+1 дауыс
6.1k көрілді
10 күн ішінде керек бір шығарма болсада тауып беріңіздерші?

1."Қозы Көрпеш Баян сұлу жырындағы Қарабай бейнесі",

2 "Қозы Көрпеш Баян сұлу жырындағы тұрмыс салт көрінісі",

3. Ер жігіт елі үшін туады /батырлар жырындағы елін жаудан қорғаған батырлар бейнесі-Алпамыс,Қобыланды т.б,

4. "Біржан мен Сара айтысындағы ақындардың өз бейнесі",

5. "Сөз барымтасы/Айтыс өнері жайлы",

6. "Ауыз әңгімелердегі халық даналығы",

7. "Атаның сөзі,ақылдың көзі",

8. "Мақал сөздің мәйегі",

9. "Ашу дұшпан-ақыл дос",

10. "Көп сөз-көмір,аз сөз-алтын",

11. "Кішіпейілділіктен,кішіреймессің",

12. "Атаңның баласы болма,адамың баласы бол",

13. "Жаныңда жүр,жақсы адам",

14. "Ел тағдырын еңкеймей көтергендер",

15. "Ұстазым алтын діңгегім",

16. "Сенде бір кірпіш дүиеге",

17. "Байлықтың атасы-еңбек,анасы-жер",

18. "Еңбек береке бастауы",

19. "Ата мұрасы-асыл қазына",

20. "Басты байлық-рухани байлық",

21. "Ән көңілдің ажары",

22. "Өнерлі-өрге жүзеді",

23. "Талаптыға-нұр жауар",

24. "Әсемпаз болма-әрнеге",

25. "Адамгершілік аманнан басталады",

26. "Арыңды жастан сақта",

27. "Ынтымақ болмай,іс оңбас",

28. "Айырылған азады",

29. "Мың сомың болғанша,бір досың болсын",

30. "Аспаннан бұлт төнбесін",

31. "Әке асқар тау",

32. "Ана қайнар бұлақ"

1 жауап

+1 дауыс

Жалпы "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" дастаны туралы.

Дәстүрлі іс әрекеттер мен аяқ жағында Қарабай бейнесі де қамтылған.

Сілтемесі қажет болса: міне

Ежелгі түркі тайпаларына ортақ қазына «Қозы Көрпеш – Баян cұлу» жыры эпостағы көп варианттылығымен әйгілі. «Ертегі, эпос талай рет қайта айтылып, тайпа диалектісінен халық тіліне өтіп отырған. Ортақ сюжеттің бір сыры осында. Батырлық жырлармен салыстырғанда ғашықтық жырларында жеке айтушының авторлық санасының таңбасы басымдау. «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жырының қай нұсқасын алсақ та, оның басы, ортасы не аяғында жеке айтушы тарапынан қосылған лирикалық шегіністер, арнаулар көп-ақ. Осының бәрі батырлық жырлары мен лиро-эпос арасындағы ерекшеліктерді құрайды», – деп жазды белгілі ғалым Әуелбек Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы» атты зерттеу кітабында.

Қазір туғанына  1500 жыл уақыт өткен деп есептелетін көне жыр мал баққан көшпелі елдің ауыз әдебиетінің баға жетпес асыл мұрасы. Лиро-эпостық жырдың шоқтығы биік, дара тұрған хас үлгісі болғандықтан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ұрпақ жадында сақталуына көптеген озық ойлы зерттеуші ғалымдар мен жыршы ақындар шоғыры әр дәуірде еңбек сіңіргені мәлім. Жанақ ақын нұсқасын Шоқан жазып алған. Шөже ақын нұсқасын жеткізген Мәшһүр Жүсіп, Бекбау және Бейсембай атты жыраулар, жырды қазақ, ұйғыр, барабы татарларының аузынан хаттап жазып алып, сол елдердің ана тілінде жариялатқан академик Радловтың еңбегі ұшан-теңіз. Егер ажал бөгет болмағанда «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» атты классикалық поэма орыс тілінде жазылуы ғажап емес еді, себебі жырдың бір үлгісін 1833 жылы А.С.Пушкин сүйсініп жазып алған екен.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырларын көп басып, халыққа таратқан орынның біреуі – Қазандағы Хұсайыновтар баспасы. Бұлар дастанның түрліше нұсқаларын 1878, 1890, 1896, 1909 жылдары қазақша кітап етіп бастырған.

