0 дауыс
2.6k көрілді
Ең алғашқы телеграф қай жерде құрылған?
Оны кім ойлап тапқан?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Байланыс жүйесі – телефон, телеграф, радио, интернет, тағысын тағылар.  Бұдан 150 жыл бұрын Еуропа мен Англия, Америка арасындағы байланыс тек қана кеме арқылы жүзеге асушы еді.

Бірнеше күн немесе айлар бойына әлемнің әр түкпіріне хат-хабарлар жетіп отырған. Мысалы, Еуропаның хабары Америкаға екі күннен соң ғана жететін болған. Алайда, телеграф пайда болғаннан бастап, аталған келеңсіздіктерді түпкілікті шешті. Жаңа технологияның арқасында сәлемдемелер, қарлығаш-хаттар бірнеше секундта жететін болды.

Ол кездегі хабарламалардың көбісі саясатқа, іскерлік мақсаттағы келісімдерге тығыз байланысты болды. Көп уақыт өтпей-ақ өнертапқыштар адам дауысын жетікзуге болатын аппарат ойлап тапқысы келді. Ең алғашқы аппаратқа байланысты зерттеу 1837 жылы американдық физик Пеидждің арқасында жүзеге асқан болатын. Оның осы бір зерттеуі адам дауысын тасымалдауға болатынын дәлелдеп берді. Өз зерттеуінің болашақта телевидение, интернет, телефон сияқты ұлы жаңалықтар тудыратынын ол кезде Пеидждің өзі де білмесе керек.
...