+3 дауыс
3.3k көрілді

Еріннің жан-жағы қызарып, су тисе ашиды ғой сол кезде тез басу үшін не жағуға болады ? 

помада жағып көрдіңіз ба?
немесе май
помада көмектеспейді
Белгісіз

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

 

Осындай қиындыққа тап болсаңыз, рационыңызға дәрумендері мол азық-түліктерді қосыңыз. Әсіресе, Е дәруменіне ерекше көңіл бөліңіз. Көкөніс, жеміс-жидек, балық, бауыр етін көбірек жеуге тырысыңыз. Ерінге арналған сұйықтықтар мен кремдерді молынан қолданыңыз. 

Сондай-ақ ерініңіз жарылған болса, сізге А мен В2 дәрумені жетіспегені. Бұл жағдайда ауыз қуысы гигиенасына жеткілікті көңіл бөліну керек. Сондықтан, тек ерініңізге күтім көрсетіп қоймай, ауыз қуысына да көңіл бөліңіз. Тісті дұрыс күтіп, дұрыс тазалап, тілді тазалауды да ұмытып жүрмеңіз.

Егер ерініңіз ерекше қанап, қатты ауырып жатса, стрептокок, стафилокок және  Candida саңырауқұлақтарына анализ тапсырғаныңыз жөн болады. Мәселе сонда болса, ем алуыңыз қажет. С және В дәрумендерін, иммунитетті жоғарылататын сироптарды ішіп, ішімдік, ащы мен тұзды қысқартыңыз.

+1 дауыс

Ол герпес ауруы болуы мүмкін. Дәрігерге көріну керек.

0 дауыс

Ацикловир не Зовиракс кремін жағыңыз.

0 дауыс
ерінініз жарылып кеткен болар кәдімгі памада көмейтеспейді өзіне арнаулы памадымен істеу керек
...