0 дауыс
4.3k көрілді
Әлемге кеңінен танымал электр энергиясын шығаратын Бу және Газ турбинасын кім ойлап тапты. Бұл турбиналардың жұмыс жасау принципі қалай?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Турбина (фр. turbіne, лат. turbo – құйын, үлкен жылдамдықпен айналу) – айнымалы қозғалысқа түсетін жұмыстық тетігі (роторы) бар әрі жұмыстық дененің (бу, газ, су) кинетикалық энергиясын механикалық жұмысқа үздіксіз түрлендіріп отыратын қозғалтқыш. Турбиналар әсер ету принципі бойынша активті Турбина және реактивті Турбина, құрылымына байланысты – бір сатылы және көп сатылы болып бөлінеді. Стационар бу және газ Турбинасы турбогенератордың, центрден тепкіш компрессор мен ауа үрлегіштің, қоректендіру, май және отын сорғысының жетегі ретінде пайдаланылады. Көліктік бу және газ Турбинасы кеме қозғалтқышы ретінде қолданылады. Сондай-ақ газ Турбинасын авиац. қозғалтқыш ретінде, кейде локомотив пен арнаулы автомобильдерде автомобильдерде де пайдаланады. Гидравликтік Турбина СЭС-терде электр тогының генераторы қызметін атқарады (Бу турбинасы, газдық турбина). Турбина қазіргі кезде дүниежүз. энергетикадан піспекті (поршеньді) бу машиналарын іс жүзінде ығыстырып шығарды.
кім ойлап тапты?
...