0 дауыс
1.8k көрілді
Сəлеметсіздерме? Мені өте қынжылтып жүрген сұрақ. Егер білсеңіздер көмектесініздерші. Əсіресе дəрігірлер. Менің көзім бір сызықта емес, яғни екуі бірдей емес. Біреу төмен біреуі сəл жоғарлау. (көз қарашығы емес) құлақта сол. Қысқасы денемнің бір жартысы екіншісінен сəл төмен. Ол қандай аурудан??? Сырт көзге көп байқалмағанмен камераға түскенде байқалады.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
"Асимметричное лицо" деп аталады. Ол барлық адамда бар, жер бетіндегі бүкіл адамдарда сондай бар. Екі жағы тура бірдей болу миллионның бірі шығар. Ешқандай ауру емес ол. Көп адамдарда ол білінбейді, кейбір адамдарда ғана байқалады. Тағы да айтарым ол ешқандай ауру емес. Егер қатты айқын білінетін болса ғана гармонизация лица деп аталатын пластикохирургиялық операциямен дұрыстайды. Ол енді өте анық білініп, өзгертпесе болмайтын жағдайда ғана, сіздің жағдайда ол қажет емес. Көп адамдар бір қырымен түскен суреті тура солай екінші қырымен түскен суретінен әдемі көрінеді. Ол да асимметрия болғандықтан. Анықтап қарасан кез келген адамнан табасын асимметрияны) Просто, оған ешкім мән бермеген сон байқамайды)
Ия, сіздің айтып отырғаныныз менің іздегенім. Алла жар болсын сізге ! Селфи жасағанда мүлде байқалмайды. Артқы камерамен анық байқалады. Интернетті шарлайын енді. Рахмеет көөп!!!
0 дауыс
Сары аурудан болуы мүмкін.
Ол қандай ауру толық жазып кетсеңіз??? Емі барма??
оны қайдан шығардыңыз...
0 дауыс
ЖҰҚПАЛЫ САРЫ АУРУ немесе вирусты гепати.

Денсаулық – адам өміріндегі басты құндылық. Егер адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей, ұзақ өмір сүрген болар еді. Дегенмен, бүгінгі таңдағы алаңдататын ең басты мәселе – қоршаған ортаның ластануы, осыған қоса дұрыс күтімнің, жеке бас тазалығының болмауы. Осының салдарынан көп тарайтын аурудың бірі – сары ауру.

Жұқпалы сары ауру немесе вирусты гепатит – бауырдың кең тараған ауруларының бірі. Оны сыртқы ортада тұрақты өмірге бейімділігі жоғары кішкентай (майда) тірі организм - вирус тудырады. Ол аурудың қаны мен зәрінде болады. Вирус тұрмыстағы ластанған заттар, қол, су, тағам өнімдері арқылы айналадағыларға беріледі. Гепатит А-ның негізгі белгілері: тәбеттің төмендеуі; оң қабырғаның астының ауруы; дене қызуының көтерілуі (37,5); жүректің айнуы, кейде құсу; әлсіздік, дімкәстік; зәрдің түсінің қоңырлануы; үлкен дәреттің түсінің ағаруы; таңдайдың, көз ағының сарғаюы, кейін терінің сарғаюы.
Санитарлық ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондай-ақ вирусты гепатит ауру адамдар дайындап, таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады. Сары ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы үш аптада аурудың ешқандай белгілері білінбейді. Мұны жасырын инкубациялық кезең деп атайды. Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралу өте маңызды, дәрігер зерттеу тәсілдерінің көмегімен диагнозды дұрыс қойып, ем береді және режим, диета белгілейді, асқынудың алдын алады. Инкубациялық кезеңнен соң дененің сарғаюы басталады. Алайда, аурудың сарғаймайтын формасы да кездеседі, бұл айналадағы адамдарға қауіпті. Егер ауырған адам дер кезінде емделмесе, үш аптадан соң дене сарғаюлары кетіп, денсаулығы қалыптасып кетеді. Науқас жеке адам гигиенасын және қоғамдық гигиенаны сақтауы керек: қайнатылған немесе өз шөлмегіндегі суды ішу; тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннан соң қолыңызды сабындап жууды әдетке айналдыру; суға әдейілеп бөлінген жерде шомылу; ашық су айдындарынан, өзеннен алынған суды ішуге пайдаланбау; көкөністер мен жемістерді жақсылап, мұқият жуып пайдалану.
Вирустық гепатит тағам өнімдері арқылы да берілетін болғандықтан асхана, кафе, азық-түлік дүкендерінде санитарлық гигиеналық ережелер ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде балалар санының артық болмауын және оларда тазалықтың сақталуын қадағалап отырған абзал. Балалар әрдайым медициналық тексеруден өтуі тиісті. Сапалы сумен, тамақпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілулері қажет. Ауру шыққан үйлерде, мектептерде, балабақшаларда, т.б. нысандарда қорытынды дезинфекция 3% хлорлы дәрімен міндетті түрде өткізілуі қажет немесе соңғы шыққан дезинфекциялық дәрілерді кеңінен пайдалану керек: деохлор және жавелин таблеткалары, авансепт, мистраль, ID-212, FD-312 концентрациялық сұйықтар. Аурудың үйінде бөлмелері, ыдыс-аяқтары, әжетханалар, ал мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ауырған болса, сол ауырған бала оқитын сынып бөлмелері, дәліздер және әжетханалар зарарсыздандырылады.
Ауыз су сақталатын құдықтарды таза ұстау міндетті. Оларға жақын жерде канализация жүйелері, қоқыс үйінділері, мал суаттары болмауы қажет. Ауыз су құдығының түбі мен қабырғасын лай қоқыстардан тазалап, құдықтың ішін 0,015% деохлор ерітіндісімен зарасыздандыру керек, 30 минут экспозициядан кейін таза ауыз сумен жуып, содан кейін барып құдықты қайтадан таза ауыз сумен толтыру керек. Құдықтың аузы тығыз жабылатын қақпақпен жабылып, кілттенуі тиіс. Әрбір нысандарда дәретханалар мен қоқыс жәшіктері болуға міндетті. Әсіресе, тіс емханасында, шаштаразда, татуировка жасау кезінде өте абай болған жөн, өйткені аурудың бұл түрі созылмалы ауруға, кейін рак ауысатын бауырдың қабынуына әкеліп соғады. Сол себептен алдын ала сақтық шараларын жасап, дәрігермен жиі кеңесіп, өз денсаулығыңызды күткеніңіз жөн. Өйткені, денсаулық - басты байлық екенін ұмытпаңыз.
0 дауыс
Емі.

