0 дауыс
576 көрілді
Адам суға тұңшығып демалалмай жатса нестеу керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Алғашқы көмек көрсету

 

Зардап шеккенге алғашқы көмекті судан көтеріп, жағаға немесе катерге жеткізгенше көрсету керек.

Зардап шеккеннің жағдайын толық білу қажет.

Зардап шеккен адамның әзір есі болса, үстін құрғатып сүртіп, жылы жерге әкеліп, ыстық шәй, кофе немесе шарап беру керек.

Ал егер, зардап шеккен адам көп уақыт бойы су астында қалып, ессіз жатса, егер ол тұншығып (асфиксия) немесе клиникалық өлім жағдайында болса, дереу дәрігер шақыру керек.

Дәрігер келгенше уақытты жоғалтпай, зардап шеккенге алғашқы көмек көрсетуді бастау керек; зардап шеккен адамды шешіндіріп, оның ауыз-мұрнын лай-құмнан тазартып, ұртына таза орамалдан істелген білекше немесе кесек ағаш салу керек; тез арада өкпеге жасанды дем беруге кірісу керек.

 

   
 

Тыныс жолдарын

судан тазалау.

   

Зардап шеккеннің

ауыз-мурнын тазалауға дайындық.

 
   
       

Ауыз, мурынды тазалау.                                  «Ауыздан ауызға» дем

беру үшін ауызды ашып дайындау.

Зардап шеккенді катерге, құтқару қайығына салып жағаға жеткізгенше, жасанды дем беруді жалғастыру керек, ол үшін ауа шығарғыш немесе арнаулы демалғыш және Рубенс қабын қолдану керек. Ұйқы тамыры соқпаса тез арада жүрек сылауына кірісу керек. Жұтқан суды толығымен өкпеден шығарамын деген ой қате (орындалмайтын іс).

Зардап шеккенді етбетінен жатқызып, аяқтарын иіп, кеудені қырынан қысып (10-15 секунд ішінде) осыдан кейін зардап шеккенді арқасына аударады.

Егер тістерін аша алмаса, ауызын қолмен ашып, арнаулы санитарлық сөмкедегі жабдықтарды немесе қолда бар қатты заттарды (қасық және т.б.) қолдану керек.

Адамның ауызын саусаққа мата орап алып тазалайды. Ашу қиындаса, төмендегі жақты басу керек. Тыныс жолдарын судан тазалау үшін арнаулы сорғыш қолданылады. Өкпе ісігін күшейтпеу үшін көбігін шығарғанша тазаламау керек.

Зардап шеккенді құтқару орталығына жеткізгенше бүкіл шараларды жалғастыра беру керек. Аса бір қателік — жасанды дем беруді тоқтату. Зардап шеккеннің уақытша дем алуы, оның толық қалпына келуі емес, сондықтан ессіз болса да, өкпенің ісігі болса да жасанды дем беруді жалғастыру керек. Жасанды дем беру желісін, демалуы 1 минутта 40 рет соғып, денесі көгере бастаса да жасау керек.

Көмекті тезірек, үзбей, уақытымен көрсетуді әруақытта есте ұстау керек.

«Ауыздан ауызға»  жасанды дем беру техникасы Зардап шеккеннің қаптал жағынан тұру керек;

Бір қолды зардап шеккеннің маңдайына, екінші колды иегіне қойып, басын шалқайтып, төменгі жақты жоғарғы жаққа көтеріп, қысу керек.
Саусақтармен иегін ұстап, төменгі ерінді қысып зардап шеккеннің ауызын жабу керек;
Ауаны терең алып зардап шеккеннің мұрнын ауызбен жауып «ауа шықпайтын күмбез» жасау қажет;
Зардап шеккеннің мұрнына қатты дем жіберу керек.

Ауызға немесе мұрынға орамал, мата арқылы дем беру, ауа өтуін қиындатады. Жасанды дем берудің «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» жасалатын қарапайым шарты — зардап шеккенге ең ығғайлы әдіс.

 

 

«Ауыздан мұрынға» әдісімен жасанды дем беру.

 

Құтқарушыда арнаулы жабдықтар болса, зардап шеккенді арқасына жатқызып, жауырын арасына білік қойып, басын шалқайтады.

Ауа шығарғыш (арнаулы) бір шетімен зардап шеккеннің ауызына кіргізіледі. Ауа шығарғышты тіс арасынан жоғарғы иілген жағымен төмен, содан кейін ойысқан жағын төмен айналдыру керек.

Ауа шығарғыш дұрыс орналастырса, тіл ауыздың түбіне қыстырылуы керек, тілдің тыныс жолын жауып тастамауы керек. Зардап шекеннің мұрынын екі жағынан саусақпен қысу керек.

