0 дауыс
4.6k көрілді
Ақшаға сатып алуға болмайтын нәрселер бар ма? Ойланып, тереңінен жауап берсеңіздер.

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мәңгі өмірді, ата-ана мейірімін, шынайы бақытты, жан тыныштығын, зырғып аққан уақытты сатып ала алмайсың!
+1 дауыс
Бар. Махаббат, денсаулық, ата-ана.
Мағынасын түсінген де шығарсыз. Мейлі махаббатты да сатып алуға болатын шығар. Алып қашып кетіп қалың малын апарып беру, тауарды ұрлап кетіп кейіннен кешірім сұрап ақшасын апарып бергенмен тең емес пе?! Алайда, ата-анаң мен денсаулығыңды сатып алып я сатып жібере алмайсың.
+2 дауыс
Ауа, ата-ананың, бауырларының махаббаты, нағыз махаббат пен шынайы достық. Ал сатылатындар амал достар мен амал махаббат иелері.
+1 дауыс
Денсаулықты да, ата-ананы да сатып алуға болады. Ойланып қараңыз, сіздің бір жеріңіз ауырады. Сол ауырған жерің жарамаса сатып алуға болады. Менің әке-шешем болыңыз деп ақша берсең болып береді. Ал МАХАББАТТЫ стаып алу мүмкін емес. Сен қыздың(немесе ұлдың) сезімі мен жүрегін сатып ала алмайсың.Себебі ол шынайы сезім. Сондықтан махабатты сатып алу мүмкін емес. Қалжың деймінбе, жұлдызды, күнді, аспанды сатып ала алмаймыз.
"Алтын көрсе періште жолдан таяр" дегендей қазіргінің қай қызы ақша көрсе бас тартар екен.
+1 дауыс
Арғы дүниенi, жәннатты сатып ала алмайсың...
+1 дауыс
қазіргі мына өмірде барлығын сатуға болатын сияқты ғой өкінішке орай... Теледидардан нәрестелерін сатпақ болған ата-аналар,өзінің арын ақшаға сатқан қыздар,ақша үшін ата-анамды сатам деген жарнама,ақша үшін махаббатпен ойнау,ақша үшін іш-құрылысты сату,т.с.с. Өкінішті-ақ. . .
...