0 дауыс
957 көрілді
Велосипед айдаған,денсаулыққа пайдалы ма?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Велосипед айдаған денсайлыққа ,әрине,пайдалы. Велосипед тебу бұлшық етті шынықтырады.
+3 дауыс
Велосипед тебу бұлшық етті жаттықтырып, ағзаның төзімділігін арттырады. Қала көшелерінде велосипедпен жүру тез әрі ыңғайлы, жол тығындары кезінде велосипедтің көліктер алдындағы артықшылығы қатты байқалады.

Велосипед тебу – артық салмақ тастауға жақсы көмекші бола алады. Ол аяқ бұлшық еттерін жаттықтырып, сізді шымыр қылады.          

Велосипед тебу жүрек-тамыр жүйесін жақсартады. Ал егер велоспорт күнделікті әдетіңізге айналса, жалпы денсаулығыңыз жақсы болады.

Велосипед серуендері кезінде аяқ, сан бұлшық еттері жұмыс жасайды. Сонымен қатар іш, жамбас, балтыр, тобық та жаттығады. Бұндай спорт түрі қимыл-қозғалысында қиындықтары бар, варикозға шалдыққандарға жақсы ем бола алады.
Менің велосипед айдағаныма көп жыл болды.
+1 дауыс
Аяқтың бұлшық еттерін татайтуға, буынды жақсартуға өте пайдалы. Бір шетінен артық салмақ кетеді.
...