0 дауыс
1.7k көрілді
Мына есептерді шығарып бересіздер ме?

1.Жер радиусы 6370 км . Жер бетініен 4 км биіктіктегі ұшақтан қаншалықты алыстықты көруге болады?

артындағы жауабы: 225,8 км

2.Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышының  төбесінен жүргізілген биіктік гипотенузаны кішісі 11 см болатын екі кесіндіге бөледі.Үшбұрыш катеттерінің қатынасы  6:5 ке тең .Осы үшбұрыштың гипотенузасын табыңдар ?

артындағы жауабы  671/25см

3.АВС үшбұрышының АД және ВК биссектрисалары О нүктесінде қиылысады .Егер АВ= 5 см ,ВС =3см, АС= 7 см болса ,  онда ОК:ОВ қатынасы неге тең?

артындағы жауабы: 7:8

1 жауап

0 дауыс
Сен негізі артынан қарап айтады екенсің оны өзің шығаруға басың жететін шығар. Өзіңнің сыныбыңның есебі ғой. Ал артындағы жауап тек тексеруге арналған.
...