+1 дауыс
831 көрілді
Нұрмұхаммед Әбілқасымов жайлы не білесіздер?

Қайда туған? Не себепті кемтар? Кімдер қолдап жүр? Отбасысы бар ма? Мейлінше толық мәліметтер болса.

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Нұрмұхаммед Әбілқасымов Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылында тұрады. Жасы 33-тің желкесінде. Анасы Гүлзада Досбергенованың айтуынша, ол 8 айлығынан бастап сал ауруына шалдыққан. Апармаған жері жоқ, Қазақстан былай қалып, Ресей профессорларын түгендегенмен қайран болмапты. Нұрмұхаммед – алты ағайынды. Тағдыры талайлы болса да, Алладан медет тілеп, ата-ана мейірімінен, бауырларының қамқорлығынан қуат алған оның көкірегі жыр көмбесіне айналған.

Мектеп табалдырығынан аттамаса да, өз қатарынан қалмай әріп таныған Нұрмұхаммед әдеби кітапқа құмар. Тапжылмастан парақтап беріп отыратын біреу болса, дүниенің кітабын тауысуға бар. Қазақ қаламгерлері ішінен Зейнолла Шүкіров пен Мұқағали Мақатаевты пір тұтады.

- Зейнолла Шүкіров екі аяғымен жүре алмаса да, тынымсыз тер төкті. Талай дүние жазды. Құрыш қазақ атанып қана қоймай, қазақ әдебиетінің қыранына айналды. Мұқағали ше?!. Тірісінде қадірін білмеген қазақ бүгінгі күні оның өлеңдерімен жылап көрісіп отыр. Қайсарлықтың, адалдықтың, өрліктің биігін осылардан көрем мен, - дейді Нұрмұхаммед. - Қиындыққа мойығым келмесе де, пенделік қой, ең болмаса бір қолым жұмыс істесе деймін кейде.

...Мұңайсам Мұқағали мұңын шалдым,

Өмірде Зейнолланың зілін алдым.

Алланың бұйыртқаны осы шығар,

Алмас қылыш өтпейтін тілін алдым...

Нұрмұхаммедтің «Бұл өмірден не алдым?» өлеңінің төрт жолы бұл. Махаббаттың бал шырынын аңсайтын жігіт «Алла бір қол берсе, ғашығымның қолынан ұстар ма едім» деп армандайды.

- Көбіне тағдыр тауқіметі мен махаббат тақырыбына қалам тербеймін. Армансыз адам бола ма, махаббатыма қол жеткізетін сияқтымын. Жүрек шіркіннің үніне кінә таға алмайсың. Өлең – менің қуанышым мен қайғымды бөлісер жан серігім. Ақындыққа бір табан жақын болуымның себебін қанмен байланыстырам. Әкемнің сөз ұсталығы бар, атам да соғыстан оралған соң қара өлеңнің қасиетіне ден қойған. Шабыт шіркін уақыт талғамайды, түн ортасына туралап келген сәттері түртіп қоя алмайтыным жаман. Ертеңіне шаңдатып келген шумақтың ізін де таппай отырғаным сосын, - дейді Нұрмұхаммед.

Болашағына зор үмітпен қарап, тағдыр сынынан тайсалмай өтуге бекінген ақын жігітті насихаттамаған республикалық бұқаралық ақпарат құралдары кемде-кем. Кітабының 100-ден аса данасы кітапханаларға таратылды. Соның әсері болар, мұнымен достасқысы келетіндер көп-ақ. Нұрмұхаммедтің өлеңдеріне Индира Елеубаева, Талғат Нағашыбаев сынды сазгерлер ән жазды. Қызылордадағы өнер тарландарының біразы Нұрмұхамедпен жақын араласады. Әсіресе, ақын Дүйсенбек Аяшұлы, театр әртісі Дінмұхаммед Әбжаппаровтар мұны төбелеріне көтереді, мамыр айында өткен шығармашылық кештің басы-қасында жүрген солар.
"Алла бір қол берсе, ғашығымның қолынан ұстар ма едім..."
Бір-ақ ауыз өлеңмен өз жайын аңғартыпты ғой.
+2 дауыс
Өкінішке орай түк білмеймін. Ол кімнің баласы еді?
Қолыма осы кісінің кітабы түсті.  "Тасжарған" деген. Өзінің денесінің кемтар, бірақ ойының әлдеқайда асқақ екенін аңғартып тұр. Өзім де танымаймын, содан сұрап жатырмын.
Жұбатқан, жақсы екен. Жұбатқан адамдар сенен үлгі алады, сұрақ қойғанда толық, түсінікті жазылғаны дұрыс сонда түсінікті болар еді. Негізі осы жігітті Хабар арнасы бір бағдарламадан көрсеткен. Сөйлеуі күшке түсіп отырса да өлең оқығанын тыңдағанмын, қайсар жан. Мүмкіндігім шектеулі, мүгедектер арбасына таңыулымын демей өте қайсар жігіт екен.
+1 дауыс
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шіркейлі ауылында тұрады. Әкесі ауданға белгілі адам, ауданның саяси-қоғамдық өміріне белсене араласады.Мүгедек ақын туралы республикалық телеарналарда көрсетіп жүр.
+1 дауыс
Сүйінші, қазір Нұрмұхаммед шаңырақ көтерді.
0 дауыс
Ассалаумағалекум ол кісінің "Тасжарған"кітабын
...