0 дауыс
13.4k көрілді
Еріннің ісіп кеткені ненің белгісі болуы мүмкін? Мүмкін бауырданба немесе асқазан ба кім біледі?

1 жауап

0 дауыс

 
 


Суық мезгілде еріннің жағдайы нашарлайды: жырықтар пайда болып, шытынайды. Оның себебі неде?

Бұл қиындыққа көбінесе темекі шегетін, суды аз ішетін және еріндерін жалай беретін жандар ұшырайды.
Сондай-ақ, дұрыс тамақтанбау, ағзадағы гормондар жұмысының бұзылуы, А, Е, В дәрумендерінің тапшылығы
еріннің ісуіне себеп болады. Диабет, диарея, фарингит ауруларымен ауырған кезде және дене
температурасы көтерілген жағдайда да ерін ісіп кетуі мүмкін.
Осындай қиындыққа тап болсаңыз, рационыңызға дәрумендері мол азық-түліктерді қосыңыз.
Әсіресе, Е дәруменіне ерекше көңіл бөліңіз. Көкөніс, жеміс-жидек, балық, бауыр етін көбірек жеуге тырысыңыз.
Ерінге арналған сұйықтықтар мен кремдерді молынан қолданыңыз.

Сондай-ақ ерініңіз ісіп кеткен болса, сізге А мен В2 дәрумені жетіспегені.
Бұл жағдайда ауыз қуысы гигиенасына жеткілікті көңіл бөліну керек. Сондықтан, тек ерініңізге күтім көрсетіп
қоймай, ауыз қуысына да көңіл бөліңіз. Тісті дұрыс күтіп, дұрыс тазалап, тілді тазалауды да ұмытып жүрмеңіз.
Егер ерініңіз ерекше қанап, қатты ауырып жатса, стрептокок, стафилокок және
Candida саңырауқұлақтарына анализ тапсырғаныңыз жөн болады.
Мәселе сонда болса, ем алуыңыз қажет. С және В дәрумендерін, иммунитетті жоғарылататын
сироптарды ішіп, ішімдік, ащы мен тұзды қысқартыңыз.

Келесі ережелерді ұстаныңыз:

* Ерінді жалап, қабықшаны жырмаңыз! * Гигиеналық далап қолданыңыз. * Таңертен тіс тазалап болған соң, жұмсақ тіс щеткасымен ерініңізге массаж жасаңыз.

``Бұл еріндегі қан айналымын дұрыстайды, сондай-ақ кішігірім пилинг болады.
* Күнде кешке ерініңізге май (мысалы, шырғанақ майын) жағып жатыңыз. Еріннің терісі - өте құрғақ, май шығармайды, ылғалға тапшы.

 

...