Балалардағы сары ауру.

Аурыдын  этиологиясы,

  диагностикасы,

себептері,

 белгілері,

 эпидемиологиясы,

 емі ,  күтімі  ,

арнайы  санитарлық  алдын  алуы

Вирусты гепатит

Вирусты гепатит жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Негізінен бауыр зақымданып, зат алмасуы бұзылып, денесінің сарғаюымен қатар басқа да клиникалық көріністері ұқсас вирусты аурулар.

Қоздырғышы:-жай микроскоппен табылмайтын вирус. Оның 4 түрі бар: «А» вирусы, «В» вирусы, не «А» не «В» емес вирус, Дельта-вирус.

Эпидемиологиясы:

1.Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш вирус тасымалдаушы.

2.Аурудың таралу жолдары-«А» вирусы-фекальды-оральды жолмен; «В» вирусы дұрыс тазартылып залалсыздандырылмаған медициналық құрал-жабдықтар(шприц, инелер т.б.), қан арқылы; не»А» емес не «В» емес вирус-ауыз арқылы да, қан арқылы да, тыныс жолымен де таралады; Дельта-вирус әлі зерттелуде.

3.Төзімділік (сезімталдық)-«А» гепатитімен 6-15 жас аралығындағы балалар, «В» гепатитімен көбіне 1 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.

4.Маусымдылық-«А» гепатиті күз-қыс айларында жиі кездеседі. «В» гепатитіне маусымдылық тән емес.

5.Иммунитет-тұрақсыз, әр-түрлі вирусқа бөлек.

Аурудың даму механизмі-қоздырғыш қанға өтеді де, қан ағымымен бауырға жетеді. Осы жерде өсіп-өніп, улы заттар бөліп шығарады, бауыр клеткаларын зақымдайды, бұл зат алмасуының бұзылуына әкеліп соқтырады, бауыр клеткаларының токсиндерге (уыттарға) қарсы қызметін нашарлатады.

   Клиникалық белгілері:

Аурудың барысы 4 кезеңге бөлінеді:

Инкубациялық немесе жасырын кезең- «А» гепатитінде 14-50 күн, «В» гепитінде 50-180 күн.

2.      Бастапқы немесе  сарғайуға дейінгі кезең ұзақтығы бірнеше  күннен 2 жұмаға созылды ; баланың жалпы жағдайы бұзылады-шаршағыш болып, тәбеті төмендейді, денесінің қызуы көтеріледі, кекіррік пайда болады, буындары сырқырап, бауыр тұсы ауырады, жүрегй айнып құсуы мүмкін. Осы симптомдармен қатар аурудың ерте білінетін белгілерінің бірі зәр түсінің қоңырқай тартып сыра түстес болуы, ал үлкен дәретінің түсі жайылып ағара  бастауы да мүмкін.

