0 дауыс
645 көрілді
" Күй ойнайды қазағымның қанында,
Ò         Күй ойнайды қазағымның жанында,
Ò         Жүрегімнің, жүрегімнің дүрсілі,
Ò         Қазағымның домбырасы барында.." - жырын  әуенімен бірге тауып бере аласыздар ма қажет!(*)

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
[Домбыра туралы баллада][1] әнін осы жерден жүктеп ал.

Домбыра туралы баллада
әні Кеңес Дүйсекеевтікі
сөзі Шөмішбай Сариевтікі
 
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің,
                   жүрегінің,
                                     жүрегінің дүрсілі -
Күмбірлеген домбырасы барында.
 
Қайырмасы:
 
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
 
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі,
              үзіледі,
                            үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
 
Қайырмасы:
 
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын,
                         армандарын,
                                                  армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
 


  [1]: http://muzofon.com/search/%D0%B4%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D1%8B%D1%80%D0%B0%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B0
...