Осылардың бәрі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының қазақ арасында өте әйгілі, көп тараған және халықтың аса қадірлеп сақтаған қазынасы болғанын көрсетеді. Жырдың нұсқасы қанша көп болса, мұның айтушылары да сонша көп.

Бұл жөнінде бірнеше ғылыми диссертациялар да болды. «Соңғы үш-төрт жыл ішінде сондай боп қорғалған арнаулы диссертация Ысқақ Дүйсенбаев жолдастікі. Ол «Қозы Көрпештің» ертелі-соңды бар варианттарын түгел тізіп, толық талдап, шолып өткен», – деп жазды Мұхтар Әуезов 1848-1854 ж. арасында жарық көрген жырдың көркемдігіне, халықтығына айрықша мән берген көлемді мақаласында.

ХХ ғасырдың 30-жылдарында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры қазақ сахарасында асқан поэтикалық қуатпен тағы бір мәрте жырланды. Жырдың бұл жолғы авторы – Шәкір Әбенұлы. Ақтанберді жырау, Дулат Бабатайұлы, Абай, Шәкерім туған құнарлы, қасиетті өлкенің мұзбалақ жас жыршысы, жыраулар поэзиясының соңғы тұяғы Шәкір ақын.

Ол шығыста нәзирашылдық қанға сіңген дәстүрден ауытқымай, өзі көркем дүниені көркем тілмен, ақынға біткен ұлы махаббатпен наурызда туғандай қайталап жырлап бергені ерекше құбылыс.

Жырдың Жанақ ақын жырлаған нұсқасы жоғалып кеткен, бірақ Бейсембай аузынан Жанақ айтты дейді М.Әуезов өз мақаласында.

 Шөже нұсқасы қысқа қайыруымен ерекшеленеді.

Екі бай аңға шыққан мерген екен,

Алдынан буаз марал ерген екен.

Шөже ақын осы екі жолды әлденеше рет қайталайды. Бұл рефрен аң тағдырдың тосуы, жазмыш тәрізді ұғым тудырып, Шөже ақын осыған екпін түсіре айтады. Шөже нұсқасында көркем шығармаға қажетті күшті детальдар жоқ емес. Қодар Қозының кесілген басын Баянға әкелген соң ол Қодарды алдап құдыққа түсіреді.

Алдында жарық болған ай ма Баян,

Білегіме шашыңды байла, Баян.

Баян жас шашын қиып жібергенде,

Қодар құл құдық түбіне домалады.

Баян қыздың тобығына түскен ұзын шашының қиылуы оның үмітінің үзіліп, ғұмырының қиылуын қоса деректейтін деталь.

Қозыке өлгенде Баян да өлді,

Әркімнің сондай болсын алған жары, –

деп адалдықты дәріптей келе Шөже ақын сөзін тәмамдайды.

Бейсембай жыраудың нұсқасында жырдың трагедиялық негізгі сипаты ескерілмейді, мұнда екі жас қосылып бақытына жетеді. Бұл нұсқада Қарабай бейнесі толыққанды шыққан.

Тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да,

Үйінде сілкіп киер киімі жоқ.

Енді бір мезетте ол Сарыбайға буаз маралды обалына қарамай атқызып, қодығын тыпырлатып бауыздайды.

Сілікпелеп үйге апарып бір жеймін деп.

Қарабайдың жаңа туған бейкүнә нәресте Қозыдан шошынуы оның бейілі тар, көңілі қара жан екенін айғақтай түседі.

Ақымақ шал ақылы жоқ жаман састы,

Қозыдан қорқып итті қара басты.

– Мені жұтар жалмауыз туыпты! – деп,

Тантық шал Бақа айғырға міне қашты.

Жырдағы осы тұс – дүниежүзілік әдебиетке тән көркемдік тәсіл екені анық. Ежелгі грек мифологиясында асарын асап, жасарын жасаған кәрінің жас баланың іңгәсынан зәресі ұшуы туралы сюжет бар. Бірақ онда атасына ажалың немереңнен болады деп көріпкелдік айтылған соң лажсыздан қорғануға мәжбүр. Ақыры қуғында жүріп ер жеткен Персейдің бір сайыста лақтырған дискі аңдаусызда атасы Акрисийге дәл тиіп, сеспей қатырады.