Аурудың өрістеу кезеңі немесе сарғаю кезеңі-ұзақтығы 2-3 апта. Көздің ауыздың шырышты қабығының , таңдайдың, терінің  сәл сарғыштан қою сары түске дейін боялуымен сипатталады. Бауыры мен көк бауыры ісіп денесінде қызарған бөртпелер пайда болады., кейде мұрнынан, қызыл иегінен қан кетіп, денесі қышиды, зәрінің түсі қоюлана түседі.                   Қанның биохимиялық анализінде биллирубин көрсеткіші жоғары көтеріліп  (нормада-20 ммоль) тимол көрсеткіші (4 ед), АЛТ көрсеткіші (0,68 ммоль) жоғары көтеріледі.

Аурудың аяқталу кезеңі-бауырдағы қабыну процесі азайып, оның қызметі ретке келеді: баланың жалпы жағдайы жақсарып, зәрінің және нәжісінің түсі дұрысталады. Бауырдың ісігі азайып,  сарғаю кетіп, анализдері қалпына келеді.

        «В» гепатиті көбіне ауыр өтеді:жалпы жағдайы қатты өзгереді, денесі қатты сарғайып, қандағы биллирубин мөлшері өте жоғарры болады. Кейде ауру бірнеше рет қайталанып созылмалы түріне айналады. Ал созылмалы гепатит бауыр циррозына айналуы мүмкін.

Асқынуы:-бауыр клеткаларының некрозға ұшырауы салдарынан бауырдың жедел дистрофиясының дамуы. Бұл асқыну бауыр комасына жалғасады-балада әлсіздік, қатты бас ауыруы, тәбеттің жойылуы, қайтара құсу, ббауыр тұсының ауырсынуы, бауырдың көлемінің тез кішірейіп кетуі, мұрын мен қызыл иектен, ішектен қан кетуі байқалады. Ауру баланың ақыл-есі тұманданып біраздан кейін ұйқы басып кома дамиды. Адамның демінен бауыр иісі шығады. Бұл асқыну көбіне науқастың өліміне әкеліп соғады.

   Емі: 1. Ауру баланы міндетті түрде ауруханаға жатқызу қажет. 2-3 аптаға төсек режимі тағайындалады.

2. Диета-№5 стол: сүтке пісірілген тағамдар, айран, сүзбе, ірімшік, суға немесе буға пісірілген майсыз сиыр еті, балық, құс еті, жеміс-жидек, көкөніс тағамдары, бал, шырындар.

   Ауру балаға қуырылған майлы, ащы, тұзды, қақталған, ысталған , сірке қосылған тағамдар пайдалануға болмайды.

   3. Детоксикалық терапия-ауыз арқылы және венаға 5% глюкоза ерітіндісі, гемодез, Рингер ерітіндісі, физиологиялық ерітінділерді құюға болады.

   4. Витаминдер комплексі.

   5. Өт айдайтын дәрілер.

   6. Өте ауыр жағдайда гармондар тағайындалады.

   7. Физиотерапиядан: УВЧ, парафин, озокерит пайдаланылады.

Күтімі: Палатада таза ауаның жеткілікті болуы, баланың терісінің және шырышты қабаттарының тазалығын, төсекке көп қимылды керек қылмайтын ойындармен ойнауын, диета сақтауын қадағалау.

Алдын алу: 1. Ауру адамды оңашалау.

   2. СЭС-ке №58 форма бойынша хабар беру.

   3. Ауру адаммен қарым-қатынаста болған адамдарды жасырын кезең біткенше бақылауға алып, зәрін және қанын биохимиялық анализге тексеру.

   4. Ауру ошағын дезинфекциялау (үйіндегі ыдыс-аяқтары, төсек-орын, құрал-жабдықтары, киім-кешегі 3% хлорамин ерітіндісімен залалсыздандырылады).

   5. Донорларды тексеру.

. 6.Ауру адамдарды бір рет қолданылатын медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету.

7.Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.

Арнайы алдын алуы: вакцинация1-ші күні, 2,4 айлығында 0,5мл б/е.
0 дауыс
Сары аурудың алдың алу жолдары.

Бірақ ондай түрлері менде жоқ сиақты. Бірақ кіші дəретім вз шығады. Содан да болуы мүмкінбе? Жалпы еиі барма? Қалыпқа келеме дене?
...