0 дауыс
851 көрілді
"Заман қандай, заң қандай?" деген тіркес қай зобалаңға арналып айтылған? Кім айтқан?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақ ақыны Қаңтарбаймен сөз қағысқан Арыстанбек Бұйлашұлы (1824-1878) – қырғыздың замана жайын толғаған төкпе ақындарының бірінің айтқан сөзі.....

 

Қаңтарбай мен Арыстанбек Қарқара жерінде қазақ пен қырғыз мол жиналған бір алқалы топта жолығысып, бақ сынасыпты. Арыстанбек бір қайырып жырлағаннан кейін Қаңтарбай ақын айтыстан бас тартқан көрінеді. Арыстанбектің өлеңі соншалықты   мәдениетті. Бағзы   бір  жыр  сайыстарындағыдай  намысқа  тию, шымбайға  батыра  сөйлеу, дөрекілік таныту атымен жоқ.  Негізгі мақсат отаршылдықтың ойранын айтып, мандайының соры қалың екі елдің уайым-қайғысын  жыр тілімен жеткізу болғанға ұқсайды. Әдепкі тізгін қағар тұста Қаңтарбайға қарата айтылған сөз бен соңында қойылған сауалдар болмаса, мұны Арыстанбектің замана туралы толғауы десе де жарасар еді.

Арыстанбек : Кәде қандай, халық қандай? Сана қандай, салт қандай? Дінің қандай, діл қандай? Ханың қандай, жат қандай? Жарлың қандай, бай қандай? Билік қандай, би қандай? Елің қандай, ер қандай? Заман қандай, заң қандай? Сонда Қаңтарбай: «Мен жауап бермей-ақ жеңілдім», – деп ризашылығын білдіріпті....

..http://writers.kz/journals/?ARTICLE=5050&CURENT&ID=11&NUM=184

...