайшаларға жазған. Өріптерді салуға ұшы үшкір темір бізді пайдаланған. Оны стильдеп атады. Стильдің екінші ұшы доғал етіп жасалынған, оны жазуды өшіруге пайдаланатын болған.

Гректер музыка енерін жоғары бағалаған. Сондықтан бала кезден бастап музыканы үйретуге ерекше мән берген. Олар би билеп, ән шырқауды, лира мен флейтада ойнағанды мақтан етті.

Он екі жасынан бастап ұл балалар қосымша палестра (пале — грекше, күрес) мектептеріне қатысқан. Онда гимнастикамен, жүгірумен, күреспен, секірумен, қылыштасумен, диск және найза лақтырумен шұғылданған.

Гимнасиялар қала сыртындағы қалың ағашты, кәгалды жерлерге орналасқан. Мұнда келушілер әр түрлі ғылымнан дәріс ала отырып, хауыздар мен саялы бақтарда демалып қайтатын. Гимнасияларда атакты шешендердің, ғұлама ғалымдардың әңгімелері мен пікірлері тыңдалды. Сейтіп, жекеленген ғылым салалары бойынша білім алған. Бұл мектепте тәрбиеленушілерді шешендік өнерге баулыған. Гимнасияларда балаларды халық жиналысы мен сот мәжілістерінде ұтымды сөйлей білу жолдарына да үйреткен. Соның арқасында бұл мектептерді үздік бітіргендер жақсы шешен, тамаша дипломат, әділ сот болып, мемлекетті баскару істеріне де араласып отырған.

Қыз балаларға арналған мектептер болмаған. Оларды үйде анасы тәрбиелеген. Ңыздар аналарынан хат тануды, ән салуды, би билеуді және үй ішіндегі жұмыстарды атқаруды үйренген. Аналар қыздарына өзін-өзі күтіп-баптауды, бой түзеуді де үйреткен.
Маған мүсінші туралы әңгіме жібересіздер меня???????? Өтінемін!!!!!!!
...