0 дауыс
711 көрілді
8-наурыз мейрамының келіп шығу тарихын білесіз бе?
Бірінші болып қайсы қалада тойланған?
Кім бастаған? Алғаш рет қандай сыйлық сыйланған?
"Келмекте" деген не сөз?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
1910 жы­лы Копенгагенде жұмысшы әйел­дер қатысқан 2-халықаралық кон­ференцияда социал-демо­крат партиясы әйелдер тобының жетекшісі Клара Цеткина 8 нау­рыз - Халықаралық әйелдер кү­нін жыл сайын атап өту тура­лы өз пікірін білдіреді. Оның ұсы­ны­сы әйел құқығын қорғауға ба­ғытталған үлкен ұран ретінде қа­былданады. Ең алғаш рет бұл күн Нью-Йорктегі тоқыма, аяқ-киім фабрикаларының жұмыс­шы әйелдерінің наразылық ше­руі, яғни «бос кастрюльдер мар­шынан» бастау алған деп ай­ты­лады. Бірақ кейін кейбір зерт­теу­шілер бұл фактінің толық дәлел­денбегенін, осындай аңыздың мерекенің тамырын кеңестік идеологиядан ажырату талпы­нысынан туындағанын жазған.
Ал 1975 жылы Біріккен Ұлт­тар Ұйымы Кеңес Одағы идео­лог­тарының ықпалымен ресми түрде 8 наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде жария­лайды. Бірақ бұл мереке осы ұйым ауқымында негізінен әйелдерді құттықтап, тойлатуға емес, әйелдер құқығы мен ген­дер­­лік мә­селелерді көтеруге ба­ғыт­тал­ған. Мысалы, ЮНЕСКО ресми сайтында биылғы ме­ре­кенің «ауыл әйелдерінің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, қа­йыршылық пен ашаршылықты жоюдағы олардың рөлін артты­руға» арналғаны жазылған. Еу­ропалық әйелдер өткен ғасырдың бас кезінде бұл күнді әлеуметтік наразылық шерулер өткізумен еске түсірсе, кейін бұл мереке олар үшін мүлдем мәнісін жой­ған.

http://www.baq.kz/news/9296 толығымен осы жерден оқи аласыз...
...