Жігіт сұлтаны таныстыру

+1 дауыс
3.5k қаралым
Жақында мектепте Жігіт сұлтан байқауы өтеді. Маған танытыру керек еді, Интернет қарап едім бәрі бірдей немесе қысқаша. Маған жақсы, мағыналы, сәл ұзақтау таныстыру керек еді. Тауып бере аласыздар ма? Алдын ала рахмет!
• Санаты: Өнер
өңдеді | 3.5k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан ұлдың арын!
Ұл өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Сері болу мақсатым сегіз қырлы!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Жігіттерге әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Шыр етіп туысымен адам болдым,
Жыл сайынөсіп толып, өрлеп қондым.
Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
Жігіттер сайысына бүгін, міне, келіп тұрмын.
Өлшеу жоқ өнерімнің табысына,
өріске ойдағыдай барысыма.
Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,
Көрсетем үздік өнер намысына.
Ұстаздарым мейірленіп, дос сүйсінсін,
Керемет қызық өнер құрғаныма.
Бейбітшілік туы астында біз өрлейміз.
Шығамын биік өнер шыңдарына!
Мақтанам мектебімнің таңын көріп,
Көктемнің жайма шуақ таңын көріп,
Білім мен тәрбиенің күшін қосып,
Орнаған сыныбыма бағын көріп.
Қуанам сыныбымның нұрларына,
Достарымның толған ой мен қырларына.
Тәрбиелеп өсірген жемістерін
Сыныптың жақсы оқыған қыз бен ұлдарына.
Құшағыңда құлпырып,
Достар менен бірге өскенмін.
7- сыныптың сегіз қырлы, бір сырлы,
Ағы мен көздің қарасы, Сыныптың жігіт сұлтаны.
Қорғап келген намысын,
Өнерге қарсы аттанған  ..... мен боламын.
Найман(руы) екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым, Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!

Жақсы жауап таңдалды
0 дауыс

ҮЛГІ
Мейірім, нұрым- ұстазым

Нәр алған сенен ұрпағың,

Әлемнің жарық сәулесі,

Шұғыласындай сәскенің.

————————–
Құшағыңда құлпырып,

Достар менен бірге өскенмін.

10 Ә- сыныптың сегіз қырлы, бір сырлы,

Ағы мен көздің қарасы,

Сыныптың жігіт сұлтаны.

Қорғап келген намысын,

Өнерге қарсы аттанған

Мадияры мен боламын.
———————————-

Шыр етіп туысымен адам болдым,

Жыл сайынөсіп толып, өрлеп қондым.

Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,

Жігіттер сайысына бүгін, міне, келіп тұрмын.
———————————-
Өлшеу жоқ өнерімнің табысына,

өріске ойдағыдай барысыма.

Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,

Көрсетем үздік өнер намысына.
————————————
Ұстаздарым мейірленіп, дос сүйсінсін,

Керемет қызық өнер құрғаныма.

Бейбітшілік туы астында біз өрлейміз.

Шығамын биік өнер шыңдарына!
———————————-
Мақтанам мектебімнің таңын көріп,

Көктемнің жайма шуақ таңын көріп,

Білім мен тәрбиенің күшін қосып,

Орнаған сыныбыма бағын көріп.
——————————
Қуанам сыныбымның нұрларына,

Достарымның толған ой мен қырларына.

Тәрбиелеп өсірген жемістерін

Сыныптың жақсы оқыған қыз бен ұлдарына.
————————————
Бабалар Қаныш, Мұхтар алғыс айтам

Ғылыммен елің үшін танысқанға,

Өнердің сара жолын салып берген,

Бас ием Ұлы Абай данышпанға.
 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,937 қолданушы