0 дауыс
306 көрілді
Алашаханның моласы қайда? Ол қай уақыттарда өмір сүрген? Қайда жерленуі мүмкін?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұлытау өңірінде жерленген. Х-XI  ғасырдың ескерткішіне жатады.
Ұлытауда жерленгені анық па?  Сүйегін тапқан ба?
Нақты дерек жоқ!  Бирак көбiне Ұлытауда жерленген деседi.
Белгісіз
Тәуекел, сізге сенемін. :)
+1 дауыс
Алаша (Алаш) хан — халық аңызы бойынша “Алты алашты” құраған тайпалардың түп атасы.[1] Қазақ шежіресінде Алаша ханның шыққан тегі қарапайым кісі болған делінеді.[2] Оның есімі қазақтың шығу тегін баяндайтын ең көне аңыздарда кездеседі. Сондықтан кейбір ежелгі деректерде “Алаш” этнонимінің шығуы осы Алаша хан атымен байланыстырылады. Оның есімі 9 ғ-дың туындысы “Қорқыт” дастанында айтылады. Орта ғ. мұраларындағы Алаша хан — 14 ғ-дың 2 жартысы мен 15 ғ-дың 1 жартысында өмір сүрген әрі батыр, әрі би, әрі ұлыс билеушісі. Алаша хан ел жадында жауынгер тайпалар — көшпелі түркілерді біріктіріп, тұңғыш алаш (қазақ) мемл-тін құрған ұлы қайраткер ретінде қастерленеді. Әбілғазы шежіресінде Алаша ханның әкесі Көк хан болғандығы, ұрпақтарының бірінің есімі Қара хан, ал немересі — оғыздардың түп атасы — Оғыз хан аталғандығы жазылады. Рашид әд-Дин мен Әбілғазы Алаша ханның өмір сүрген жері — Дешті Қыпшақтың орталық бөлігі деп көрсетеді. Бұл тарихи деректер ел аузындағы Алаша хан ордасы Ұлытау төңірегінде болған деген тұжырыммен ұштасады. Ұлытау өңіріндегі “Алаша хан ордасы” аталатын үлкен сарай-қамалдың қалдығы (Жаңғабыл өз-нің бойында) және Қаракеңгір өз-нің жағасындағы “Алаша хан күмбезі” аталатын 10-11 ғасырларда салынған ғимарат әлі күнге дейін сақталған.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
–1 дауыс
9 жауап
...