Терең демалып, ауа шығарғыштың шетін ауызға алып, зардап шеккенге дем беру керек, көмек беруші ауызын ауа сорғыштың шетін босатуы керек.

Құтқарушы жалғыз адам болса, жасанды дем берумен жүрек уқалауы 1:4, 1:6 көлемінде, 1 демалыста 4-6 сылау қозғалысы, басқа да 2:15 көлемінде, тек 1 минутта 16-18 дем және 70-72 сылау қозғалысы болуы қажет.

 

Жүректі уқалау

Жүректі уқалау тәсілі қандай?

Жүрек екі сүйек құрылыс арасында орналасқан: төс сүйек және омыртқа жотасында.

Егер адамды  клиникалық өлім күйінде қатты жерге (еден, стол, керуеттің шеті)  арқасымен жатқызса, ал үшінші астыңғы бөлігінің төс сүйегін екі қолмен бар күшпен басып тұру керек, сонда төс сүйек 3-5 см иіледі,  жүрек сыртқы сүйектер арасында басылады – жасанды сығылу болады, демек жүректің систоласы, жүректің систоласы кезінде қан оның қуыстарынан ірі  күретамырларға ығыстырылады. Колды төссүйектен жіберген уақытта, диастола болады, сол уақытта қан ірі тамырлардан жүрек қуысына құйылады.

Жүректі уқалау түзу емес техникасы

Ауруды қатты жерге (еден, стол, керуеттің шеті) арқасымен жатқызу.

Назар аударыңыз! Жұмсақ жерде жүректі уқалау нәтижелі емес, сонымен қатар қауіпті: бауырды жыртып тастау мүмкін!

1. Жүректі уақалау кезінде  бауырға жарақат тигізбеу үшін белдікті ағыту(немесе іштің жоғарғы бөлігін қысып тұратын киімнің бір бөлігін).

2. Зардап шеккеннің оң және сол жағынан тұру.

3. Өз қолыңның алақаны ( шұғыл жазудан кейін) зардап шеккеннің төс сүйегінің төмен жағына қойып. бұл аралық, қол буынымен төс сүйегінің ұзыныдығымен бірдей болу керек

 

 

Сыртқы (түзу емес) жүректі уқалау

 

 

 

түзу емес жүректі уқалау кезінде қол мен төс сүейктің жанасуы.

 

жүректі уқалау кезінде төс сүектің ығысуы.

 

 

түзу емес жүректі уқалауды  орындау

 

4. Төс сүйекке басуды күшейту үшін көмек көрсетуші екінші қолын бірінші қолдың үстіне қояды, екі қолдың да саусақтары көтеріліп тұру керек, жүректі уақалаған кезде саусақтар төс сүйекке тимеу керек. Қолдар төс сүйекке перпендикуляр болу керек, тек сол күйде қолдың орналасуы төс сүйегіне тік соққы қамтамасыз етіп, жүректің басуына әкеледі.

Көмек көрсетуші тез алға еңкейіп өзінің салмағын пайдаланып,  уқалау қозғалысын жасайды, төс сүйекті арқа омыртқа жотасына 3-5 см ге қысады, бұл қысу орта күш 50 кг болғанда мүмкін, сол үшін жүрек уқалауды жалғыз қол күшімен емес дене салмағымен жүргізу керек. Көмек көрсетуші төс сүйекті қолмен басып, қолдарын тіке ұстайды.

5. Жүректі төс сүйекпен омыртқа арасында қысқанда қан журектен ірі тамырларға ығыстырады.

6. Төс сүйекті басқаннан кейін қолды тез түсіру керек, бұл кезде жасанды жүрек қысымы әлсіреумен алмасады.

7. Түзу емес журек уқалауы үлкен адамға бір минутта 70-72 қозғалыс ұтымды жағдай.

 

Суға кеткен адамды құтқару кезінде өткізілетін шаралар

 

Реанимациялық шараларды өздігімен жүрек қызметімен тыныс алуын қалпына келтіргенше жүргізу керек, болмаса шұғыл жәрдем келгенше,   өлім белгілері пайда болғанға дейін жүргізеді (бұл жағдайлар 2 сағаттан кейін байқалады).
 Зардап шеккенді шұғыл ауруханаға жеткізіп жедел жәрдемді беру керек. Зардап шеккенннің жағдайына қарамастан, бұл шараларды шұғыл және міндетті түрде өткізу керек.

 

Д.ДОСЖАНОВА,

Ақтөбе облысының ТЖ Департаментінің

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы.
...