[Домбыра туралы баллада][1] әнін осы жерден жүктеп ал.
Домбыра туралы баллада
әні Кеңес Дүйсекеевтікі
сөзі Шөмішбай Сариевтікі
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің,
жүрегінің,
жүрегінің дүрсілі -
Күмбірлеген домбырасы барында.
Қайырмасы:
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі,
үзіледі,
үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Қайырмасы:
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын,
армандарын,
армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
[1]: http://muzofon.com/search/%D0%B4%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D1%8B%D1%80%D0%B0%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B0