0 дауыс
Өткен өмірдегі жағымсыз естеліктерді қалай ұмытуға болады? Көмектесініздер достар.
14.02.2015 1.9k қаралым

3 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Оларды ұмыту әрине қиын. Сіз жаңа өмірді жаңаша тұрғыда бастағаныңыз дұрыс деп ойлаймын. Әйтпесе, өткен күннің риясыз естеліктерін жадтан шығару - өте қиын ғой
14.02.2015
+1 дауыс

Өткен өміріңді ұмытуға тырысқан сайын, ол соғұрлым есіңде тұрады. Сондықтан ұмытуға тырыспа, ойлай берме.

  • Алдымен сол затты, естеліктерден құтылу керек, мысалы өткен өміріңіздегі жағымсыз оқиға болған жерден жүрмей  басқа жақпен айналып жүріп көріңіз.
  • Уақыт-емші дейді. Күтіңіз.
  • Айналаңыздағы обстановканы өзгертіңіз. Басқа қалаға барыңыз, басқа жұмыстармен айналысыңыз.

Айтуға оңай әрине. Бәрі өзіңіздің қолыңызда.

14.02.2015
0 дауыс
Өткен өмірді ұмыту үшін жер ауыстырып,қоршаған ортадағы адамдарды өзгерту керек деп ойлаймын. Басқа адамдармен араласып көріңіз. өткен өміріңізді ойлауға уақыт таппайтындай басқа іспен айналысыңыз.
14.02.2015
127,962Сұрақ
322,896Жауап
153,169Пікір
73,018Қолданушы