+1 дауыс
2.1k көрілді
Абылай хан өзінің құлы Оразды не себепті өлтірген?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қожасының құпиясын білген құл қойныңа кірген жыланмен тең деген себеппен өлтіреді. Абылайды 13 жасында құлдыққа сатар кезінде Ораз құл оны
ХИуа базарынан алып қашып құтқарады. Бұны басқа адамдар білмесін деген себеппен өлтіреді. КӨшпенділер романы І. Есенберлиннің кітабынан .
Аспен ұрғанды таспен ұрған екен
Сонда құпиямды білді деп бәрін өлтіре беруі керек пе? Қанадй құпиясын білген? Ол кітапта бар ма?
Абылай хан Ораз құлды әлі хан болмай тұрған кезде өлтіреді. Яғни Төле бидің жалшысы болып жүргенде. Бірақ Бұқар жырау Абылайдың жай жалшы емес , тегін бала емес екендігін көзінен, өзінен байқайды.Егер мысалы Ораз құлды тірі қалдырғанда кейін Абылай хан атанғанда мүмкін жаулары Абылай ханды Ораз құл болмағанда құл болып жүрер едің дегендей табалар ма еді кім білсін?
Көшпенділер романынан . Бұқар жыраудың ойы
Шыңғыс ұрпағы
өздеріне кір келтіретін, құпияны білетін адамдарды аямайтын еді, бейшараға
зақым келтіріп жүрмесе жарар еді».
+1 дауыс
Оны қай жерден оқыдың? Соны да жазып қойшы.
"Көшпенділерден". Бірақ сонша әңгімені қанша оқысам да не себепті өлтіргенін түсіне алмадым.
"Көшпенділер" Илияс Есенберлиннің трилогиясы ма? Бұрынырақ оқығанмын. Бірақ, түсіну үшін тарихтан білімің жақсы болу керек екен.
0 дауыс
Мағанда осы сұрақтың жауабын білу қызық болып тұр. Осы қазір оқыдым кітаптың сол тұсын. Оқыған бойда не себепті өзіне көмек берген адамды өлтіріп, қанын жүктегенін түсіне алмай-ақ қойдым. Ары қарай кітапты оқуға да ниет қашып кетті....Нақты тұшымды жауабын білетіндер айтсаңыздар екен
...