+5 дауыс
662 көрілді

Құрметті сайт қолданушылары.

Қазіргі кезде ұялы телефонға арналған қосымша жасату өзекті тақырып болып тұрғанын мен түсініп отырмын. Егер мен сайт қолданушыларына СЖ-ның қосымшасын жасатып жатқандығы туралы ақпарат таратып жатқанын да оқып қалдым.

https://surak.baribar.kz/553032/

Бірақ ол қосымшаны орнатпай-ақ қойғандарыңыз абзал. Себебі дұрыс жұмыс істейтін қосымша, сайт арқылы базамен API арқылы жұмыс жасауы қажет. Ондай рұқсатты мен берген жоқпын және 3-ші адамға ол рұқсатты бермейтінім анық. Себебі қазір сайтта тіркелген 43 мың қолданушының email және т.б. ақпараттары сыртқа тарап кетпес үшін. Сіздердің ақпараттарыңызды құпия түрде сақтау үшін ондай API-ға рұқсат жоқ.

Сайтта арнайы қосымша арқылы браузерлік нұсқасы болуы мүмкін, бірақ ол қарапайым телефонның браузерін қолдану мен арнайы қосымша арқылы браузерін қолдану екеуі бірдей екендігін естеріңізге сала кетейін.

Сондықтан мен өзім СЖ-ға арналған Android және iOS қосымшасын жариялап хабарламағанша өзге қолданушылар жариялаған қосымшаны орнатпауларыңызды сұраймын. Ол қосымша сіздің ұялы телефоныңызды зақымдап, нұсқан келтіруі мүмкін және де қандай да болмасын қосымшаны тек Play Market арқылы орнатыңыздар. Гугл вирусы бар және зақым келтіретін қосымшаларды Play Market-ке жібермейді. Ал сырттай жүктелген қосымшалар зиянды болып келді.

Досхан жариялаған қосымшада трояндық вирус бар. Ол қосымшаны орнатсаңыз сіздің атыңыздан СМС жіберіп бірліктеріңді тартып алып немесе өзге де ақпараттарды сіздің рұқсатыңызсыз өзге адамға жіберуі мүмкін. Сондықтан сайт қолданушылары сақ болайық.

p.s. Сұрақ-Жауапқа арналған қосымшаларды жасататын боламыз. Сәл күтіңіздер. Сайттың техникалық тұрғыда мәселесін шешіп алайық. Сосын міндетті түрде қосымшасын жасатамыз. Сайтқа арналған қосымшаны мен қалай да күзге дейін жасатып, іске қостырамын.

Неге бұл сұрақты бәрі минустап кеткен? :))

5 жауап

–1 дауыс
Иа бәріде түсінікті.Бірақ қосымша болғанда керемет болар еді
–2 дауыс
Әрине күтіп қаламыз.

Оның қандай жеңілдіктері болады? Мәлімет беріп өтсеңіз.
–1 дауыс
Жарайды, бірақ Досханның да еңбегі бар ғой. Бір рет ниетіне рахмет айтуға тұрарлық іс емес пе?
0 дауыс
Оған болса да рахмет. Сіздің программалық қабілетіңізге тәнтімін негізі. Сайтқа жаңаша жетістіктер тілеймін.
–3 дауыс
опшым, осы сұрақ-жауапт сайтының менюінде ресми мобильді қосымшаға сілтеме орнатылмай, басқа қосымшаларды орнатпаған жөн
...