0 дауыс
993 көрілді
Мамаш және Таһир хандар неден өлген? Не себепті?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мамаш хан билік үшін болған күрестің бірінде қаза болған. Сол жылдары Қазақ хандығының ең қауіпті қарсыласы Мауреннахрдағы шайбанилар әулеті еді. Егерде Мамаш хан сырттан болған шапқыншылық барысында қайтыс болғанда, онда бұл оқиға міндетті түрде XVI ғасырдағы шайбанилық деректердің бірінде айтылғаң болар еді. Сондықтан да біз Мамаш ханды билік үшін күрестің құрбаны деп есептейміз.
«Тарихи Рашидиде» Мамаш ханды бір шайқаста түншығып өлді делінсе, Махмуд ибн Уәли «ол бір ұрыста тапталып өлтірілді» деп жазады . Ал Хайдар Разидың мәліметі сәл нақтырақ айтылады. «...бір шайқаста ол қару- жарағының ауырлығынан және көп тапталудан түншығып өлді», – делінеді онда . Мамаш хан 1522 жылы қаза табады. http://kaztar.kaznu.kz/1/main/nodes/14

Өмірінің соңғы кездерін Тақыр хан қырғыз тайпалары арасында өткізеді. Ақырында сонда жүріп, қайтыс болады.Мұхаммед Хайдар Дулати бойынша, Тақыр ханның бір ұлы болған. Ол да әкесімен бірге қырғыздар ішінде болған, басқа ұрпақтары туралы деректер жоқ.
Біз жоғарыда Тақыр хан туралы оның замандасы Мұхаммед Хайдар Дулатидың пікірлерін дерек ретінде келтірдік. Қадырғали Жалайыр болса, ол жөнінде өте қысқа, әрі нұсқа айтады: «Тақыр хан болды. Біраз күн хандық құрды, бірақ патшалық сырын білмеді» .
Қазіргі күндегі зерттеушілер ішінде Т. И. Султанов Тақыр ханды былайша бағалайды. «... Ол дипломатиялық, әскери таланттарға ие болмады, ... шексіз қаталдығымен, және әділетсіздігімен ерекше байқалды. Және де сонымен бірге мемлекетті басқаратындай қабілеті болмай, өзінің билігімен жалпылама қарсылыққа душар болды. Өз халқынан қуылады» . Осылайша, Тақыр хан тұсында Қазақ хандығындағы «уақытша әлсіреу» одан әрі тереңдеп, саяси бытыраңқылық қалыптасады.
...