Мен айтпаймын бар пендені білем деп,
Имандылар жан жарасын жүр емдеп.
Иман, әдеп қазақтан да кетуде,
Мен берейін не бар-жоғын түгендеп.
Еуропа мен Азияның зәрлі ызғары,
Қыл көпірдің үстінде тұрмыз-дағы.
"Қазақстан - гүлденіп кеткен ел" деп,
Арманды, ойды айтамыз жұлдыздағы.
Көшеде сүйіскендер арсыз маған,
Қыздардың киімін айт жан сыздаған.
Көреміз күнде әлгі темекіні
Сорып жатқан жандарды андыздаған.
Қарттар да бар жүрген жаспен қоса ішіп,
Келіндер жүр белі - оқтау, басы - ашық.
Қайыршы да арақ алып ішеді,
Бергендердің тиынына жаны ашып.
Алыстан жылтылдаған бір үміттей,
Сол ұлы бабалардың үні кетпей,
Абая, Жамбула мен Гагарина
Аттарын шұбарлаймыз шімірікпей.
Еркек пен еркек келіп түйіскенде,
Құрманғазы мен Пушкин сүйіскенде,
Қорладық бабаларды, қорландық біз,
Жатпайды екен имансыз тиыш пенде.
Жігіттер көп, арам ойлы, желөкпе,
Қыздар да бар басатұғын "Жар ет!"-ке.
Көкектердің кесірінен осындай,
Жетімдердің саны артуы керек пе?
"Ап қояйық!" деп бастайтын әр асын,
Ақ сүт беріп өсірген өз анасын,
Сыйламайтын, ұратұғын жандар бар,
Қайран, қазақ, қайда кетіп барасың?
Қашан енді тыйыласың, қазағым?
Саған арнап талай өлең жазамын.
Сахна болды қасиетті төрің де,
Әркім келіп шырқайтұғын өз әнін.
Зымияндар, сұмпайылар, арамдар,
Жезөкшелер, екіжүзді жамандар,
Иман - мұның бәрінен де сақтайтын,
Ойланайық, ойланайық, АДАМДАР!