0 дауыс
8.8k көрілді
Руың кім?? Тума-туыстылар бар болар арамызда)) Мен өзім табын руынан шыққанмын) Сіз ше? Егер өз руларын туралы қызықты мәліметтер бар болса, жазыңыздар!)
Ру жағын сұрастыра берсең жан жарың туысың болып шығады)))
Бұндай сұрақтар қойма, өйткені біреу адай десе екіншісі алғи болса бір-біріне төмен дауыс береді

10 жауап

+2 дауыс
Найман>Матай>Қаптағай>Қыдыралы


Матай— Орта жүз найман тайпасының құрамына кіретін рулар бірлестігі. Шежіре деректері бойынша Матайдан аталық, кенже, қаптағай рулары тараған. Майтайлар Шығыс Қазақстан облысы Шар, Қызылсу, Көкпекті, Былқылдақ өзендерінің алқабы мен Шыңғыстау, Жуантөбе, Салқынтөбе тауларының атырабын мекендеген. Қаптағай ұрпақтары (қыдыралы, құлшан, төртқара, толыбай, төртсары, ақтілес, көлдей, жұмбай, қаржау, бөрте) Лепсі, Қапал өзендерінің және Ақсу, Сарқант, Бүйен өзендерінің алқабын қоныстанған. Ұраны — Қаптағай, Бөрібай. Рулық таңбасы — (бөрі) !!!!!!!!!!!!!!!!!!
Қай жақтансыз?)
Алматының сұлуы ғой)
Алматы,Талдықорған. папам Қапалдан)
Туысқан екенбіз)))
ваау) сіз де наймансыз ба?) күшті екен))
0 дауыс
Мен Қазақ - Ұлы жүз - Сіргелі - Батыр...

Сарыағаш ауданының басым бөлігі Сіргелілер екенін білемін. Сосын, Сіргелілер ОҚО-дан басқа облыстарда сирек кездеседі, олардың өзі кейіннен көшіп барғандар...

Ал Нағашыларым Қазақ - Ұлы жүз - Дулат - Сиқым руы.
0 дауыс
Ұлы жүз. Оның ішінде Суан боламын.
0 дауыс
Улы жуз-Ысты-Ойык Болам

Динмухаммед Конаевта Ойык.
0 дауыс
Ұлы жүз, Бесуыл руы...

Бесуыл елi мынандай ретпен келiп шыққан...

Мыңтайдан - Жауынбай, Қармыс шығады. Жауынбайдан - Боқа тараса, Қармыстан - Жиенбай, Құдайқұл, Көшек, Малай, Нанай деген бес ұл дүниеге келiп, көбейедi. Халық мiне осы бес ұлды, бес ұл дей келе кейiн, Бесуыл атандырған... Бесуылдың шығу тарихы осы. Нанайдан ұрпақ қалмаған, Малайдан аз ұрпақ болып, оның жартысы Құдайқұлға, жартысы көшекке сiңiп кеткен. Көшек пен Құдайқұл қыз алыспайды. Ал Бесуыл деген атты тек Жиенбайдан тарағандар ғана сақтап отыр. Кейбiр адамдар Бесуыл аты осы Бербайдан шыққан дегенi дұрыс емес. Себебi: Бесбай - Бесуылдың баласы...

Ел болған соң көпшiлiктiң әр-түрлi деңгейдегi адамдар шығады. Бесуылдан шыққан сондай адамдардың бiрi - Бердiқожа батыр. Ол атақты Қабанбаймен дос болып, жауға ұрандасып бiрге соғысқан. Қабанбай батырға ер-тоқым мен ат сыйлап, достығы арта түскен адамдар екен. Малайдың баласы Айтымбай батыр елiн, жерiн сыртқы жаудан қорғауда ерен ерлiк көрсеткен батыр болған адам. Жиенбай баласы Ноғай батыр денесiне найза қадалса да оны суырып тастап жаумен алысқан батыр адам екен...

Жаза берсең көп, келешекте осыларды iнi - қарындастарым оқып жатса, осындай батырлардан тарағанын бiлiп, Бесуыл руына дақ келтiрмей, халқына адал қызмет етiп, өнеге болатындай адамдар болса екен деймiн...
0 дауыс
Қоңырат  ішіндегі  Оразгелды деген шымкенттыкышымкенттыкымын
0 дауыс
Қызық екен!!! Мен де Кіші жүздің Табын руынан шыққанмын.
0 дауыс
Қоңырат ішіндегі Жиенбет батырдан боламын, айтарың бар ма еді?
0 дауыс
Ассалаумағалайкум, мен Найман ішіндегі Көлдей руынан шыққанмын. Көлдейлер жайлы ақпарат аз екен бар білетінім Көлдей Матайдан тарапты. Білетіндеріңіз болса жауап күтемін. РАХМЕТ!
0 дауыс
Қоңырат Жиенбет
...