+7 дауыс
29.4k көрілді


Құрамалы, қорғанды үйің  болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатың
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады,
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады.
Ертеңіне сенбейтін күнің болады,
Бетіңнен алып түсетін інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады,
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады,
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады,
Кебір – жерге теңеледі,
Әйел – ерге теңеледі,
Көл – теңізге теңеледі.
Сиыр – өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы –
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны – ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
“Алһам” білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады.
Заманақыр болар да, жер тақыр болар,
Халқы пақыр болар.
Балалар жетім болар,
Әйелдер жесір болар,
“Ә” десе “мә” дейтін кесір болар.
Бас қосылған жерлерде,
Әйел жағы ден болар,
Жаман-жақсы айтса да,
Өзінікі жөн болар.
Орай салып бастарын,
Жалпылдатып шаштарын,
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар,
Сөйткен заман кез болар,
Түзелуі қиын болар.

Мөңке би бабамыз айтқан осы заман әлде жақындасып қалды ма?
Иә айтқаны дәл келген.
Белгісіз

8 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап

Недеген ұлы сөздер. Мөңке би бабамыздың алдында басымды иемін. Ия, бұл айтылған сөздер қазір келіп жатыр. Бұны түзету әрбір жастың өз қолында. 

Ұлы жолдан айнымайықшы! 

Дінімізді,тілімізді ұытпайықшы! 

Отанға адам ұл мен қыз болайықшы! 

Елім десе алып ұшқан, Қазақстанның Нұры болайықшы!

 Бәріміз бұл дүниеде бай қуатты болайықшы!   

Сенесіздерме, сенбейсіздерме ұлы сөзден өлең шығарып жібердім.

Иә. Өзің де ақын екенсің.
Белгісіз
Арасында өлең шығарып тұрамын.
Болар бала бес жасынан дейді.
Белгісіз
"Бес жасынан" дей ма? :)) Бізде "Болатын бала" деп  басталып аяқ жағы ыңғайсыздау аяқталатын еді :))
Ақыры Орынбасар бастаған екен, мен аяқтайын. :)
Дініміз деп қай дінді айтып отырсың. Қазақ о баста отқа табынған.
ЖЖ ғой. Неге баспайды ЖЖ-ны???
+4 дауыс

Мен айтпаймын бар пендені білем деп,

Имандылар жан жарасын жүр емдеп.

Иман, әдеп қазақтан да кетуде,

Мен берейін не бар-жоғын түгендеп.

 

Еуропа мен Азияның зәрлі ызғары,

Қыл көпірдің үстінде тұрмыз-дағы.

"Қазақстан - гүлденіп кеткен ел" деп,

Арманды, ойды айтамыз жұлдыздағы.

 

Көшеде сүйіскендер арсыз маған,

Қыздардың киімін айт жан сыздаған.

Көреміз күнде әлгі темекіні

Сорып жатқан жандарды андыздаған.

 

Қарттар да бар жүрген жаспен қоса ішіп,

Келіндер жүр белі - оқтау, басы - ашық.

Қайыршы да арақ алып ішеді,

Бергендердің тиынына жаны ашып.

 

Алыстан жылтылдаған бір үміттей,

Сол ұлы бабалардың үні кетпей,

Абая, Жамбула мен Гагарина

Аттарын шұбарлаймыз шімірікпей.

 

Еркек пен еркек келіп түйіскенде,

Құрманғазы мен Пушкин сүйіскенде,

Қорладық бабаларды, қорландық біз,

Жатпайды екен имансыз тиыш пенде.

 

Жігіттер көп, арам ойлы, желөкпе,

Қыздар да бар басатұғын "Жар ет!"-ке.

Көкектердің кесірінен осындай,

Жетімдердің саны артуы керек пе?

 

"Ап қояйық!" деп бастайтын әр асын,

Ақ сүт беріп өсірген өз анасын,

Сыйламайтын, ұратұғын жандар бар,

Қайран, қазақ, қайда кетіп барасың?

 

Қашан енді тыйыласың, қазағым?

Саған арнап талай өлең жазамын.

Сахна болды қасиетті төрің де,

Әркім келіп шырқайтұғын өз әнін.

 

Зымияндар, сұмпайылар, арамдар,

Жезөкшелер, екіжүзді жамандар,

Иман - мұның бәрінен де сақтайтын,

Ойланайық, ойланайық, АДАМДАР!

+2 дауыс
Жалпы, Мөңке би айтыпты деген сәуегей өлеңнің бірнеше нұсқасы бар. Мысалы, мен білетін нұсқасында "Заманақыр болғанда, Қарағайдың басын су шалады..." деп басталады. Онда айтылған заман әлі келген жоқ.
+2 дауыс
Шынымен де,мән беріп қарасаңыздар жоғарыда айтылған жағдайлар қазір күнделікті өмірде болып жатқан сияқты....
+1 дауыс
Бұл қазіргі 21ғасырдағы күнделікті болып жатқан нәрселер ғой(((
+2 дауыс
Бір әңгімеммен бөлісе кетейін. Ертеде Абылай хан түс көріпті. Ол өзінің түсінде өзінің жанынан алдымен, арыстан, содан соң қасқыр, одан кейін түлкі, сосын қоян және де жерде тапталып жүрген құрт-құмырсқаларды көріпті. Ол бұл түсін жоруды бұйырыпты. Сонда түс жорушы былай депті: арыстан- сенің қазіргі кездегі қол астындағы ержүрек батырларың, батыр жұртың. Қастыр- мына жемтікті бір шұқып, екінші бір жемтікті бір шұқып жүретін кейінгі жұртың. Түлкі- келер кездегі өте қу халқың. Қоян- болашақтағы сужүрек әрі қорқақ жұртың. Құрт-құмырсқа - әркімнің аяғының астында бір тапталып жүретін халқың депті.

Міне, дәл қазір осы заман жақындап келе жатқанына іштей қыңжыламын...
"Абылайдың түсі" деген аңыз әңгіме ғой. Өз басым көрген түсімді ұмытып қалам.
+1 дауыс
Жалпы келді деуге болады. Ақырзаман болғанда асабамен (тамада) , әнші көбейеді деген
Солай ма? Мен білмейді екенмін. Қай жерден оқыдың?
0 дауыс

Ей адамдар казір заман өзгерді 

Тіл күймеріп ақыр заман деген сөз келді

Атам қазақ қанша байлық қалдырды

Кім біледі ертең бұның барі жоқ болар

 

Ең жақсы қасиеттер жоғалды

Әлемге таныламыз деп адамдар өзін жоғалтты 

Тыныш болып жүре берсек қазағым 

Бір нарседе өзгермейді

Қаншама мәселелер шешілмейді

Ойыма күнде бір-екі жаман ой келеді 

Біз өзіміз қозғалмасақ,

Бәрі бізге күліп,мазақтайтын күн келеді

Ақындарымыз қаншама ақыл,ой айтты

Оның ішіне кіріп ешкім көрген жоқ

Тек оларға керегі 

Денсаулық,бақыт,тыныштық .....

Ұқсас сұрақтар

...