0 дауыс
7.0k көрілді
Достар, маған  Тіл немесе Отан туралы өлеңдер керек еді. Тақпақтар керк емес. 5-10 минут бойы беріліп айту үшін Тіл және Отан туралы өлеңдер керек!
Сөзі ме, әлде мп3 ма?
Белгісіз
Сөзі Керек

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

 

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
М. Мақатаев
+2 дауыс
Отан- сенің, ата-анаң,
Отан- досың, бауырың.
Отан- өлкең, астанаң,
Отан- аудан, ауылың.

Отан- тарих, Отан- тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан- өлең, Отан- жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...

Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
+1 дауыс
"Отан Ана"

Қиын жолдардан аман келеміз.
Асыл заман, саған сенеміз.
Жарқын өмір, жақсы күндер,
Арнап сәлем береміз.

Жерім құлпырды барын берем деп,
Елім жасап-ау жарат ер еңбек,
Ырысымыз тасып жатыр,
Алға бастық жеделдеп.

Жайнап өмір жұлдыз көғінде,
Тұр ғой жарқырап.
Көңіл көзді көп арбайды,
Қиялыңды түгел тартып ап.

Отан Анадан қуат аламыз,
Алға жеңіспен біз барамыз.
Бақта бұлбүл сайрайды ұзақ,
Жайнайды кең даламыз.

Жайнап өмір жұлдыз көғінде,
Тұр ғой жарқырап.
Көңіл көзді көп арбайды,
Қиялыңды түгел тартып ап.

Жайнап өмір жұлдыз көғінде,
Тұр ғой жарқырап.
Көңіл көзді көп арбайды,
Қиялыңды түгел тартып ап.
Көңіл көзді көп арбайды,
Қиялыңды түгел тартып ап.

"Отан"

Мәртебесін барлық ел танып
Отаным деп білген әр халық
Жүрегінен берер жол тауып
Менің елім бұл менің жерім

Бұл отан бабалардың қаны
Аналардың әлди әні
Қазағымның жаны
Бұл менің қасиетті төрім
Айналайын туған жерім
Мәртебелі елім

Бірін бірі қолдап жалғайтын
Бірін бірі бөліп жармайтын
Бар халықты бірге таңдайтын
Менің елім бұл менің жерім

Бұл отан бабалардың қаны
Аналардың әлди әні
Қазағымның жаны
Бұл менің қасиетті төрім
Айналайын туған жерім
Мәртебелі елім

Алға алға алға өсиетті елім
Нұрын төккен Алла қасиетті жерім
Биікке самға самға ғарыштарға
Бірлігі жарасқан Қазақстаным.

"Жас Отан"

Нұр Отан – ол бәйтерек, болса біздер желегіміз,
Теңесіп тұр бақытқа төбеміз.
Елбасымыз сап берген, сара жолмен келеміз біз,
Өйткені біз, жемісті жеңіске сенеміз!

Қайырмасы:
Жас отан,
Алаштың айбары,
Жас отан,
Қуат, күш қайнары.
Жас отан,
Жарқын күн жайдары,
Еңселі елімнің,
Болашақ байрағы!

Жас отан,
Елімнің өркені,
Жас отан!
Көркейтер өлкені,
Жас Отан!
Ғажайып еңселі,
Елімнің ертеңі,
Деп білем мен сені!

Нұр Отанның ізбасар, біз Жас Отан жалғасымыз,
Татулықты ұран ғып, сақтаймыз.
Жаңа талап, жас қыран, біз өмірдің арнасымыз,
Елбасының сенімін, үмітін ақтаймыз!
0 дауыс

Мына сілтеме арқылы өтсең, өлеңдер жинағы бар: Өлеңдер

Мына жерден автор бойынша іздеуіңе болады(аты немесе тегі арқылы): Автор бойынша іздеу

Мына жерден сілтеме(тег) арқылы іздеуіңе болады(мысалы "отан" деп жазып):  Ілмек бойынша іздеу

Тек өлең емес мақал, ұлағатты сөз, өлең, мақала т.б-ларды табуыңа болады. Пайдаңа жарайды деген үміттемінwinkyes

Ұқсас сұрақтар

...