Тағам, Аспаздық сұрақ қойды | 1.9k қаралды
1.9k қаралды
Күшәланың пайдасы мен зияны қандай? Ғылымда қалай атайды? Неден жасайды?

2 жауап

Белгісіз жауап берді
Күшала өкпедегі туберкулез таяқшаларын өлтіріп қана қоймай, адам денесінің басқа да ауруларға қарсыласу қабілетін көтеретіні тәжірибеден белгілі. Күшаланың ағы, қара-сы болады. Ағын әйел-дер, қарасын ерлер қабылдаса, дәрілік қуаты жоғары болады. Мәселен, бір дана күшаланың сыртындағы түгін қырып тастап, қойдың бір литр құйрық майына салып, су моншасының ішінде бір сағат қайнатады. Банкінің астына күймейтін ізбес қағазын қояды. Майға күшаланың сәл қышқыл дәмі шығады, осы майдан шай қасықпен ас алдында күніне 3 рет жейді. Майды ақырын қыздыра қайнатса күймейді. Қоңырқай тартып ісініп ұлғаяды. Демек оны майдан алып, ыстық сорпаға, не ыстық сүтке салып ішуге де болады. Әрине, өкпенің асқынып кеткен туберкулезі болса, жалғыз күшаланың әлі жетпей қалуы да мүмкін. Сондықтан халық емінде ежелден қолданылып келе жатқан күшті шөп дәрілерді қоса пайдаланса нұр үстіне нұр.

Күшаланы үнемі өзінің жөнімен ішкен адам үш айдан кейін рентгенге түсіп тексерілуіне болады.
* Туберкулез таяқ-шаларын өкпеден ығыстырып тазалауда шетен ағашының жас бұтақтары мен жапырағы, дәні сапалы дәрілердің бірі болып есептеледі. Шетен биік таулардың қалың орманы арасында өсетін ағаш. Оның жапырақтары мен жас бұтақтарын маусым-шілде айларында жинап, ұсақтап турап, жел қағып тұратын көлеңкеде кептіріп сақтайды. Бір ас қасығын 250 мл суға 5 минут қайнатып, бір сағат бұқтырады. Бір қайнатқанда бір күнде үшке бөліп ас алдында ішеді. Бір емдеу мерзімі 20 күн. Бір апта үзілістен кейін қайта жалғастырады.
жауап берді
Күшаланың ғылыми аты - мышьяк. Қасқырды улауға, тышқанды улауға қолданылатын дәрі есебінде белгілі.

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
117,505 сұрақ
301,256 жауап
153,264 пікір
64,492 қолданушы