Ал Қарабайдың ішіне шоқ түскендей шошуы оның малқор, дүниеқоңыздығы мен асқан сараңдығының белгісі болса керек.

Осы жырдың барлық нұсқасына тән: Сарыбай өлген мезетте баласы Қозының дүниеге келуі нағыз фольклорлық элемент. Өмір мен өлімнің қас-қағым сәтте алмасуы бір ғана мағынаға сыйып кетеді: әке өлсе, бала сол ғұмырды жалғастырушы. Низамидің «Ескендірнаме» атты поэмасында туу мен өлу қатар, өйткені аңыздың тууы солай басталады. Низами шығармашылығында астрономиялық сипат зор, аспан шырақтарын классификациялау бар болған соң солай.

Қазақ халқының даналығы, философиялық терең көзқарасы балалардың ұғымына сәйкестеп жасырылған мына бір жұмбағынан көрініп тұрған жоқ па:

Тіріден өлі туады,

Өліден тірі туады.

Жұмбақтың шешуі жұмыртқа, жер шары да жұп-жұмыр; өлім мен өмір – мәңгілік шеру.

Қарабай бесіктен белі шықпаған, бұғанасы қатпақ түгілі, қырқынан шықпаған Қозыдан неге шошиды?

Жөргекте Қозы жатыр айдай болып,

Ержеткен Қозының портреті осынау нәресте Қозының бейнесін толықтыра түскен.

Қой шетінде Қозыекең ұйықтап жатса,

Соның нұры мың қойды қылар жарық.

Сүйікті қаһарманның жүзі нұр шашуы таза эпосқа тән, фольклорлық элемент. Ежелгі дүниенің ұлы ақындары бұл әдеби тәсілді құр жібермеген сыңайлы. Фирдоусидің «Шахнамесінде» бұл элемент бар. Қозының алтын айдарлы ұл болып тууы оның фольклордың бел баласы болғандығынан.

Әуелбек Қоңыратбаевтың «Қозы – қой аты емес, «оғыз» сөзінің түбірінен туған» деп жазуы шындыққа жанасады. Егер Қозы деген ат малмен күнелткен халықтың төрт түліктің атауын қастерлеген ұғымынан туып тұрса да, оған христиандық сипат берілуі де ықтимал болар еді. Христиандық теологиялық этимологияда Иисус Христосты «Пастырь овец», «агнец божий» деп атайтыны белгілі, қойдай момақан, қой аузынан шөп алмас жуас деген рухани жетілуді, момындық қасиетті, мүміндікті білдірсе, ол тіпті, ислам дініне де жат ұғым болмай шығады.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында дін элементтері маңызды емес, ол жырдың шығу тегі көне дәуірлерден екеніне мегзейді. Тұрмыс-салт түпкілікті берілген, сондықтан оның негізгі тақырыбын әйел теңсіздігі деп ойлау асыра айтқандық болар еді. Жырдың өзегіне асыл махаббатты мұрат тұту алынған және тән сұлулығы мен жан сұлулығы бір-бірінен ажыратылып, бөле-жара қаралмайды, біртұтас құйылуымен ерекшеленеді.

Бейсембай ақын қазақ поэзиясындағы дәстүрлі халықтық элементтерді қолданған. Мысалы: Сарыбай өлгенде ханымының жаман түс көріп шошынуы, елдің қазаны естіртуі түрі жұпыны болса да тілі шешен тазша балаға жүктеуі және жоқтауды айтыс үлгісінде келтіріп, әлденеше қайыра, сатылай жеткізуі, сондай-ақ, мәртебелі ханым мен тазша бала айтыс арқылы жұмбақ жасыруы.

Жырдың бұл вариантында да Қодар бейнесін сомдауда титтей жанашырлық, сүйкімсіз, дүлей болса да осы да анадан туған адам баласы ғой деу жоқ.

Кәпірдің денесінің бәрі де артық.

Сырт тұрпаты оғаш болса да Қодар шаруаға олақ емес, мығым. Қодар Баян үшін шөлден жүз құдық аршиды. «Низамидің «Хосрау мен Шырын» атты поэмасында Фархад ұста да бір сұлу қызға бола тау қопарып, тас тесуші еді ғой, өзі нағыз ер жігіт. Оның нәсілі кім?» деп Айбас сұрағанда Қодардың бөтендігін, тексіздігін айту үшін Баян:

Қодардың атасы жел, анасы жел,

Кез болған бей далада өзі ғайып, – дейді.

