+1 дауыс
9.3k көрілді
Алғашқы ботаника бағы қай жерде ашылған?

Ботаника бағының маңызы не?
Ботаника бағына көзқарасыңыз қандай?
Елiмізде ботаника бақтары бар ма?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

  1. Ең алғашқы ботаникалық бақ XIV ғасырдың басында Италияда Маттео Сильватиконың (итал. Matteo Silvatico, лат. Matthaeus Silvaticus) ұйымдастыруымен Scuola medica salernitana мекемесінің жанында ашылыпты. 1333 жылы Венецияда медициналық және ботаникалық бақ ашылды. Осыдан бастап байыған итальян қалалары ботаникалық бақтарының көркімен бір-бірінен асып түсуге тырысты. XVI-XVII жылдары Феррар, Паду, Пиза, Болонье, Неаполь және Флоренцияда ботаникалық бақтар өте-мөте дамыды. Франциядағы ең алғашқы ботаникалық бақ Монпелье қаласында 1593 жылы ашылса, Ресейдегі ең алғашқы бақ 1714 жылы Санкт-Петербургта "Дәрілік егістік" атауымен Петр І-дің ұйымдастыруымен ашылды. (толығырақ)
  2. Ботаникалық бақта тірі өсімдіктердің колекциясын жинап олардың көмегімен өсімдіктердің сан алуандығын және жердің өсімдік әлемінің байлығын зерттейді. Ботаникалық бақтардың басты мақсаты -жаңа өсімдік түрлерін ашу, оларды кешенді зерттеу және интродукциялау.  Негізгі ғылыми бағыттары: жергілікті және сырттан әкелінген өсімдіктерді өсіру, жерсіндіру, олардың биологиясын, экологиясы менфизиологиясын, өсіп-өнуін, селекциясын зерттеу; ботаникалық ілімді дамыту, оның жетістіктерін жалпы халыққа тарату; республикамызда азайып бара жатқан, жойылу қаупі төнген өсімдіктерді қолдан өсіріп көбейту, биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін зерттеу, оларды сақтап қалудың, табиғи таралған орталықтарына қайтарудың жолдарын қарастыру; қала, ауыл, елді мекендерді көгалдандыру; бақ өсіру; гүлзар салу бағыттарында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізу; өсімдіктердің жаңа түрлерін іздестіру, олардың пайдалы қасиеттерін анықтап, адам қажетіне жарату; өсімдіктер әлемін қорғау, көркейту.  (толығырақ)

  3. Ботаникалық бақ дегеніміз – табиғатты қорғау және ғылымды ұйымдастыру мәртебесін иеленген, ерекше қорғаудағы табиғи аумақ. Онда өсімдіктер әлемін, соның ішінде сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер түрлерін сақтау, қорғау, оларды өсіріп-өндіру және пайдалану орайындағы зерттеулер мен ғылыми әзірленімдер жүргізіледі. Қай елде, қай жерде болсын ботаникалық бақ­тар әлемдік флораның тірі өсімдіктерінің біре­гей банктері деп саналады. (толығырақ)

  4. Қазақстанда әр түрлі табиғи-климаттық жағдайда орналасқан алты ботаникалық бақ – Бас ботаникалық бақ (Алматы), Маңғыстаутәжірибелік ботаникалық бағы (Ақтау), Жезқазған ботаникалық бағы, Алтай ботаника бағы (Лениногор), Іле ботаникалық бағы (Бақанас),Қарағанды ботаникалық бағы бар. Бұлардың алғашқы бесеуі Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамына кіреді де, бір орталыққа бағынған Ботаникалық бақ жүйесін құрайды. Республиканың Ботаникалық бақтары дүние жүзіндегі 50-ден астам елмен әріптестік байланыс жасайды, халықаралық конгрестерге, симпозиум, конференцияларға қатысады. (толығырақ)

0 дауыс
Ең алғашқы ботаникалық бақ XIV ғасырдың басында Италияда Маттео Сильватиконың (итал. Matteo Silvatico, лат. Matthaeus Silvaticus) ұйымдастыруымен Scuola medica salernitana мекемесінің жанында ашылыпты. 1333 жылы Венецияда медициналық және ботаникалық бақ ашылды. Осыдан бастап байыған итальян қалалары ботаникалық бақтарының көркімен бір-бірінен асып түсуге тырысты. XVI-XVII жылдары Феррар, Паду, Пиза, Болонье, Неаполь және Флоренцияда ботаникалық бақтар өте-мөте дамыды. Франциядағы ең алғашқы ботаникалық бақ Монпелье қаласында 1593 жылы ашылса, Парижде лейб-медик Ги де Бро  1597 жылы ашылған сарай алды бағын Патша дәрілік қсімдіктер деген атаумен ботаникалық баққа айналдырған. 1577 жыла Нидерландыда Лейденде, кейінірек Амстердам қаласында академиялық ботаникалық бақ ашылды. Ботаникалық бақтардың жаңа дәуірін  XVIII ғасырда Гардекампле қаласында ашылған лорд Клиффорт ботаникалық бағы бастады. XVII ғасырда Англия жерінде королева Елизавета негізін құрған «Кью» ботаникалық бағы ашылып, кейінірек Челсиде, Элтамда жалғасын тапты. Ал   1621 жылы Оксфорд университеті жанынан ботаникалық бақ ашылды. Англияның ботаникалық бақтары әр кезеңде өзінің әралуандығымен ерекшеленген. Ал Германия жерінде 1490 жылы ботаникалық бақ Кельн университетінде ашылды. Бұл дүние жүзіндегі алғашқы ашылған университеттік ботаникалық бақ болып есептелінеді.  Ал 1580 жылы Лейпцигте, 1587 жылы Бреславлде, 1597 жылы Гейдельбергте бақтар ашыла бастады, XIX ғасырдың соңында әрбір герман университеттерінде жеке ботаникалық бақтары болды. Бұдан басқа Австриянын Вена қаласындағы Шенбрунн бағы, Швецияда Упсаль және Лунд бақтары танымал болды.

Ресейдегі ең алғашқы бақ 1714 жылы Санкт-Петербургта "Дәрілік егістік" атауымен Петр І-дің ұйымдастыруымен ашылды. Кейіннен ХІХ ғасырдың соңында Ресейдің барлық университеттерінде аталмыш бақтар қалыптасты. Ең көне ботаникалық бақ болып 1804 құрылған Мәскеу бағы мен 1806 ашылған Дерпт бағы саналады.
0 дауыс

Ботаникалық бақ дегеніміз – табиғатты қорғау және ғылымды ұйымдастыру мәртебесін иеленген, ерекше қорғаудағы табиғи аумақ. Онда өсімдіктер әлемін, соның ішінде сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер түрлерін сақтау, қорғау, оларды өсіріп-өндіру және пайдалану орайындағы зерттеулер мен ғылыми әзірленімдер жүргізіледі. Қай елде, қай жерде болсын ботаникалық бақтар әлемдік флораның тірі өсімдіктерінің бірегей банктері деп саналады.(толығырақ)

...