0 дауыс
1.5k көрілді
Үй жағдайында қандай маска қолайлы ?
Не туралы сұрағыңыз келді? Масканың да түр түрі бар ғой толығырақ тоқталсаңыз

1 жауап

0 дауыс
Қазіргі күні бетке арналған масканың сан түрлісі бар. Соның ішіндегі бетіңізді ылғалдандыруға, жасартуға және сергітуге көмектесетін масканың бірі – көк шайдан жасалатын маскалар.

Маскаларды жасауда тек сапалы көк шайды пайдаланыңыз.

1. Көздің шаршауын басу үшін

Суып қалған шай пакетін не шығарылған шай қалдықтарын көзіңіздің қабағына қойыңыз. 2-3 минуттың ішінде бұл маска көздің шаршауын, ісуін басады.

2. Көздің ісінуін басу үшін

Шығарылған шайдың қалдықтарын үй қаймағымен араластырыңыз. Дәке сүрткішінің көмегімен көзіңізге 5-8 минутқа қойып жатыңыз.

3. Құрғақ бет үшін

Қайнаған қою шайға табиғи қою балды қосыңыз. Масканы бетіңізге бір тегіс етіп жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз.

4. Майлы не жартылай майлы бет үшін

1 ас қасық ашытқы мен 1 ас қасық құрғақ шайға аздап қайнаған су қосып, араластырыңыз. Оны 15-20 минут тұндырыңыз. Уақыт өткен соң араластырып, дайын қоспаға 1 шай қасық лимон шырынын қосыңыз. Масканы бір тегіс етіп бетке жағып, 15-20 минутқа қалдырыңыз. Масканы жылы көк шайымен жуып тастаңыз.

5. Әжімдерге қарсы маска

Жұмыртқаның саруызын көпіршітіп, 1 ас қасық ұн мен қою көк шайды қосып, араластырыңыз. Бұл қоспаны бетіңізге жағып, 15-20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуынып, кез келген нәрлендіргіш иісмайды жағып қойыңыз.

6. Жартылай майлы, жартылай құрғақ бет үшін

1 ас қасық құрғақ көк шайды ұнтақтаңыз. Оған 1 шай қасық зәйтүн майын, 3 ас қасық айран мен 2 шай қасық бидай ұнын қосып, біртұтас болғанша араластырыңыз. Бетке жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз.

7. Майлы бет үшін

1 ас қасық құрғақ көк шайды ұнтақтаңыз. Оған 3 ас қасық айран не йогурт пен 2 шай қасық бидай ұнын немесе крахмал қосып, біртұтас болғанша араластырыңыз. Бетке жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз.

8. Құрғақ бет үшін

1 ас қасық құрғақ көк шайды ұнтақтаңыз. Оған 3 ас қасық сүт пен 2 шай қасық бидай ұнын немесе крахмал қосып, біртұтас болғанша араластырыңыз. Бетке жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз.

9. Бетті жұмсарту үшін

1 ас қасық ұсақ жапырақты көк шайға жарты стақан қайнаған су құйып, қақпақпен жауып, 5 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң 1 ас қасық қаймақ қосып, араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 15 минут күтіңіз. Жылы сумен шайып тастаңыз.

10. Майлы бет үшін

Жұмыртқаның ағуызын көпіршітіп, 2 ас қасық қою көк шаймен араластырыңыз. Оған 1 шай қасық лимон шырыны мен 1 ас қасық ұнтақталған сұлы қауызын қосып, араластырыңыз. Масканы молынан бетіңізге жағып, 15 минуттан кейін салқындау сумен жуып тастаңыз.
...