 Баян тәрізді айдай арудың ақ жүзіне кірбің ұялатып, жел болып тигісі бар, торғауыттан адасып жеткен Қодарға обал жоқ, ал жел мен құйын деген ұғымның астарында жын деген сөз алшақ емес сияқты.

Батыс пен Шығыстың классикалық әдебиетіндегі жол идеясы осы жырда бар, ұзақ сапарлату идеясы кейіпкерлердің жан-дүниесін ашуға керек, ол адамшылық мінездің нығаюы ғана емес, ізгілік пен зұлымдықтың тартысын суреттеуге керек.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында осы жол идеясы, сапар шегу туралы сюжет өзгермей сақталған, ер жігіт құдай қосқан жан жарын, өз ошағын табу үшін айшылық сапар шегеді. Гильгамеш туралы эпос, «Иллиада» мен «Одиссея», «Мың бір түндегі» теңізші Синдбадтың басынан кешкендері, Сервантестің «Дон Кихоты» мен Диккенстің «Пиквик клубы», «Ер Төстік» ертегісі, Гогольдің «Өлі жандар» поэмасы, тегінде дүниежүзілік көркем әдебиеттің темірқазығы – жол идеясы жырда тамаша бейнеленуімен құнды.

Тайлақ бидің кенже інісі Айбас сері Қозының қалыңдығын іздеп тауып елге оралған жолын кәдімгі географияық карта десе артық емес.

Эпостың кереметі сонда, ел мен жер біртұтас идея, жер аттарының мағынасы кестелі, дәйекті де өрнекті суреттеледі, топонимика мен поэзия қабысып кетеді.

Бейсембай ақын Қодардың жағымсыз бейнесін жасағанда натурализмге бой ұрмай қалмайтыны күлкілі.

Қоста отырып қымызды көп ішіп ем,

Бұтыма тышып-тышып кеттім тазша!

Орта ғасырлық көркем әдебиетте натурализм, анайылықтан жиренбеу, табиғи дүниені өз атауымен атау Рабле тәрізді классик жазушылардың қаламына дөп стиль екені анық.

Бейсембай жырау жырдың трагедиялық болмысын сақтамағаны, қос ғашықты мұратына жетті деп бұра сөйлеуі халықтың ақ адал жүрегінен шыққан кіршіксіз пиғыл болса да, жырдың о бастағы композициясын бұрмалауға саяды.

Шөже ақын нұсқасында ғой, Қодар дүлейлік қалпынан еш жаңылмайды:

О дүниеде артыңнан еш қалмаспын,

Тікен болып араңа біттім, Баян.

Француз әдебиетінің көне үлгісі, романтикалық әдебиеттің роман жанрының көш басы «Тристан мен Изольда» туралы аңызда да, тірісінде бір-бірінсіз тұра алмаған екі жастың моласының арасына тікен болып алтыншаш Изольданың сүймеген күйеуі бітеді. Бұл мифтік деталь аңыздың трагедиялық сарынын, қуатын күшейте түседі.

Шәкір ақын қайыра сомдаған Қарабай бейнесі дүниежүзілік әдебиеттегі сараң адамдар портретіне қосылған елеулі, шыншыл портрет болып шығуымен маңызды.

Құлқынына сиғандай жер менен көк,

Көрші, қосшы, күң мен құлдарына

Тамшыдай тамызатын рақымы жоқ.

Қарабайдың Қодарға жіпсіз байланып, матасып қалуының бір сыры осында, оның тастай қатты мінезінде болса керек. Бейсембай жырау:

Қодарсыз Қарабайдың көңілі күпті, – деуі де соны аңғартады.

Поэманың өн бойында Қарабай Қарабайлығынан бір танбайды, психологиясы ақталып, іс-әрекет үстінде көрінеді, және сараңдық тұрғысынан оның қасында Алдар көсе жыландай иірілген майлы қазысын, жүні жұлынған қазын, кеудесіне тыққан күлше нанын да есебін тауып жеп кетіп, Бізбикесін алдап алатын шық бермес Шығайбай мінезі мамықтай жұмсақ, өзі жас баладай аңқау, тіпті береген жан болып шыға келетіні даусыз.

