МЮ Роналдуды қайтарып алу мақсатында қанша сома ұсынды Реалға ?

0 дауыс
356 қаралым
МЮ Роналдуды қайтарып алу мақсатында қанша сома ұсынды Реалға ?
• Санаты: Жалпы спорт | 356 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» футбол командасы Криштиану Роналдуды өздеріне қайтаруға әрекет жасауда. Клуб басшылығы португалдық шабуылшыға 277 миллион доллар беруге әзір. Егер ойыншы рекордтық сомаға келісер болса, онда келесі маусымнан бастап ағылшын премьер-лигасында өнер көрсететін болады.

«Манчестер Юнайтед» басшылығы ағылшын премьер-лигасындағы теледидар эфирінен түскен қаржыны Роналдуды сатып алуға жұмсамақ.

Естеріңізге сала кетсек, «Қызыл сойқандар» Роналдуды 2009 жылдың маусым айында «Реалға» 65 миллион евроға сатқан болатын. Бір жыл өткесін жаңа келісімшарт жасалып, Роналду әлемдегі ең жоғарғы жалақы алатын футболшы атанған-ды. Ол келісімшарт 2018 жылдың жазына дейін күшінде болады. Роналду «Манчестер Юнайтед» сапында 2003 жылдан 2009 жылға дейін өнер көрсетті.
127,956 сұрақ
322,863 жауап
153,167 пікір
72,966 қолданушы