0 дауыс
31.1k көрілді
Қазақтан шыққан хандар тізімі?

4 жауап

0 дауыс
1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.
1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы
1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы
1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы
1518-1523ж – Қасымның баласы Мамаш хан болды
1523-1532ж – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды
1533-1534ж – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды
1534-1535ж – Қожа Мақмұт хан болды
1535-1537ж – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан
1538-1580ж – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы
1580-1582ж – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды
1582-1598ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды
1598-1628ж – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі
1613-1627ж – Тұрсын хан билігі
1628-1652ж – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы
1680-1715ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы
1718-1726ж – Батырдың билігі
1726-1730ж – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы
1720-1740ж – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды
1718-1748ж – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды
1748-1786ж – Нұралы Кіші жүзге хан болды
1791-1794ж – Ералы Кіші жүзге хан болды
1795-1797ж – Есім Кіші жүзге хан болды
1797-1805ж – Айшуақ Кіші жүзге хан болды
1805-1824ж – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды
1716-1719ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі
1719-1734ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі
1734-1771ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі
1771-1781ж – Орта жүз ханы Абылай билігі
1781-1819ж – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі
1815-1817ж – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі
1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы
ЖАқсы жауап беріңдер мынаған
0 дауыс
http://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_хандары мына жерде бар
0 дауыс

Шыңғыс ханның ұрпақтары бірте-бірте түркіленіп, соңында оның ұрпақтары Қазақ хандығын құрды. Олар баста Қазақ болған жоқ. Олар баста моңғол болды. Ал қазақтан шыққан хандар тізімін жасайтын болсақ, бізде өзін алғаш Қазақ танып. Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібектің ұрпақтары. 

Астындағы суретке қарайтын болсақ. қазақ хандары емес,Қазақ хандығының хандары деп тұр, сондықтан олардың барлығын қазақ дегеніміз дұрыс емес. 

0 дауыс
Рахмет сиздерге алгысымды билдирем
...