Қарабайдың құдіреті Арқаның жонына сыймаған тоқсан мың жылқысында. Поэмада малмен күнелткен халықтың малжанды мінезі көркем бейнеленеді, Шәкір ақын төрт түлікке сұлу бейне салады:

Аю шаш, қызыл өңеш, тебінгі ерін,

Ақбас бура бастайтын түйелерін.

Қарабайдың салтанаты шалқи түседі.

Қодардың портретін Шәкір ақын ұзақ толғайды, ол ертегінің дәуінен бір кем емес.

Торғауытта қолбасшы Қодар батыр,

Батырға мұздан төсек, бұлттан шатыр.

Қызы сұлу деп естіп Қарабайдың,

Ізімен әдейі іздеп келе жатыр.

Ала бедеу астында жылқыдан зор,

Тұяғынан желгенде қазылар ор.

Дәл осы іздегенім деп қуанды,

Алыстан көрінгенде қараны ол.

Бейсембай жыраудан бір айырмашылығы Шәкір ақын Қодар бейнесін орынсыз қаралап, күйе жағуға о баста қарсы екені байқалады. Өйткені Қодарсыз шығарма тұл.

Батырға мұздан төсек, бұлттан шатыр, – дегенде ол Қодарды романтикалық рухта көркейтіп, оны тұлғаландырып, аспандата әсемдендіріп жіберетіні сөзсіз. Көркем бейнені бір жақты бейнелеу шынайы әдебиеттің қылығы болмаса керек. Өз кейіпкеріне адалдық Шәкір ақынның сарқырамадай құйылған сөз тасқыны күшті,  тілі балдай поэмасында бірден білініп-ақ қалады.

Шөлдің образы Қодар образын аша түседі, шөл мен қара дәу бір-бірін толықтыра түседі, екеуі де Баяндай арудың сорына біткен.

Құс ұшып өте алмайтын меңіреу-керең,

Саған сараң бетпақ шөл, маған берен.

Тоқсан мыңың қанатын көл болады

Бетпаққа маңдайымнан бір тамған тер.

Көркем әдебиет гипербола – әсірелей айту мен литота – кішірейте айтуды жаны сүйеді. Ертегінің элементі әдеби жанрлар өсіп-өркендеген сайын көрікті бола түсетіні оған айғақ.

Шәкір ақында эпостың лирикамен шектесер тұсында таңғажайып көркем сөз иірімдері баршылық. Соның бірі Қодар мен Баянның бір-бірін алғаш рет көргенде іштерінен серт қылуы. Жер мен көктей шалғай, от пен судай жаны қас, ақ пен  қарадай кереғар, жендет пен құрбандық тәрізді қасіретті тілектер со замат шарпысады.

Сені алмасам құрысын Қодар атым, – дейді дәу.

Жер жұтсын деп болғанша саған қатын, – деп серт береді Баян.

Жырдың композициясына елеулі қосулар қоспаса да, Шәкір майда қоңыр желіспен, сипай қамшылаған салтаттыдай, жырдың тігісін қалдырмай түгел ақтарады: адамның психологиялық бейнесін беруде алдына жан салмайды.

Баянның сұлулығы Қодарға дерт,

Қодар дерті Баянның өміріне мерт.

Осы жерде әлмисақтан бергі дүние әдебиетінде жырланып келе жатқан эрос пен танатос идеясы Шәкір жыраудың екі жолына тұтас сыйып тұр. Әлем әдебиетінің алтын діңгегі осы, күні бүгінге дейін мыңдаған авторлар өліп-өшіп жырлаған антитеза осы: сүйіспеншілік пен өлімнің бір-біріне етене, құпия құбылысы. «Даже в смерти эротизм является утверждением жизни. Грех же, или то, что мы так называем, вытекает, прежде всего, из его причастности к смерти. И в тот момент, когда к тем, кто соединен узами чувств, совсем близко подходит смерть, готовая поразить их, муки разобщенной любви превращаются в точный символ последней истины любви», – деп жазды француз жазушысы, философ, өнертанушы Жорж Батай (1897-1962) «Әдебиет және зұлымдық» атты философиялық еңбегінде.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында осы ақиқат дөп сияқты, сүйіспеншіліктің, құмарлықтың күштілігі сонша, оның құдіреті жайпап қиратып жібереді, яғни өліммен тең.

