0 дауыс
2.7k көрілді

       Мен болашақ бухгалтермін! 1с деген не?біздің жұмысымыз ауыр бола ма? қай жерде жұмыс істеуге болады? айлығымыз қанша болады шамамен рахмет жауаптарыңызға))

3 жауап

+1 дауыс

1С Бухгалтерлік программа, бухгалтерлік жұмысты өте жеңілдетеді есеп-қисаптың бәрін өзі шығарып береді (начис.зарплаты, 10%, соц, налогтар....т.б.). Бірақ жұмысқа тұрған мекемеңізде (фирмаңызда) ол бағдарлама болса, (қымбаттау тұратын бағдарлама, сосын жаңартылып тұру керек, алуға шамасы жететін болса дегенім ғой)

1С-ті үйреніп алғыңыз келсе арнайы курстар бар, негізінен өте қиын бағдарлама емес, қазіргі шыққан 1С-тің 8 версиясы тіптен оңай. 

Бухгалтердің айлығы кірген мекемеңізге байланысты әрине. мысалы бюджетте 50-70 мың аралығында, ал жеке меншік фирмаларға орналассаңыз ол фирманың табысына байланысты болады, ірі мұнай компанияларында 700 мыңнан жоғары

Соңғы кеңесім, бухгалтерлік жұмыстың бір жаманы дұрыс айлық табатын жұмысқа кіру үшін стаж керек, стажсыз жөнді фирмалардың ешқайсысы да алмайды. Сондықтан айлығы аз болса да бірінші табылған жұмыстан бастауға тура келеді (кем дегенде 1-2 жыл істеп стаж жинап алу керек)  

+1 дауыс
1с тек Бухгалтерлік программа емес. барлық жағдайда қолдануға болады мысалы; барлық ақпаратты сақтау, оңай табу, жеке мәліметтерді жинақтау, автоматты түрде барлық есепті есептеу, кез келген формулада бланка жасақтау. т.б көп...  өте жақсы бағдарлама. Мен 4-5 жыл бері қолданып келемін тез үйреніп кетесіз. Жұмысқа кірсеңіз барлық кеңседе қолданылады, бұрыннан жасап келе жатқан мамандар үйретеді.
0 дауыс
сонда 1c қанша теңге тұрады)
...