Бұндай өкшесі ауыатын адамдар жиі кездеседі. Көп жүргеннен өкше сүйегінің деформациялануынан (формасының өзгеруі) болуы мүмкін. Рентгенге түсіріп көру керек. Қандай өзгеріс болып жатқаны сол кезде анықталады. Массажбен емделіп жатқандарды көрдім, өкшеге нүктелі массаж жасау арқылы ауырғанын кетіреді. Бір апа келіп емделіп жүрген, ол да өкшесі қатты ауырады, өкшесін жұдырықпен ұрғаннан рахаттанады) Ол кісі толық болған сон, салмақ өкшеге түсіп нервтер қысылып қалганнан деп ойлағанмын, Көп жүретін болса адам жүргенде салмағы өкшеге түседі ғой, адамның ауырсынуы нервтерге байланысты, мүмкін солай болған шығар сіздің әкеңізде де. Сирек кездесетін ауру болмағандықтан, рентгенге түсіп тексерілсе дәрігерлер бірден диагнозын қойып бере алады.