Мұндағы коллизия бір-ақ ауыз сөзбен түйінделеді.

Баян қыз сүймесе де Қодар ғашық.

Ләйлі-Мәжнүндік рухани қабысу идеясы жат мұнда. Махаббат тұтқыны Қодар басыбайлы құлға айналған, бірақ ол қауіпті құл, көтеріле қалса Қарабайды шауып алатын, есіктегі басым төрге озар деген есек дәмемен құлдыққа көнген жан, мерзімді уақытты тосып жүрген озбыр.

Жүре алмай шөлде қалған құлын-тайын,

Ерінбей суарады меспен тасып.

Маркстік теорияның негізіне салсақ, Қодарды Қарабайдың жақтауы ақталып-ақ тұр: ол шаруаға мығым, көшпелі алпауыттың күшті қорған-қамалы бір өзі. Бірақ Қодарды Қодар ететін еңбегінен бұрын оның біреудің қалыңдығына құмартуы болса керек.

Егер ол «Бай – жарлының азығы, жарлы – байдың қазығы» деген мақалды ақтап тұрса, әлдеқайда бақытты, шат-шадыман күй кешер еді. Шын мәнінде Қодардың Қарабайға сіңірген ерен еңбегі жанкешті құлдан да, ата қамын жеген адал сүт емген ұлдан да артық екені рас. Шырқ бұзар сергелдең де сол.

Әуе айналып жер жанған ыстық күнде,

Қорқынышты, жаңбырлы, жайлы түнде.

Күндіз жылқы суғарып, түнде бағып,

Бір тыныштық тапқан жоқ Қодар мүлде.

Ерте тұрып кетеді озып көштен,

Жан емес түнде ұйықтап, белін шешкен.

 

Өлшеусіз Қодарыңда қайрат ерен,

Бетпақтан құдық қазды нелер терең.

Тамшы су тамызбайтын меңіреу шөл,

Қодардың қайратымен болды берен.

Қарабай мал жанымен соңына ерген,

Қыз үшін қисапсыз көп бейнет көрген.

Шәкір ақын тамаша адами портрет сомдайды. Қиянаты күшті ауыр еңбекті өз еркімен мойнына артқан мына ер кім деп сұқтансаңыз, ол – Қодар. Адамзаттың ежелгі мифологиясында, өркениет, мәдениет әкелуші каһарман (культурный герой) деген ұғым бар. Алғашқы адамдарға от, еңбек құралдарын, дәнді дақылдарды әперген, оларды аңшылыққа, қолөнерге, өнерге үйреткен жанашыр қаһарман, жақсылықтың көзі.

Бірақ, халықтың санасынан өшпейтін көркем де құдіретті трагедияның ішкі иірімі мен ғаламдық қуаты сонда, Қодар қара күштің ғана иесі, ол үйлесімді дүниенің шырқын бұзушы бұзық, дәлірегі Баян қыз үшін нұрлы жарық дүниеге ши жүгірткен антұрғанның нақ өзі. Баян үшін Қодардың барынан жоғы артық. Бірақ трагедия үшін ол қажетті персонаж. Ол мүдделер қақтығысы үшін, сүйіспеншіліктің аңызға айналуы үшін керек. Қодардың Иуда Искариот тәрізді сатқын роліне үкім етілмегі сол себепті.

Низамиде Фархад ұста жартасты қашып, гүлзарларға су, Шырынның қорғанына сүт ағызбаушы ма еді. Сондай тамаша кейіпкермен терезесі тең Қодардың оқушы жүрегінде аяушылық, мейір тудырмайтыны, оның лағнет арқалайтыны несі? Трагедияның асқан құдіреті осыдан келіп шығады.

Қодарды Қодар қылған екі ірі себеп. Бірі – оның түбі бөтендігі, қаны басқа. Қодар жат, оның тұқымы торлауыт, қазақтың ата жауы қалмақтың бір руы. Бабалар өсиетінде бар сөз: «Жатқа ұрпақ бермеңіз!».

