0 дауыс
1.9k көрілді
Семья курганымызга 6 жылдан асты. ел катарлы тиршилигимиз бар.Бир баламыз бар. Екеуимзде жумыс жасаймыз,табысымыз бар. Суык журистен аулакпыз. Бирак аракатынасымыз тусиниксиз. Оз басым куйеуимди унатам,жек кормеймин,ал онын тарапынан ешкандай жылулык жок. Кызмет жасап каражат тапканым гана кызыктыратын сиякты. Коп нарсе талап етпеймин. Бир мысал ауырып калсам да мен ушин киналып, жанашырлык танытпайды.сонысына кынжылам. Менин ишки жандуниеммен шаруасы мулдем жок. Сыйластыкта жок сиякты.Себепсиз балагаттап та жиберед. Бирак урып соккан емес.Ер азаматым ретинде арка сүйеп,  тусинистик жасайды деген сенимнен калдым. Не истесем болады.айел ретинде бир уакыт еркелеп,бейкам омир сургим келеди. Арыкарай бирге омир сурудин мани барма жок па?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мәні жоқ,бар деп нақты айта алмаймыз. Себебі сіздің жағдайыңызды өз көзімізбен көрген жоқпыз. Негізі күйеуіңіз сізді ұнатпайтын сияқты. Енді өзіңіз жақсы көрсеңіз, өзіңізді ұнататындай қылықтар,т.б. жасап көріңіз. Енді суық қарады деп айырысып кетпейтін шығарсыз?
+3 дауыс
Балаңыз үшiн шыдайсыз басқа амал жоқ, күйеуi ұрып соғатын келiншектерде шыдап жүр сiздiкi оның алдында айналайын болып тұр. Балаға әке керек. Өз басыңызды ойлап баланы тiрi жетiм қалдыруға болмас...
Күйеуі ұрып-соқпайтын әйелдің өмірі айналайын болатын жағдайға жеткенбіз бе?! Сонда таяқ жемесе болды бақытты болғаны ма? Заман не боп барады деймін ау...
Аспаннан салбырап түстiң-ау деймiн кеше... Жауапты оқып, маңызын шағып сосын, пiкiрiн қоссада адам... Күйеуi ұрып соғатын келiншектерде шыдап жүр сiздiкi "оның алдында" айналайын болып тұр дедiм. Әлде күйеуi ұратын әйелмен, ұрмайтын әйелдiң деңгейi сен үшiн бiрдейме? Бақыт туралы не үшiн айтқаныңды түсiнбедiм...
0 дауыс
Әрдайым жылы қабақ танытып өзіңіздің сезіміңіз суымағанын байқатыңыз. Ер адамдар егжей-тегжейіне дейін не керек екенін айтпасаңыз, өздері мән бермеуі де мүмкін ғой. Өзіңіздің қалауыңызды орайын тауып, жылы сөзбен ашық айтып көріңіз. Жылы жылы сөйлесе жылан інінен шығады демей ме?

Ұқсас сұрақтар

...