Екінші себеп: Қодар – құл, шұнақ құлақ қара құлдан оның несі артық? Істеген қылығы да құлдың әрекеті. Баян сұлудың қиялында әлпештеген ақ мырзасы тұрғанда, алтын айдарлы Қозы, періштедей көркем Қозы тұрғанда Қодарға не жорық? Ол сондықтан да көзге шыққан сүйелдей болып, тым жексұрындана береді. Әрі екі жастың бақытына кедергі болуға жаралған Қодар екені аңғарылмай қалмайды. Қодар бейнесі қат-қабат, трагедиялы болуында қапы жоқ.

Қодардың өзі кесек, ісі кесек.

Шәкір ақын оған күйе жаққысы жоқ, іші ашитындай ма, қалай?

Түрегеліп көз салып төңірекке

Көңілімен отырды Баян қызды ап.

Құлдың патша болуды аңсауы, арыстанның айға шауып мерт болуы тәрізді ащы, шым-шытырық тартыс дамиды. «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршынды алам деп өрекпіген Ұлтан құл бейнесі Қодармен бір тектес, екеуі де қарғысқа ұшыраған кейіпкерлер. О баста Қарабаймен шарт байласқанда Қодардың кергуі бар:

Асыранды алмаймын қыздарыңды,

Ақ Баянды берем деп уағыда бер.

Соған есірік Қарабай не деп жауап беруші еді:

Егерде жайлы қоныс тауып берсең,

Жиырмаға келген соң беруім хақ.

Сонда Қарабай құдаласпай-ақ, тілі ащы құлдың билігін сұрап масқара болып тұрғанын елең етпейді.

Қазақ әдебиетінің алтын қазығы, ол – мифтік сананың мықтылығы, жаратылыспен етене өскен бала мінез халықтың табиғатқа тым бейімдігі, оның еуропалық отырықшы халықтарға ұқсап табиғаттан суынып, безініп, алшақтап кете қоймаған пәк көңілі. Сонда қазақтың ертегісі мен эпосы бір анадан туғаны білініп қояды. Қазақтың ең ұлы ертегісі «Ер Төстікте» де баласының сорына әкесі себеп, шығасыға иесі басшы болушы еді ғой.

Басқа шығарма болса өтінем жазыңызшы
Мінеки:

Сен де бір кірпіш дүниеге...

Иә, жарық дүниеге келген әрбір саналы адамның парызы - өмірден өз орнын табу, адам деген ардақты атына сай өмір сүру. Тағдырдың әркімге әрқилы сыйы сол, біреулер өзінің қабілетіне, қалауына, мінез-қылығына, дүниетанымына, біліміне сәйкес мамандықты меңгермей, мақсат-мүддесіне жете алмайды, екінші біреулер таланты мен талғамына, талабы мен таным-түсінігіне сәйкес мамандықты меңгерсе де, тірлікте жолы болмайды. Кейбіреулер, керісінше, өмірде жолым болды деп өмірдің қызығымен біте қайнасып жатады.

 
 
Өмірде түсе көрме қисық жолға
Қисық жол апарады терең орға.
Түскен соң терең ордан шығу қиын
Сондықтан өміріңді терең ойла, - деп сөз басын Абай атамыздың өлеңімен бастағанды жөн көрдік.
Не үшін өмір сүреміз? Қалай өмір сүремін? Мен не үшін өмір сүріп жатырмын? Осы бір сұрақты он жасар, елу жасар, тіпті жүз жасқа жеткен қарияға қойып көріңізші, барлығы бірдей жауап берері анық: "Өмір деген зымырап өте шықты, барлығы түс сияқты". Бұдан неге бір қорытынды шығармасқа, біздің 20, 50 не 70 жылымыз да байқалмай зымырап өте шықты. Қалғаны да өте шығар. Ары қарай не болады? Мен не үшін өмір сүріп жатырмын?
Өміріміз ыдысқа құйылған құм тәрізді қас қағым сәтте өте шығар. Қазір, мен бүгінгі күннің тірлігімен өмір сүріп жатырмын... Бірақ, уақытты тоқтату біздің құзырымызда емес, тек қиялдаймыз, армандаймыз. Ертеде ата-бабаларымыз айтпақшы 1 ғасырымыз - 1 жылдай, 1 жылымыз - 1 айдай, 1 - айымыз - 1 аптадай, 1 - аптамыз - 1 күндей, 1 - күніміз - құрма ағашының жапырағының жанып кеткеніндей зу-зу өтіп жатыр.
Тағыда шығармалар жоқпа шығармалар сайты барма барлық шығармаларды сол жерден тауып алатындай
...